№5Тапсырма Орындаған:Турғунбаева Дария Тексерген:Қуанышева Жанар
Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті
М.Б Усманов, Қ.Н Сақариянова,
Б.Н Сахариева
Алматы «Атамұра» 2019
9 сынып 3 тоқсан
9.4A «Органикалық химияға кіріспе» бөлімі
&41.Органикалық заттардың ерекшеліктері
1.Органикалық заттар-көміртектің қосылыстары. Олардың құрамында негізінен C, O, H, N, S, P, Cl атомдары болады, оларды органогендер деп атайды.
2.Органикалық заттардың ерекшелігі:
1)температураның әсеріне тұрақсыз келеді, балқу температураларына жетпей көмірленіп кетеді;
2)жанғанда және шірігенде кіші молекулалы ұшқыш бейорганикалық заттарға айналады
3.А.М.Бутлеровтың химиялық құрылыс теориясын басшылыққа аламыз. Заттардың қасиеттері:
-оның қандай элемент атомдарынан тұратынына(сапалық құрамы);
-молекуладағы атомдардың байланысу ретіне (сандық құрамына);
-молекуладағы атомдардың немесе атомдар топтарының бір-біріне әсеріне байланысты болады.
4. Заттардың сапалық құрамы қандай элемент атомдарынан тұратындығын көрсетеді.Заттардың сандық құрамы элемент атомдарының қаншасынан тұратындығын көрсетеді.
&42.Органикалық қосылыстардың жіктелуі.
1.Органикалық заттар алуан түрлі болады.
Олар:
1)құрылымына қарай ашық және тұйық тізбекті;
2)құрамына қарай: а) көмірсутеутер, ә) оттекті органикалық қосылыстар; б) азотты органикалық қосылыстар болып бөлінеді.
2.Көмірсутектер —қаныққан, қанықпаған, ароматты болып бөлінеді.
3.Функционалды топ дегеніміз-органикалық қосылыстардың белгілі кластарын сипаттайтын және олардың қасиеттерін анықтайтын атомдар тобын айтамыз.
&43.Органикалық қосылыстардың гомологтық қатарлары.
Органикалық қосылыстардың әрбір келесі мүшесі алдыңғысынан-СН2- тобына ажыратылатын, қасиеттері, құрылысы жөнінен ұқсас қатарды гомологтық қатар деп атайды.
&44.Органикалық қосылыстардың номенкулатурасы.
1.Органикалық қосылыстарды атау үшін екі номенклатураны пайдаланады: —тарихи(тривиальды) атау. Белгілі бір қасиеттері бойынша ертеден қойылған аттар, мысалы құмырсқа қышқылы, ароматты көмірсутектер т.т. —систематикалық.
2.Көмірсутек құрамындағы бір сутектің орны бос тұратын бөлшекті радикал деп атайды.
3.Қосылыстың қасиеттерін анықтайтын топтарды функционалдық топтар деп атайды.
&45.Органикалық қосылыстардың изомериясы.
Изомерлер—сапалық және сандық құрамдары бірдей, бірақ құрылыстары өзгеше, сондықтан қасиеттері де ерекше болатын заттар. Осы құбылысты изомерия деп айтады.
Берілген ұстанымдарды анықтамасымен сәйкестендіріңіз.
- ғылыми (Ғ),
- тарихи (Т),
- теорияның жетекші рөлі (ТЖР),
- тұтастық (ТC),
- инновация (ИН) ,
- интеграция және дифференциация (ИЖД),
- қиындықтарды бөлу (ҚБ),
- оптималдылық (OП),
- химиялық түсініктерді дамыту (ХТД).
1. ...ұстанымы химиялық білім мазмұнының химия ғылымының негіздеріне, оның қазіргі жағдайы мен даму деңгейіне сәйкестігін қарастырады; (Ғылымилық принципі)
2. ...ұстанымы химия пәнінен тақырып мазмұнын заманауи отандық және халықаралық білім беру модельдеріне, нормативтер мен өлшеуіштерге сәйкестігін қамтамасыз етеді; (Стандарттау)
3. ...ұстанымы химия ғылымына, білім берудің халықаралық стандартына, мектеп жағдайларына, оқу уақытына, оқушылардың оқу мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктеріне сәйкес келуін болжайды; (Оңтайлылық принципі)
4. ...ұстанымы білімді, оқу проблемаларын үш аспектіде – ретроспективті, қазіргі заманғы, перспективалық және ғылымның жетістіктерін оның ұзақ тарихи жолының нәтижесі ретінде ашуды көздейді; (Тарихи принципі)
5. ...ұстанымы бұрын ажыратылған гетерогенді және біртекті компоненттерді тұтас біріктіруді және жаңа білімнің синхронды бөлінуін болжайды; (Интеграция және дифференциация принципі)
6. ... ұстанымы мазмұнды іріктеу кезінде жаңа идеяларды, ұғымдарды, заңдарды, теорияларды енгізуді; қызметтің жаңа іс-әрекеттерін, құралдарын, әдістері мен тәсілдерін іске асыруды көздейді; (Инновация принципі)
7. ...ұстанымы жалпылау және болжау функцияларын оңтайландыру мақсатында теорияларды мүмкіндігінше ертерек зерттеуді болжайды; (Теориялардың жетекші рөлінің принципі)
8. ...ұстанымы жетекші тұжырымдамалық теорияларды оқу жылдары бойынша біркелкі бөлуді, теорияларды курстардың басталуына жақындатуды қамтиды; (Қиындықтарды бөлу принципі)
9. ...ұстанымы тереңдету, нақтылау, қорыту, жүйелеу және интеграциялау әдістері арқылы олардың көлемі мен мазмұнын сабақтастықпен ашуды және кеңейтуді көздейді; (Химиялық ұғымдарды дамыту принципі )
10. ...ұстанымы мазмұнның барлық компоненттері мен дидактикалық бірліктерінің жүйелі байланысы мен өзара байланысын, ғылыми теориялар мен жетекші идеялар негізінде мазмұнды - логикалық ғана емес, сонымен қатар құрылымдық-функционалдық байланыстарды да жүзеге асыруды қамтиды. (Тұтастық принципі)
Достарыңызбен бөлісу: |