Атмосфера Қазақстанның климаты 1.Қазақстанның климаты: шұғыл континентті(температураның шұғыл ауытқуы, ауаның құрғақтығы, жауын-шашын мөлшерінің аз болуы)
2.Қазақстан климатының 3 факторы:күн радиациясы, атмосфералық циркуляция, жердің беткі төсеніш қабаты
3.Күннің жылуы мен жарығы аталады: күн радиациясы(1 см² шаққанда килокалория(джоуль) есебімен өлшенеді)
4.Жер бетін келіп түсетін Күн сәулесінің 20%-ға жуығы атмосферада шағылысып, қалған бөлігі жерге жетеді: тура радиация(жер бетіне кедергісіз жетеді)
5.Күн радиациясының белгілі бір бөлігі су тамшыларына сіңіп жұтылады, шаң-тозаңдардың бөлшектерінің және бұлттың әсерімен келетін радиация: шашыранды
6.Қоңыржай белдеудің оңтүстігінде орналасқан мемлекет: Қазақстан
7.Қазақстандағы күн сәулесінің түсу ұзақтығы: 2000-3000 сағ.(себебі:бұлтты күндер аз, жылдың жылы кезеңі көп байқалады)
8.Күн сәулесінің мөлшерінің аз түсуі(2000 сағ. дейін) байқалады: солтүстік және оңтүстік-шығысының қиыр шетіндегі тауалды жазықтары
9.Ашық күндердің саны: солтүстікте(120 күн), оңтүстікте(260 күн)
10.Қазақстанның оңтүстігі үшін жиынтық радиациясының шілде айындағы мөлшері: 15-18 ккал/см²(қаңтарда 4 есе кемиді)
Қазақстан аумағында ауа температурасының таралуы 11.Еліміздің жазықтарында жылдық орташа температура: Қостанай(Пресногор метеорологиялық бекеті) 0 цельсийден Түркістан(Қызылқұм) 13,7 цельсий
12.Алтайдың тауаралық қазаншұнқырында(Орлов ауылы) орташа температура:3,8
13 Ең төменгі орташа температура: Тянь-Шаньның биік тауында(4200 м), -10
14.Жылдың ең суық айы: қаңтар(орташа температура Петропавл -19,7., қиыр оңтүстік -3)
15.Түркістандағы қаңтардың орташа айлық температурасы:-15,4
16.Максималды температуралар: -38(Алматы, 1951 ж.), -52(Нұр-Сұлтан, 1893 ж.), -62 Шығыс Қазақстан(Орлов ауылы, 1969 ж.)
17.Жылдың ең ыстық айы: шілде(солт. +18., оңт. +30)(Ең жоғары темп. +50 Түркістан, Тасты метеорологиялық бекеті)
Қазақстан аумағындағы атмосфера циркуляциясы 18.Қазақстанға ықпал ететін ауа массалары: арктикалық, қоңыржай, тропиктік(Иран және Тұран ойпатынан түзілетін ауа массалары)
19.Еліміздің климатына әсер ететін мұхиттар: Атлант(қоңыржай), Солтүстік Мұзды(арктикалық)
20.Қазақстандағы жазық аудандарындағы ауа қысымы: 977 мб – 1022 мб
21.Ауа қысымының төменгі мөлшері байқалады: таулы аудандарда