Садирова Акзат Сейлхановна
Ақтөбе қаласы,
№19 орта мектебінің
биология пәнінің мұғалімі
Тақырыбы: Елі сүйген-ел басы
Мақсаты:
а)Жас ұрпаққа Нұрсұлтан Назарбаевтың сан қырлы талант иесі,құдіретті тұлға екенін таныту.
ә)Елімізге еңсе тіктетіп, мемілекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.
б)Елін сүйген,елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, сандар.
Түрі: тәрбие сағаты
Барысы:
Гимн.
І. Мұғалімнің сөзі:
Әділеттің ақ жолын ту етіп, елінің егемендігін ойлаған, ынтымақты, тұтастықты, бірлікті ойлаған ұрпақтың саналылығына мән берген ар менен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Саламатсыздар ма? Оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: Елі сүйген-ел басы
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың адамгершілігін, еңбекқорлығын нәсихаттамау, оны сезінбеу мүмкін емес.Олай болса балалар, ел басымыздың өміріне тағы бір шолу жасап өтелік.
Айгерим. (Балалық шағы)
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз - маз өнімдерін сатып, үй - ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата - анасын қатты құрмет тұтты.
Бибарыс.
Ел тірегі- қайратым,
Абыройым, айбатым!
Отан даңқын асырдың,
Көк туымды жайнатып.
Бағымызға жүр аман,
Нұр сәулетті, Нұр аға! (Балалық шағының аспаны филмьін талдау)
Дильназ. (Жастық шағы)
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
10 - оқушы: 1991 жылы 1 - желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
Алмас.
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады - ау кісілік! (Ел басы жолы филмьін талдау)
Яссы. Лауазымдық мәртебесі
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы (Ұлт көшбасшысы)
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы
Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы
«Нұр Отан» партиясының төрағасы
Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің төрағасы
Назарбаев Университеті Жоғары қамқорлық кеңесінің төрағасы
Айдина. Еңбектері
ІІ. «Сандар сөйлейді»
6 1991 9 1 16 1960-1969
6 – 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.
1991 – 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жеңіске жетті.
9 – 9 жыл. 1960-1969 жылдары Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
- Бірінші президент
16 желтоқсан Тәуелсіздік күні
1960-1969 Қарағанды металлургия комбинатында жұмыс жасады.
Қорытынды:
Н. Назарбаев - бәрінен бұрын өз міндетін, өзінің үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам. Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу - бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы. Кезінде
Н. Ә. Назарбаев: «Егер келешекте қолымнан іс келетін азамат бола қалсам, қазақ деген халықты дүниежүзіне танытып, терезесін тең етер едім»,- деп армандаған болатын.
бүгінде асқақ арманы орындалды. Қазақты дүние жүзі таныды. Оның кең байтақ даласын, қазынасы мол жерін, дархан жатқан бейбіт елін дүниенің төрт бұрышы біледі.
Кезінде назардан тыс жатқан, материктің ортасындағы Орталық Азиядағы қазақ елі де сыртқы саясатта өз орнын айқындап, төрткүл дүниемен аз ғана уақыт ішінде байланыс орнатты. Ал ел өміріндегі осындай маңызды тарихи кезеңдерде мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың қосқан үлесі орасан зор.Біз Ел басының осындай қайталанбас еңбегін, жауапкершілігін, адамгершілігін, бауырмалдығын,талапшылдығын, қажымас қайраттылығын қашанда үлгі тұтуымыз қажет. Сендерде ел басының бойындағы осындай қасиеттерді өз бойларыңызға сіңіріп, болашақта сіздерде елінің елеулі, халқының қалаулы азаматы болыңыздар
№ 19 орта мектебі
Тәрбие сағаты
Елі сүйген-ел басы
Класс: 6 «Ә» класс
Мұғалім: Садирова А.С.
Достарыңызбен бөлісу: |