Атмосфераның ластануының гигиеналық нормалау. Атмосфераның жер беті қабатына ластанған ауаның таралу заңдылығы. Атмосфералық ауаны қорғау бойынша алдын алу шаралар жүйесі



бет3/5
Дата20.05.2024
өлшемі0,65 Mb.
#202582
1   2   3   4   5
Байланысты:
7 kredit 1lek

ЕПМ территориясын жинау күнделікті жүргізілу керек. Арнайы асфальтталған немесе бетондалған контейнерлік алаңдардағы қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарды жинауға тығыз қақпағы бар қоқыс жинағыш орнатылады. Бұл алаңдардың көлемі 40м2 кем емес, палаталық және емдік-диагностикалық корпустан арақашықтығы 25м, ал контейнерлер жүйелі түрде залалсыздандыру керек. Соған қаса әр 700 м2 территорияға бір қалдық салғыш қойылады, оның тазалануы және қоқыс шығарылуы күнделікті жүргізілуі қажет.

Санитарлық заңдылыққа сәйкес тері-венерологиялық, инфекциялық, онкологиялық, хирургиялық бөлімдердің қалдықтарын қоқыстар тастайтын жерге шығаруға болмайды. Оларды жою үшін әртүрлі ортақ жағу (өртеу) түрлері, химиялық дезинфекция немесе көму қолданылады. Көбінесе оларды өртеу қолданылады. Санитарлық қызметпен келісілгендей қалдықтар пештерде ЕПМ территориясында немесе басқа арнайы обьектілерде жағылады. Тәулігіне 100 кг қалдық жаққанда пеш пен басқа да ғимараттар арасы 30м, ал пешке тәулігіне 100кг жоғары жүктеме түссе 100м кем болмауы керек. Территорияда пешті орналастырғанда желдің бағытын есекере отырып, көрсетілген ара қашықтықтар санитарлық эпидемиялық қызметтің талап етуімен ұзартылуы мүмкін.

«Тұрғын және қоғамдық ғимаратарды инсоляциямен қамтамасыз ету» санитарлық нормалар мен ережелер талаптарына сәйкес емдік-профилактикалық мекемелердің бағытталуы бөлмелер мен территорияда үздіксіз 3 сағаттық инсоляцияны қамтамасыз етуі керек. Операция және перзентхана бөлмелері С, СШ, СБ бағытталуы қажет. Палаталар О, ОШ және Ш бағытталуы қажет. Бөлмелер солтүстік ендіктен 55 0С оңтүстік қараған ауданда Б, ОБ бағытқа бағытталған болса, күн сәулесінен қызып кетпес үшін қорғанысты қажет етеді (жалюзи немесе т.б. қондырғылар).

Ауруханалардың құрылымдық бөлімшелері

Басқа бөлімдерде қабылдау бөлімі жалпы және басты емдік корпусында немесе төсек көп корпуста орналастырылады. Барлық ауруханаларда аурулардың әр ағымына 1 қарау бөлмесі және 1 санитарлық өткізгіш болу керек. Балалар және инфекциондық ауруханаларға ауруларды қабылдау үшін қабылдау-қарау бокстері қарастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет