Атмосфераның ластануы және тазарту технологиясы Мергенбаева Жансая



Дата24.12.2023
өлшемі3,71 Mb.
#198876
Байланысты:
Экология СРС


Атмосфераның ластануы және тазарту технологиясы
Мергенбаева Жансая
Ластану деп қандай да бір ортаға жаңа, оған тән емес физикалық, химиялық және биологиялық агенттерді әкелу немесе осы агенттердің табиғи ортадағы орташа көп жылдық деңгейін көтеруді айтады. Экологиялық көзқарас бойынша бұл түсінікті екі тұрғыдан қарастыруға болады:
1) қоршаған ортаға түсіп жатқан немесе адам мен табиғатқа зиянды әсерлердің нәтижесінде пайда болып жатқан заттар;
2) қоршаған ортаны ластайтын затар (мысалы, химиялық заттар).
Қоршаған ортаның бүлінуі табиғи апаттардан, атап айтқанда жер сілкініс, өрт жөне т.б. орын алса, оны табиғи деп, ал адамзат баласының іс-қимыл әрекеті барысында ластанса, оны антропогенді деп атайды.
Атмосфераның ластануы — әр түрлі газдардың, қатты және сұйық заттардыңнемесе табиғи булар мен қалдықтардың ұсақ түйіршіктерінің ауаға тектес заттар атмосфераға шығарылатын қосылуы. Бұлардың ішінде газ ластағыштардың шамамен 90%-ін құрайды. Көп тараған атмосфера ластағыштарына күкіртті газ (SO2), азот оксидтері (NO2) , кеміртек оксидтері (иіс газы СО), хлор, формальдегид (НСНО), фенол-бенз(а)пирен, шаң-тозаң жатады.
Атмосфераның ластануы табиғи (жанартаулар атқылауы, орман өрттері, шаңды құйындар, үгілу) және антропогенді(өнеркәсіптер, жылу энергетикасы, ауыл шаруашылығы) жағдайда жүруі мүмкін. Атмосферада үнемі белгілі мөлшерде шаң болады. Шаң табиғатта жүретін табиғи процестер нәтижесінде түзіледі.Шаңның үш түрі болады: минералдық (органикалық емес), органикалық және космостық.
Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энергетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы және т.б. жатады . Тек өндірістік кәсіпорындардың ғана қоршаған ортаға әсер етіп ластауын мынадай негізгі түрлерге белуге болады: шикізат, материалдар, құрал-жабдықтар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар.
Индустриалды дамыған елдерде атмосфераны ластайтын негізгі көздер - автокөліктер, транспорттың басқа түрлері және өндіріс орындары. Зерттеу мәліметтері бойынша антропогендік әсерден атмосфераға жыл сайын 25,5 млрд. тонна көміртегі оксиді, 190 млн тонна күкірт оксиді, 65 млн тонна азот оксиді, 1,4 млн тонна хлорлы және фторлы көміртектер (фреондар), көмірсутектің, қорғасынның органикалық қосылыстары, сондай-ақ қатерлі ісік ауруын тудыратын канцерогенді заттар бөлінеді.
Химиялық өндіріс орындары
қоршаған ортаны ластаудың қуатты көзі болып табылады. Мысалы 1950 жылы бүкіл әлемде шығарылатын органикалық заттардың мөлшері 7 миллион тонна болса, 1970жылы 63 миллион тонна, ал 1985 жылы 250 миллион тоннаға жетті. Атмосфераның ластануына байланысты әлемнің әртүрлі елдерінде рак аурулары, бала түсіктері, ісік аурулары көбейіп кетті.
Назарларыңызға рахмет!
Мергенбаева Жансая

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет