Ақтөбе қаласы № 31 «Күншуақ» МДҰ тәрбиешісі
Курманалина Айгерім Казбековна
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: ҚМҰҚ
Тақырыбы: 4 саны және цифрымен танысу
Мақсаты: Балаларды 4 санымен және цифрымен таныстыру. Суреттер арқылы 4 санына есеп құрастыруға үйрету. Ой-өрісін, есте сақтау және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Алғырлыққа, зеректікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сандар, үлестірмелі сандар, таяқшалар ,жыл мезгілінің, төрт түліктің,шаршының т.б суреттер.
Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері
Қуан шаттан алақай
Қуанатын күн келді
Күліп шықты күн бүгін
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Тәрбиеші: Жақсы, балалар 1 жылды неше жыл мезгілі бар? Қазір жылдың қай мезгілі? Күз мезгілінің үш айын атаңдаршы? Қазір қай ай?
Балалар: Бір жылда 4 мезгіл бар. Қазір жылдың күз мезгілі. Күз мезгілінің үш айы: қыркүйек, қазан, қараша, қазір қараша айы.
Тәрбиеші: Балалар біз қандай сандарды білеміз?Біз қандай сандармен таныстық? Қане қайталап жіберейікші. Осы сандарды тақпақ қылып та білетін едік қо, сол тақпақтарымызды айта қояйықшы.
Балалар:
«1»-ге ұқсайтын бұл не?
Ол –кәдімгі ине
Сабақтап жіп іл де,
Қада онымен түйме (1 санын тақтаға ілу)
Айдын көлдің бетінде
Мойнын иіп жүзгенде,
Бұл аққу ма, «2» ме?
Деп қаламыз біз кейде. (2 санын тақтаға ілу)
Бабалар қару- жарағы
Жебесі мен садағы.
Жауларын атса жусатқан.
Садақты «3»-ке ұқсатам.(3санын тақтаға ілу)
Тосын сәт: Буратино кіреді, амандасады. Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендермен кездескеніме қуаныштымын. Мен жолда келе жатып, бір зат тауып алдым. Ол не екенін білми тұрғаным. Орындыққа ұқсайды, ілгішке ұқсайды. Бұл не өзі?
Тәрбиеші: Сәлеметсің бе, буратино, Жақсы келдің, мен келе жатып түсіріп алғанмын. Бұл менің бүгінгі үйретейін деп жатқан жаңа сабағымның тақырыбы ғой! Рахмет, сенде біздің балалармен үйрен.
Буратино: Рахмет, балалар! Сендер болмасаңдар маған үйрететін.
Тәрбиеші: Бүгін балалар біз 4 санымен танысамыз. Тақтаға қарап доптарды санаймыз. Санды цифрмен белгілейік. Ауада жазамыз. Айналамызға қарап топтағы Алдымыздағы таяқшалармен 4 санын құрастырамыз.
Дидактикалық ойын: «Заттың санын санмен сәйкестендіру»
(Суреттегі заттың санына сәйкес үлестірмелі сандарды көрсетеді.)
Дәптермен жұмыс.
Тәрбиеші: Алдымызда берілген дәптерімізді ашып, қараймыз, не көріп тұрмыз дәптерде? Киім ілгіште ілініп тұрған сырт киімдерді көріп тұрмыз. Қане бәріміз санаймыз. 1,2,3,4 нешеу екен?
Балалар: 4 еу
Тәрбиеші: Нешеуі қызыл, нешеуі көк түсті?
Балалар: 2 қызыл, 2 көк.
Тәрбиеші:
2 -ге, 2- ні қосқанда неше болады екен?
Балалар: 4 болады.
Тәрбиеші: Жақсы, дәптерде берілген 4 санының жазылуы 3 таяқшадан тұрады екен бірге жазамыз. Жазбас бұрын саусақ жаттығуын жасай қояйық.
Саусақ жаттығуы
Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де,
Екі саусақ бірікті
Ине қолға ілікті
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды
Өнерлі екен он саусақ
Қала салсақ жол салсақ.
Тәрбиеші: Дәптеріміздің 2-інші тапсырмасы келесі.
Сандар берілген осы сандардың ішінен 4 санын тауып бояймыз.
Сергіту сәті.
Жаза, жаза, саусағым
Әлсіредім шаршадым
Бір, екі, үш
Қолға жинап күш!
3 –інші тапсырма.
Сауытта 4 қызыл, 1 сары алма болатындай етіп бояймыз.
Дидактикалық ойын: «Төрт бұрыш»
1 тапсырма: Таяқшадан бір фигура жасап бер?
Төртбұрыш жасап береді.
2 тапсырма: 1-ден 4-ке дейін тура, кері сана? (Қазақша, орысша)
1,2,3,4 (Один, два, три, четыре)
3 тапсырма: Жұмбақ логикалық есеп
Төрт алманы бақтағы,
Кірпі барып жинады.
Ең әдемі тәттісін,
Түлкіге ол сыйлады,
Кірпідегі алманың,
Санап көрші қалғанын.
4 тапсырма: Көршісін тап
3 санынын көршісі 2 және 4 саны
Буратино: Жақсы балалар, менің кетуім керек, сендерге рахмет.
Балалар: Сау болыңыз!
Қорытынды:
Біз бүгін қандай санмен таныстық?
Қандай санмен таныстық?
Достарыңызбен бөлісу: |