«қоғамныңбарлықтоптарынтеңқұқылыбілімберумүмкіндігіменқамтамасызетужәнеөмірбойыоқыту,тұрақтыдамытумақсатындабілім берудіқолдаудыңбастықағидасыретіндеқарастыруғаболады».Сонымен бірге, мүмкіндіктері шектеулі балалар біртекті топ емес. Оларды жалпы жіктеу қағидасы бойынша жынысына, экономикалық жағдайына, этникалық тобына немесе олардың үйлесімділіктеріне қарай жіктеуге болады. Осы балалардың осы топтардың біреуіне немесе бірнеше топтарына жатуы қиындықтарды арттырады, сондықтан білім беру құқығын жүзеге асыру үшін қаржы бөлгенде осындай көптеген әлсіздіктерді есепке алу қажет болады [34].
Зерттеу жұмысымызда инклюзивті білім беру процесінің өзге дамыған мемлекеттердегі жағдайына тоқталып көрелік.
Әлемнің көптеген дамыған елдерінде (АҚШ, Ұлыбритания, Швеция, Германия, скандинавия елдері) ерекше қажеттілігі бар балаларға білім беруді дамытудың негізгі үдерісі кіріктірілген (инклюзивті) білім беру болып табылады. Жалпы білім беру процесіне тартылған балаларға арнайы қосымша жағдай жасалады, оқытуды жеңілдететін көмек және қолдау көрсетіледі.
Елдердің әрқайсысы білім берудің жан-жақты, кіріктірілген моделін құруды мәлімдейтін жеке кіріктіру моделдерін жүзеге асырады.
Соңғы жылдары шет елдерде «кіріктіру» түсінігінің орнына «енгізу»
(inclusion)түсінігі пайда болды. «Инклюзивті білім беру» түсінігі ерекше
қажеттілігі бар оқушыларды өз құрдастары оқитын мектептерде оқыту формасын ұсынады. Енгізу ерекшелікке және нәсілшілдік, жынысына қарай басқадан артықшылығына және т.б. сенімділік сияқты әлеуметтік ауруларға қарсы күресті білдіреді. Енгізу оған мұқтаж болған, қандай формада болмасын оған қажетті қолдау кепілділігін қамтамасыз етуді білдіреді.
Азаматтық қоғам, өз кезегінде, қоғамдық қатынастар жүйесінде ізгілік пен толеранттылықты бекітуге мүмкіндік беретін адамдарды қорғау құқығы бойынша әлеуетті жүзеге асыра алады. Екінші жағынан, қоғам қабылдау стереотипін психологиялық сияқты материалды-техникалық (пандустардың, көтергіштердің, жабдықталған дәретханалардың, жарықтық және дыбыстық сигналдардың, Брайл шрифіндегі жазбалар, естімейтін және жартылай естімейтіндер үшін ұжымдық және жеке қолдануға арналған дауыс күшейткіш құралдары, көрмейтіндерге арналған оқыту кешендері және т.б. болуы) инклюзивті білім беруге дайын болуы қажет.
Сонымен, 1961-жылдан 1980-жылға дейін Швецияда және басқа да скандинавия елдерінде мұғалімдермен, ата-аналармен, бүкіл халықпен интеграцияны анықтау және меңгеру туралы ірі әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жүргізілді. Бұл өкімет органдарымен реттелмеген көптеген жеке бастамалар қозғалысы болды. Мұнда, АҚШ сияқты, елдің тиімді әлеуметтік және экономикалық дамуымен, социал-демократиялық қозғалыстардың бастамашылығымен және қолдауымен интеграция біртіндеп
«төменнен» өсті.
Ел интеграция феноменін (20 жылға жуық уақытты қажет ететін) негізінен іс жүзінде және моралдық тұрғыдан меңгергенде ғана, ол шынайы заңдастырылған болады: 1980 жылы денсаулық мүмкіндігі шектеулі азаматтардың арнайы білім беру құқығын қамтамасыз ететін кемсітушілікке қарсы заң қабылданды.
Финляндиядаинклюзивті білім беру заңнамалық деңгейде бекітілген және балаларды қоспағанда бәріне білім (келімсектер, шалғай аудандардың балалары, ұлттық азшылық топтар, мүмкіндігі шектеулі және т.б.) қолжетімді болуы тиіс, жалпы білім беруді дамыту мен үнемі жетілдіру процесі ретінде пайымдалады. Мұнда инклюзивті білім беру 20 жыл көлемінде дамуда және маңызды ғылыми зерттеулермен қолдау жасалған. 2008 жылы ресми түрде Инклюзивті білім беруді дамыту тұжырымдамасы арқылы инклюзия саясаты бекітілді. Сонымен, ұлттық оқу жоспарына көпшілік мектептерде ДМШ (Даму мүмкіндігі шектеулі) тұлғаларды кіріктіріп оқытуды қамтамасыз ететін арнайы өзгерістер енгізілді.
Сонымен қатар, ата-аналар мен педагогтерден ДМШ білім алушыларды сүйемелдеу мен қолдауды ұйымдастыратын жеті мемлекеттік оқыту-кеңес беру орталықтарынан тұратын жүйе бар. Орталық қызметкерлерімен ДМШ балаларды оқыту бойынша орталықтың өзінде ұйымдастырылатын ұзақмерзімді курстар, әдеттегі мектептер базасында қысқамерзімді курстар, сонымен қатар мастер-кластар өткізіледі.
Осы орталықтардың орналасуының біркелкі еместігіне және ДМШ балалар туралы біртұтас ұлттық мәліметтер базасының жоқтығына
байланысты балалардың орталыққа кеш түсуі мәселелердің бірі болып табылады. Инклюзивті оқытуды жүзеге асыру үшін елде арнайы кадрларды даярлау ұйымдастырылды. Сонымен, Лапланд университтетінде мұғалім болуды қалайтын кез-келген мамандарды оқытуға арналған
«Оқытушыларды оқыту» арнайы курсы (60 кредит) әзірленді.
Муниципалды деңгейде инклюзия білім алушылардың екі тобынан (әдеттегі дамыған мектеп оқушылары және ДМШ балалар), екі педагогтен (кейде оларға арнайы педагог немесе ассистент қосылады) құралған бір сыныптағы жұмыс формасында жүзеге асуы тиіс. Осындай біріктірілген сыныптардағы балалар саны 25 оқушыға жетуі мүмкін.
Білім алушыларды қолдау келесі түрде жүзеге асырылады: ДМШ балалар мектепке тұрғылықты жері бойынша түседі. Онда осындай балалармен мамандар командасы (директор, мұғалім, арнайы педагог, мұғалімнің көмекшісі, медбикелер) жұмыс істейді. Бұл топ нақты баланың мәселесін талқылау үшін жиі жиналады. Мәселе туындаған жағдайда ата- аналар мен мұғалімдер психологқа жолығуы қажет.
Сонымен инклюзивті оқыту әдеттегі көпшілік мектептерде арнайы сыныптардың болуымен жүзеге асады. Осындай арнайы сыныптарда әдеттегідей ауырырақ немесе күрделі бұзылыстағы балалар оқиды. Олармен 2- 3 арнайы педагогтер және ассистент жұмыс істейді. Балалар саны – 10 адамға дейін болады. ДМШ әр баланың өз жеке оқыту жоспары бар. Көпшілік мектеп педагогтерінде кездесетін негізгі мәселелер инклюзивті оқыту тәжірибесін әдістемелік қолдаудың жеткілікті әзірленбегендігі болып табылады. Финляндияда әзірленген ДМШ балаларды қолдаудың жаңа және перспективалы формасы мұғалімдердің өзара әрекеті және тең мұғалімдік болып табылады.
Финляндияның Ұлттық білім беру стандарты ерекше икемділігімен ерекшеленеді, сонымен болашақ педагогтерді даярлаудың финдік бағдарламасында жұмыс істеу қажет болатын, арнайы контексте бейімделген оқыту әдісіне басымдық беріледі. Стандартпен балалардың білімді әр түрлі жылдамдықта меңгеруі танылады, бірақ нәтижесінде олар мүмкін болатын жоғары талаптарға сәйкес болуы қажет.
Фин педагогикаларының ізгілік бағыттылығы, еркін тәрбие идеясы, оқытуды жекелендіру тұжырымдамасы өз кезегінде жалпы мектептік жүйеге арнайы қажеттіліктегі балаларды ауыртпалықсыз кіріктіру үшін жағдай жасайтын оқушыларды жеке табиғи түрде қолдаумен қамтамасыз етілген [35].
Финляндияда арнайы қызметкерлердің қатысуымен балаларды әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық қолдау жоғары деңгейде жүзеге асырылады: арнайы педагогтар, мектеп психологы, мектептің әлеуметтік педагогы, мектеп дәрігері, мед бике және балалардың жеке білім беру бағытын әзірлеу жөніндегі консультант, жеке көмекші.
Сыныпта мұғаліммен бірге ассистент және дефектолог жұмыс істейді. Финляндияда «араласуға жауап беру» (ағылш. Response to Intervention, RTI) үш қолдау түрін көздейтін: жалпы, күшейтілген және арнайы [35]. Қазіргі финдік білім – әлемдегі ең үздіктердің бірі болып табылады.
И. Г. Елисееваның айтуынша, Финляндияда қабылданған инклюзивті білім беру тұжырымдамасының негізгі ережелері келесідей болып табылады:
барлық балалар өз мүмкіндіктеріне сәйкес негізгі мектепте оқиды. Әр адам білім беру үдерісінде өз міндеттерін шешеді.
Арнайы педагог қана емес, барлық мектеп ұжымы оқушылардың мәселелерін шешуге қатысады.
Педагогикалық процесте мұғалімдер оқытудың жалпы және арнайы әдістері мен тәсілдерін қолданады.
Баланың оқу проблемалары мен педагогтің дидактикалық мәселелері командалық тәсіл арқылы шешіледі.
Дамуында айқын ауытқуы бар балалар тұрғылықты жері бойынша жалпы білім беретін мектепте: арнайы сыныпта немесе жалпы сыныпта оқиды.
Мамандар ата-аналарға баланың қандай жағдайда жақсы болатынына байланысты кеңес береді. Ата-ана баланың қай сыныпта оқитынын таңдайды.
Ауыр ауытқулары бар балалар арнайы мектептерде оқиды.
Мүгедек балаларға оқу құралдары мен қажетті жабдықтар мемлекет есебінен беріледі. Жалпы білім беретін мектеп педагогтары пайдалануға үйретеді.
Жалпы білім беретін негізгі мектепте арнайы педагогтар, мұғалімнің көмекшілері, әлеуметтік қызметкерлер, медбике бар.
Барлық мамандар біртұтас команда ретінде жұмыс істейді, командалық жұмыстың құзыреті өте жоғары және педагогтарды университетте оқытады.
Арнайы көмек эмигранттарға да көрсетіледі.
Олар алдымен математика мен фин тіліне баса назар аударылатын даярлық сыныбында оқиды. Даярлық сыныбында оқыту ана тілінде жүргізіледі. Содан кейін оқушы жалпы білім беруге ауыстырылады.
Швецияда ДМШ балалардың көпшілік мектептерде оқу құқығы заңнамамен бекітілген. Сондықтан мемлекет осындай мектептерге әлеуметтік және қаржылық қолдауды жүзеге асырады. Университеттерде мұғалімдер даярлаудың барлық бағдарламаларында арнайы білім беру бойынша міндетті курстар (15 кредит) бар.
Муниципалды деңгейде ДМШ балаларды әдеттегі сыныптарға алу тәжірибесі бар, сондықтан, олар аптасына бірнеше сағат арнайы педагогтермен жеке топтарда дайындалады. Педагогтер өздерінің негізгі міндетін баланы ол толығымен әдеттегі сыныптарда оқи алатындай етіп дайындау деп санайды. Мектепте ДМШ балада қандай да бір мәселе туындағанда, жағдайды қарап және шара (ауруханаға емделуге жолдама беруге дейін) қабылдайтын комиссия (педагогикалық кеңес) жиналады. ДМШ балалар оқитын сыныптарда және топтарда екі арнайы педагог жұмыс істейді.
Швецияда инклюзивті білім беруді дамыту бірнеше кезеңде жүзеге асырылды:
Дені сау оқушылар мен мүгедектердің білім алуы (1842-1879 жж.).
Ең төменгі оқу курсынан арнайы сыныптар мен мектептерге көшу (1879-1946 жж.).
Арнайы сыныптарды кеңейту және мүгедектерді оқытуды қалыптастыру.
Қалпына келтіру саясаты (1950-1990 жж).
Қоғамның мүгедектерге және олардың білім алуына қазіргі көзқарасы (1994 ж. – қазіргі уақытқа дейін). (1946-1950 жж.) [36].
Нормаландыру теориясының негізін қалаушылардың бірі Б. Нирье нормаландырудың сегіз қағидатын әзірледі: 1) қалыпты күн тәртібі; 2) өмір сүру; 3) жылдар; 4) қарапайым үйреншікті өмірлік тәжірибе алу мүмкіндігі; 5) ақыл-есі кем адамдардың таңдауы мен тілегі мүмкіндігінше ескерілуі және оларды құрметтеуі тиіс; 6) екі жынысты әлемде тұру; 7) қалыпты экономикалық стандарт құқығы; 8) физикалық шарттар стандарты.
Б. Нирье атап өтті:
Ақыл-ой кемістігі бар мүгедек өзі тұрып, киініп, тамақ ішіп, қалауы бойынша ұйықтап, бір сөзбен айтқанда қалыпты адам ретінде күн тәртібін жүргізуі мүмкін дегенді білдіреді.
Ақыл-есі кем мүгедек қалыпты адам сияқты өмір сүруге мүмкіндігі
бар.
Ақыл-есі кем адамдар жылдың кез-келген уақытында саяхат жасауға
құқылы.
Қарапайым өмірлік тәжірибе алу мүмкіндігі.
Даму мүмкіндігі шектеулі балалар қалыпты адам ретінде өмір сүруге мүмкіндіктері бар [30].
Швед мектептерінде оқытудың бейімделу әдістері мен құралдарына көп көңіл бөле бастады.
Бұл кезең инклюзив, яғни мүгедектерді толыққанды өмірге белсенді түрде қосу саясатымен сипатталады. Бүгінгі таңда денсаулығы шектеулі балалардың 80%-і қарапайым мектептерге барады, олар үшін арнайы білім беру бағыттары әзірленді. Ерекше білім беру қажеттілігі бар барлық балалар кәдімгі балабақшаларға барады. Алайда көру мен естудің толық жоғалуынан немесе қатты төмендеуінен, сөйлеу мүшелерінің кемістігінен немесе ақыл-ой дамуының тежелуінен қалыпты мектепке баруға мүмкіндігі жоқ балалар үшін арнайы мектептер бар [36].
Швецияда орта білім тегін. Мемлекет есебінен оқушылар ыстық тамақпен, оқулықтармен және кеңсе заттарымен қамтамасыз етіледі. Жеке мектептер де бар, мемлекеттік мектептердің оқушыларымен салыстырғанда оқушылардың білім деңгейі жоғары емес.
Арнайы білім берудің (SIH) шведтік агенттігі кеңес беруге және отбасы мен мектептерді қолдауға жауап береді, оқу пәндері бойынша ұсыныстар береді, ерекше мұқтаждықтағы балаларды оқытуды тиімді ұйымдастыруда муниципалды өкіметке көмектеседі. Швециядағы инклюзивті білім беру барлығы үшін білім беруге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге
арналған, сонымен қатар, әлеуметтік қарым-қатынастағы адам құқығы тұжырымдамасы аясындағы басты принцип ретінде қабылдады [36].
Норвегияда ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғалар үшін білім берудің қолжетімділігі туралы Заң бар. Сонымен қатар, ДМШ балалар үшін жеке категорияларға (ерте жастағы балалар аутизмі синдромындағы, есту, көру және т.б. бұзылыстағы балаларға) көмек беруге маманданған мемлекеттік орталықтар бар.
Инклюзивті білім беруді жүзеге асыру үшін педагогтерді даярлау университеттерде жүзеге асады. Болашақ педагогтер инклюзивті оқытуға арналған бөлімі бар арнайы педагогика курсын оқу мүмкіндігіне ие болады, сонымен қатар, оларға тәжірибеде Еуроодақ елдеріндегі инклюзивті білім беруді жүзеге асыру тәжірибесімен танысуға мүмкіндік беріледі. Инклюзивті оқыту жүйесіне муниципалитеттер (олардан мектептер әлеуметтік және қаржылық қолдау көреді) жетекшілік етеді [36]. Сонымен, Норвегиядағы инклюзивті білім беруді дамытудың негізгі перспективасы инклюзивті оқытуды әдістемелік қамтамасыз етуді әрі қарай дайындаумен, ДМШ бар әр түрлі категориядағы балалармен түзету жұмыстары мазмұнын тереңдетумен байланысты.
Францияда азаматтар құқығы мен мүмкіндігінің теңдігін қамтамасыз ететін, соның ішінде білім беру саласында бірқатар заңдар қабылданған. Мемлекет ДМШ балалардың білім беру ортасына табысты бейімделуі үшін жағдай жасауды, қаржыландыруды, қажетті техникалық құралдарды қолдану және мамандар жұмысының (жеке және ұжымдық кіріктіруге арналған мектептік қолдаудағы мұғалім көмекшілері) төлемін қоса қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, көпшілік мектептерде оқитын ДМШ балаларды қолдауға арналған мемлекеттік ресурстық орталықтар бар. Инклюзивті білім беру үшін мұғалімдерді даярлау университеттерде жүзеге асады. Қазіргі уақытта Францияда муниципалды деңгейде инклюзивті оқыту екі формада ұсынылған:
ДМШ балалар әдеттегі сыныптарда басқа балалармен бірге арнайы маманданбаған мұғалімнің жетекшілігімен оқиды (бұл сынып «мектептік инклюзия» деп аталады);
ДМШ балалар мүгедек балаларға арналған арнайы сыныпта арнайы мұғалімнің жетекшілігімен оқиды («педагогикалық кіріктіру сыныбы»).
Арнайы педагогтер, әдеттегідей, ресурстық орталықтарда жұмыс істейді және кестеге сәйкес орталыққа бекітілген барлық оқушыларға барады, оларға және мұғалімдерге қажетті көмек көрсетеді. Балаға «мектептік инклюзия сыныбынан» толық жеке инклюзияға өтуіне мүмкіндік беретін инклюзия уақыты біртіндеп көбейеді.
Франция педагогтері инклюзияның осы формасы көру және қимыл- қозғалыс аппараттары бұзылысы бар балалар үшін өте тиімді деп есептейді. Бірақ естімейтін және ақыл-есі кем балалар үшін ол мүлде қолайлы емес болып табылады. Бұл категориядағы балалар үшін ашық жүйедегі, уақыт өте келе және көп уақытты талап ететін, қажетті сүйемелдеу мен тексеру үшін
орта және жоғары сынып оқушылары қажеттілігі бойынша біріктіретін, педагогикалық кіріктіру сыныптары ашыла бастады.
Әр мүгедек оқушы үшін мектептік оқытудың жеке жоспары әзірленеді. Ол мектептік процестің өту жағдайын, сонымен қатар, баланың ерекше қажеттілігіне барабар педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік, медициналық іс-шараларды анықтайды. Франциядағы инклюзивті білім беруді жүзеге асырудың негізгі мәселелері инклюзивті тәжірибені әдістемелік қолдауды әзірлеу, қажетті кадрлармен жеткіліксіз қамтамасыз етілу болды.
Хорватия мен Оңтүстік Африка сияқты жас дамушы елдерде инклюзивті білім беру кеңінен қолдануда. Бұл инклюзивті білім беруді ұйымдастыру, мұғалімдерді оқытуға инновациялық тәсілдерді іздестіру, сондай-ақ өзін-өзі дамыту және жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету жолдарын анықтау қажеттілігін тудыртады. Хорватияда инклюзивті білім беру 1991 жылы Білім туралы Заң қабылданғаннан кейін енгізіле бастады. Бүгінгі күні Хорватияда бастауыш мектептердің 72,6 проценті инклюзивті білім беру бағдарламасы бойынша оқытылады.
Республикада инклюзивті білім берудің мол тәжірибесі жинақталған. Мемлекет инклюзивті білім беруді жүзеге асырып отырған мекемелерді қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Мектептер білім беру интеграциясының әртүрлі үлгілері мен бағдарламаның үш түрін ұсынады: жеке жұмыс жоспарының талаптарына сәйкес жалпы орта, арнайы және бейімделген білім беріледі, мүмкіндігі шектеулі оқушылардың мектепке баруы үшін тасымалдау көлігі және көмекші, ерекше білім қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыс жасайтын мұғалімдерге қосымша сағат, арнайы оқу құралы, емтихан материалдары берілді [36].
Оңтүстік Африкадағы инклюзивті білім беру 1994 жылы алғашқы демократиялық сайлаудан кейін дамыды. Барлық азаматтардың, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың білім алу құқықтары туралы жарияланды.
Осы мақсатпен 1996 жылы білім беру мен оқытуда ерекше қажеттілікке ие азаматтар үшін Ұлттық комиссия (NCSNET) және білім беруді қолдау туралы Ұлттық комитет (NCESS) құрылды.
Инклюзивті білім беруді таратудың көмекші орталықтары бар. 2001 жылы White Paper жарияланды, онда барлық оқушылар білім алуға және мемлекеттік қолдауға құқығы бар екені баса айтылған. Білім беру құрылымдары барлық оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға, олардың айырмашылықтарын мойындауға және құрметтеуге міндетті. Шетел тәжірибесі инклюзивті идеяларды қабылдаған оқушылар мен студенттердің оқу үлгерімін жақсартады.
Сонымен қатар, барлық елдер ұйымдық, басқарушылық құрылымдар мен қызметтер жүйелерінің тұрақсыздығын, арнаулы білім берудің қымбат және қаржылай негізсіз екендігін барынша түсінеді.
Африка елдері қатарында инклюзивті білім беру саласындағы саясатты белсенді жүргізетін Оңтүстік Африка Республикасы (ОАР). ОАР Білім беру департаментімен 2001 жылғы шілдеде барлық азаматтар үшін тең мүмкіндікті қамтамасыз етуге бағытталған жаңа білім беру жүйесі
әрекеттеріне белгілі бір нұсқау беретін «White Paper 6» атауымен құжат дайындалды. Білім беру саласындағы ОАР саясаты барлық оқушылардың оқу процесіне белсенді қатысуына мүмкіндік беретін, өз әлеуетін дамытатын және кеңейтетін, қоғамның теңқұқықты мүшесі ретінде қатысатын баршаға білім беруді қамтамасыз етуге және инклюзивті білім беруді дамытуға бағытталған. Бүгінгі күні ОАР үкіметі оқушылардың құқығын қорғауды, бәріне білім берудің тең мүмкіндігін ұсынуды, білім берудегі теңсіздікті жоюды алдыңғы орынға қойып отыр.
Германияда заңнамалық негізде әр түрлі типтегі: оқушыларға олардың білігіне, қабілеті мен табиғи талантына қарай білім беру танылған бастауыш, негізгі, шынайы, гимназия, кешендік және арнайы мектептер қызмет етеді. Сонымен қатар, осы мектеп түлектерінің әрі қарайғы оқу мүмкіндігі мен дәрежесін анықтай отырып, оқушылардың бір типтегі мектептен басқасына өту тәртібі заңнамамен реттелген.
Жалпы білім беретін мектептер құрамына кіретін жеке арнайы сыныптар, бұл негізінен бастауыш және негізгі мектептер, сондай-ақ алты сағаттық және ұзартылған күнді жеке мектептер, сонымен қатар, арнайы мектеп-интернаттар бар. П сихикалық ауруы бар балаларға арналған мектептерден басқа барлық арнайы мектептер, жалпы білім беретін мектептің (бастауыш, негізгі, шынайы мектептер, гимназиялар) оқу жоспары негізінде жүргізеді, бірақ сонымен қатар, көп жағдайда осында оқитын білім алушылардың ерекшелігі ескерілетін оқыту әдістері мен дидактикалық принциптер қолданылады. Германияның бірқатар жерлерінде арнайы мектеп оқушыларын жалпы білім беретін мектепке ертерек кіріктіру процесі байқалады және мүгедек баламен жұмыс істеуге қабілетті, сәйкес түрде дайындалған қызметкердің болуын қамтамасыз етеді. Мүгедек балаларды және дені сау балаларды ертерек бөлек оқыту германдық мектеп жүйесі философиясында жазылған. 1960 жылдардың өзінде-ақ федералдық жерлердің білім министрлері бөлек оқыту Тұжырымдамасын жасады, соған сәйкес, олардың дамуы мен физикалық зақымдануындағы ауытқушылықтарын ескеретіндер, ақыл-есі және физикалық кемістігі бар балаларды арнайы мектеп-интернаттарға жолдау қажет болды. 1994 жылы білім министрлері бұл саясатты өзгертті және болашақта мүгедек балаларды көп жағдайда әдеттегі мектептерге, ерекше жағдайда балалар үйі мен бастауыш мектептерге жіберу және оларды қалыпты сыныптарға кіріктірудің қажеттілігімен келісті.
Егер бала өз құрдастарымен оқыту процесінде қажетті көмекті алмаса, мектеп басшылығы осындай баланың арнайы білім беру мұқтаждығы бар деп мойындайды, бұл оқушыға қандай мектепке және қайда (белгілі мектептер типі Sonderschule немесе қосымша қолдау ұсынатын әдеттегі мектеп) бару керектігі туралы шешім қабылдайды. Әдеттегі мектепке баратын, бірақ қажетті көмек алмайтын оқушылар оларға осы қосымша қызметтер ұсынылатын басқа мектепке ауыстырылуы мүмкін. Баланы басқа мектепке ауыстыру туралы шешім оқыту процесінде олардың балалары қандай мәселелерді сезінетінін мұғалімдердің түсіндіруі мен ата-
аналармен кеңестен кейін қабылданады. Егер ата-аналар өз балаларын ауыстырудан бас тартса, мектеп билігі ата-аналардың шешімін сотқа түсіре алады.
«Әлеуметтік саулық туралы» заңға сәйкес, ерекше білім беру мұқтаждықтарындағы оқушыларға олардың толыққанды орта білім алуы үшін, әсіресе міндетті мектепке бару кезеңінде мемлекеттен қаржылай көмек беріледі. Мектептегі ерекше педагогикалық оқыту туралы заң осындай оқытудың әртүрлі нұсқасын қарастырады: