Атмосфераның ластануының гигиеналық нормалау. Атмосфераның жер беті қабатына ластанған ауаның таралу заңдылығы. Атмосфералық ауаны қорғау бойынша алдын алу шаралар жүйесі



бет2/5
Дата20.05.2024
өлшемі0,65 Mb.
#202582
1   2   3   4   5
Байланысты:
7 kredit 1lek

Мысалы, емхана және стационар әр контингенттегі ауруларға қызмет көрсетеді. Амбулаторлық аурулар шу, мазасыздық әкеледі, емдік және гигиеналық режимді бұзады. Стационары мен емханасы біріккен ауруханалар гигиеналық ережелерді қанағаттандырмайды. Мұнда аурухана учаскесі мен ғимараттың өзінде де қалыпты режим бұзылады. Стационарлық және амбулаторлық аурулар диагностикалық кабинеттер мен аурухана бақтарында кездеседі.

Босанатын әйелдер, әйелдер кеңесіне келетін жүкті әйелдер, персонал және келушілердің оқшау графигін ұйымдастыру қажеттігіне байланысты, жалпы корпуста ірі перзентхана бөлімін орналастыру көптеген қиындықтар алып келеді. Бұндай ұйғарымдардың тері-венерологиялық, балалар және радиологиялық бөлімдердің құрылысына да қатысы бар.

Сондықтан, инфекциялық бөлімнен басқа барлық бөлімдерді бір ғимаратта орналастыру, тек кіші ауруханалар үшін ғана тиімді. Сонымен қатар аурухана территориясында функциональды жағынан бір-бірімен байланыссыз ғимараттарды салуға болмайды.

Ритуальды зона, патологиялық-анатомиялық корпус, палаталық корпус, қоғамдық ғимараттардың терезелерінен көрінбеу керек. Онымен және емдік корпустың арасы 30 м кем болмау керек. Радиологиялық және инфекциондық корпустың айналасына ені 5 м кем емес қиып өтетін бұталар егілуі қажет.

Инфекциялық аурухана территориясында бір-бірінен жасыл желекпен бөлінген «тазаң және «лас» зоналар бөліп қарастырылады. «Лас» зонадан шығарда транспортты дезинфекциялайтын алаң қарастыру керек.

Аурухана учаскесінің құрылыс дәрежесінің гигиеналық маңызы бар, соның ішінде егер аурухана жалпы құрылыс алаңының 15%-ын алатын болса тиімді болып саналады. Бұндай қадам табиғи факторларды сауықтыру үшін пайдалануға, керек кезінде аурухана құрылысын кеңейтуге мүмкіндік береді. Бірақ қала жағдайында, жер территориясы шектелгенде, ғимараттың қабаттылығын жоғарылатуға және ауруханалық кешендерін жоғарғы деңгейде тығыз орналастыру қажеттігі туындайды.

Типтік жоба бойынша аурухана ғимараттын салғанда қоршаған территорияны ғана емес, сонымен қатар жекелеген обьектілердің арақашықтығын ескере отырып құрылыс учаскесін функциональдық зоналау арқылы жергілікті жерге ұштастырады. Корпус қабырғасы мен палата терезесінің арақашықтығы 24 м, ал палаталық корпус пен қызыл сызық және тұрғын үйлер ара қашықтығы 30 м кем болмау керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет