Атмосфераның ластануының гигиеналық нормалау. Атмосфераның жер беті қабатына ластанған ауаның таралу заңдылығы. Атмосфералық ауаны қорғау бойынша алдын алу шаралар жүйесі



бет1/5
Дата20.05.2024
өлшемі20,62 Kb.
#202582
  1   2   3   4   5
Байланысты:
7 kredit 1lek
7011, Жартыбек Альбина МБ-41

Емдеу-профилактикалық мекемелерінің гигиенасы.

Дәрістің жоспары

  • ЕПМ-інің жер учаскесіне қойылатын талартар.
  • Архитектуралық-жоспарлаушы шешімдер.
  • Бөлмелердің ішкі әрлеу жұмыстарына қойылатын талаптар.
  • Жылыту және желдету.
  • Жарықтандыру.
  • Бөлмелерді тазарту және науқастар гигиенасы.
  • ЕПМ-іне күнделікті санитарлық бақылау.
  • Орталықтандырылған жүйе соматикалық профильдегі ауруханалар үшін қолданылады. Бұл құрылыс жүйесінде барлық емдік-диагностикалық бөлімдер бір ғимаратта, инженерлік коммуникация және маршруттар қысқартылған, құрылыс онша қымбат емес, бірақ санитарлық режимді сақтау қиынға түседі.

Ауруларды топтық оқшаулау үшін орталықтандырылмаған жүйе қолданылады, ол инфекционды және туберкулездік ауруханалар үшін өте ыңғайлы. Бөлімдер әр ғимаратта орналасады, гигиеналық тұрғыдан қарағанда осындай құрылыс жүйесі ең дұрыс (тыныш, участок максимальды көгалдандырылуы, дем алуға ыңғайлы жағдай). Бірақ бұндай ауруханаларды салу қымбат және үлкен жер учаскесін қамтиды. Көбінесе қала жағдайында аурахана құрылысының аралас жүйесі қолданылады.

Емханалар стационарлар құрамында немесе бөлек мекеме болуы мүмкін. Арнайы және көп профильді емханалар өздігімен келуші ауруларға немесе үйлерінде медициналық көмек көрсетеді. Оның құрамына тіркеу бөлімі, хирургиялық және терапиялық бөлімдер, сондай-ақ арнайы кабинеттер: көз, неврологиялық, урологиялық, стоматологиялық және қосымша емдік-диагностикалық кабинеттер: рентгенологиялық, процедуралық, физиотерапиялық және т.б. кіреді.

Стационарлар мен емханаларға қойылатын негізгі гигиеналық талаптар ауа-тамшылы инфекцияның таралуының алдын алу. Ол үшін ғимараттың рациональды жоспарлануы, тиімді желдету (табиғи және механикалық) және алдын алу шараларын жүргізу керек. Соңғысына күнделікті ылғалды жинаудан басқа, химиялық және физикалық әдістерді қолдана отырып дезинфекциялау, қатаң санитарлық режимді сақтау жатады. Бұрынғы жылдары орталықтандырылған аурухананың негізгі корпусында стационардың барлық бөлімдері (инфекциялықөтан басқа), емхана және барлық диагностикалық бөлімдер кіретін. Бұндай вариант оңтайлы емес және санитарлық дәрігерлер тарабынан қолдау таппаған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет