Ақтөбе қаласы, №5 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі



бет3/3
Дата25.12.2016
өлшемі499,79 Kb.
#5274
түріСабақ
1   2   3

Тақырыбы: Сын есім
Мақсаты:
Білімділік: сын есім туралы білімін тиянақтау; сөйлемнен, мәтіннен сын есімді табу дағдысын жетілдіру; сын есімнің зат есіммен байланысын анықтау; сөздік қорын молайту;
Дамытушылық: лексикалық білім, білік, дағдыларын арттыру; ой - өрісін, танымын арттыру;
Тәрбиелік: ұлттық салт - дәстүрді насихаттау және оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: пысықтау сабағы
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, дидактикалық ойындар.
Көрнекілігі: мазмұнды суреттер, слайдтар.
Құрал - жабдықтары: интербелсенді тақта.
Сабақтың барысы:
I .Ұйымдастыру кезеңі
Күннен, жерден нәр алған
Біз - өмірдің гүліміз.
Сәрсенбінің сәтінде
Сәтті болсын күніміз.
II. Көркем жазу
Қызыл, жасыл, шөп, ұзын, жуан, дәмді, биік, байырғы.
- Балалар, осы сөздердің арасында қай сөз сендерге таныс емес?
- «Байырғы» - бұрынғы, ежелгі деген мағынаны білдіреді.
- Осы сөздер қатарында қай сөз артық деп ойлайсыңдар? Неліктен?
- «Шөп» деген сөз артық, себебі ол - зат есім, қалғандары - сын есім.
III. Артығын тап
1. Жылқы, тай, құлын, ат, асау. Себебі, ол - сын есім, қалғандары - зат есімдер.
2. Дәмді, көже, тәтті, көңілді, әдемі.
3. Майлы, майлады, шегеледі, тойлады, жайнады.
IV. Терме диктант
- Наурыз қандай мереке?
- Наурыз қазақша жаңа күн дегенді білдіреді.
- 22 наурызда күн мен түн теңеледі.
- Наурыз көже жасалады.
- Наурыз көже 7 түрлі дәмнен жасалады.
- Наурызда ренжіскен адамдар бірін - бірі кешіреді.
Өлеңнен сын есімдерді өзіне қатысты зат есімдермен бірге теріп жазу
Ата - бабам тойлаған,
Наурызым, армысың!
Қызығыңа тоймаған,
Дарқан дала, қарлы шың.
Мерекені байырғы
Алды халқым қабылдап.
Ақ дастарқан жайылды,
Ошақта от жалындап.
Дарқан дала, қарлы шың, байырғы мереке, ақ дастарқан.
- Осы сөздердің ішінде туынды сын есім бар ма? Неліктен оларды туынды сын есім дейміз?
- Себебі, олар жұрнақ арқылы жасалған.
V. Сурет бойынша жұмыс
Суреттегі заттарды салыстырып, айырмашылығын сөйлем арқылы айт.
1. Қызыл кітап жуан, ал сары кітап жіңішке.
2. Пияз ащы, ал сәбіз тәтті.
3. Түнде қараңғы, ал күндіз жарық болады.
Берілген сын есімдер заттың сапасын білдіреді деген қорытынды жасалады.
VI. «Бір әріптің ізімен» дидактикалық ойыны
Берілген әріптермен сөйлем құрау, сөйлемде мүмкіндігінше сын есім болғаны жөн.
Мысалы, Әәәә - Әйгерім әдемі әңгелек әкелді.
Қққ, Ооо, Ссс, Ддд, Ттт, Еее, Жжж.
Ааа Ашулы арыстан ақырды. Бұл сөйлемдегі сын есім қандай? Ашулы деген сөзді басқаша қалай айтуға болады?
ашулы арыстан - ызалы арыстан
- Мұндай сөздерді қалай атайды? Мәндес сөздер, яғни мағынасы бір - біріне жуық сөздер дейді.
- Олай болса, оқулықтағы 2 - жаттығуда берілген сын есімдерге мәндес сөздер тауып, үлгі бойынша жазайық.
Ашулы, ызалы; әдемі, сұлу; күшті, мықты; ақылды, білгір; мөлдір, тұнық; үркек, қорқақ.
Берілген сын есімдерден туынды сын есімдерді тап, туынды екенін дәлелде.
Ашулы, ызалы, күшті, ақылды.
(Жұрнақ арқылы жасалған.)
VII. «Адасқан сөздер» дидактикалық ойыны
Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жаз, сын есімдерді тап, астын ирек сызықпен сыз.
4 3 1 2
1. Өсіп тұр, гүлдер, аулада, қызыл.
3 2 4 1
2. Балды, аю, ұнатады, қоңыр.
4 3 2 1
3. Озып келді, ат, жирен, бәйгеден.
2 3 4 1
4. Қалаларда, метро, болады, үлкен.
Екінші сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсет.
Ол үшін не істеу керек?
- Сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы анықтаймыз.
Аю не істейді? Аю ұнатады. Нені ұнатады? Балды ұнатады.
Қандай аю? Қоңыр аю.
VIII. «Жұмбақ зат» ойыны
Бұл ойынның шарты бойынша көсетілген затты сынып тағы оқушылар түлі сөз таптарымен сипаттайды. Тақтаға шыққан бала жасырылған затты табуы тиіс. Алғашқы үш сөйлемге дейін тапқан бала жеңімпаз атанады.
Мысалы, шахмат тақтасы туралы оқушылардың берген сипаттамасы мынадай болды.
- Онда ақ, қара фигуралар бар. Ол төртбұрышты. Онда 64 тор көз бар.
Терезе, дөңгелек, жол белгісі, орамал жасырылды.
IX. Қорытындылау
Сын есім туралы не білеміз?
- Сын есім заттың түрін - түсін, сапасын білдіреді.
- Сын есімдерге қандай, қай деген сұрақтар қойылады.
- Сын есім сөйлемде зат есіммен байланысады.
- Сын есімнің негізгі, туынды түрлері бар.
- Туынды сын есім жұрнақ арқылы жасалады.
X. Бағалау, мадақтау
Сабаққа белсене қатысқан, ұтымды жауап берген балаларды оқушылардың өздеріне анықтау ұсынылады. Оларға қол шапалақтап, қошемет көрсетіледі.
XI. Үйге тапсырма
5 - жаттығу
1. Өлеңді оқу, сын есімдерді табу, қай зат есіммен байланысып тұрғанын анықтау;
2. Абай Құнанбаев туралы мәлімет жинап келу.


Математика.(4-сынып)
Тақырыбы: Есепті теңдеу құру арқылы шығару.
Мақсаты: Есептерді теңдеу құра отырып шешу жолын ұғындыру.Сөз
есептерге теңдеу құру арқылы шешуді үйрену,сауатты түрде
шапшаң орындау арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту.
Ұқыпты орындап,қатесіз жазуға,теңдеуді сауатты құра білуге
дағды қалыптастыру.
Балаларды топпен ұйымдаса жұмыс істей білуге ,еңбекке баулу.
Көрнекілігі: сызбалар,кестелер,суреттер,тесттер,оқулық
Сабақ түрі: аралас
Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,топпен жұмыс,тест сынағы,салыстыру.
Сабақ барысы.І.Ұйымдастыру кезеңі.
Балаларды сабаққа дайындау,психологиялық дайындық.
(жақсы тілек тілеу)
ІІ.Жаңа сабақ.
Есепті теңдеу құру арқылы шешу.
* «Ой қозғау»
Теңдеудің неше түрі бар? (күрделі,қарапайым)
Салыстыру,ұқсастығы неде,айырмашылығы неде? (ұқсастығы екеуіде теңдеу,айырмашылығы: күрделі екі немесе көп амалмен орындалады,қара-пайым: тек қана бір амалмен орындалады)
• «Ойлан,тап!»
1кг сары май 360 теңге тұрады.Жарты кг сары май қанша тұрады?
360:2=180 (жарты,немесе 500г)
• х:5=18 х=18•5 х=90 90:5=18 18=18
Қайсысы ыңғайлы? (әрина теңдеу құрған)
Сергіту сәті: «Санамақ құра біл!»
Бір дегенім – білек,
Білсең,білек те керек.
Екі дегенім – еңбек,
Еңбек бәрін жеңбек
* «Топпен жұмыс»
І – топ №3-208бет,
Бар еді-1706қап ұн.
Қалды-1009қап ұн
Жөнелтілді-? Қап ұн
Ш: 1706-х=1009 х=1706-1009 х=697 1706-697=1009 1009=1009
Ж: 697 қап ұн
ІІ-топ №4-208бет,
Болды-548т қызылша.
Қалды-399т қызылша.
Тиеп жіберді-?т қызылша.
Ш: 548-х=399 х=548-399 х=149 548-149=399 399= 399
Ж: 149т қызылша.
ІІІ-топ №5-208бет,
Әр қ.8 көшеттен-5 қатар
Жиектеді-? көшет
Болды-63 көшет.
Ш: (8•5)+х=63 40+х=63 х=63-40 х=23 (8•5)+23=63 63=63
Ж: 23 көшетпен жиектеді.
ІV-топ №6-208бет,
S=18км,
t=2 сағ,
υ1=4км/сағ,
υ2=?км/сағ
Ш: 18:2-х=4 9-х=4 х=9-4 х=5 18:2-5=4 4=4
Ж: υ2=5км/сағ
• «Логикалық тапсырма»
Шаршының Р=64см
S1=?см2
S2=?см2 2есе кем
в2=4см
а2=?см Ш: 1) 64:4=16 (шаршының қабырғасы)
2) 16см•16см=256см2 (шаршының ауданы)
3) 256:2=128 (тік төртбұрыштың ауданы)
4) 128:4=32 (тік төртбұрыштың қабырғасы)
Ж: S1=256см2, S2=128см2, а2=32см
Сергіту сәті: «Ұшты-ұшты».
Мақсаты: Зейінді тексеру.
Ұшты-ұшты құс ұшты (қолын көтереді)
Ұшты-ұшты парақ ұшты (үндемеу керек)Осылай жалғастырылады.
* «Қызықты тапсырмалар»
1.қосындының да мәні,көбейтіндісінің де мәні 6-ға тең болатын тізбектес үш натурал санды тап. (1,2,3;1+2+3=1•2•3)
2.Бір жұмыртқа 4 минутта піседі,ал 8 жұмыртқа неше минутта піседі? (4 минутта)
3. 60 және 12 сандарының қосындысы мен көбейтіндісінің мәндерін салыс-тыр.Не байқадың? (60+12=72 60 •12=720)
4.жылдамдық 20 км/сағ,уақыт 2 сағ болса қашықтық нешеге тең? (40км)
5.Тырна таразы табақшасында екі аяғымен тұрғанда 6кг болды,ал бір аяғымен тұрса неше кг болады? (6кг)

Қорытынды.Бағалау.


Үйге тапсырма: №8-209бет (өрнек құрастыру)
Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Бас әріптен басталып  жазылатын сөздер. С.Көбеев «Екі соқа»
Сабақтың мақсаты: Бас әріптен жазылатын сөздер туралы түсінікті кеңейту.Мәтіннің негізгі идеясын ашу.
а) жер-су аттарының бас әріпппен жазылатындығын ұғындыру, мәтінді дұрыс, түсініп оқуға үйрету.
ә)  түрлі тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру.
б) оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Түрі: жаңа білімді меңгерту.   Көрнекілігі: карта, суреттер, сызбалар,карточкалар.
Әдісі: проблемалық, өзіндік жұмыс, сұрақ-жауап.   Пәнаралық байланыс:математика, дүниетану.
Сабақтың барысы:
I.    Ұйымдастыру.
II.    Өткен  материалдарды еске түсіру.
1.    – Бас әріптен басталып жазылатын қандай сөздерді  білесіңдер?
2.    – Ендеше, балалар «Кісі аттарын жалғастыр»ойынын ойнайық.
3.    Олжас
Назерке                           Осы балалар қайда тұрады?
Ернар
- Қапшағай ненің аты?
- Қапшағайда қандай су қоймасы бар?
- Іле өзені қай көлге құяды?
( Картадан көрсету.)
Қапшағай
Іле                                    Ненің аты?(жер-судың аты)
Балқаш
III.    Жаңа сабақ.
1.    Мақсат қою.
-    Ендеше, балалар бүгінгі сабақта жер-су аттарының қалай жазылатынын білеміз.
2.    135-жаттығу(оқыту, жаздырту, талдау, сұрақ-жауап арқылы қорыту).
-    Алматы ненің аты?
-    Балқаш ше?
-    Медеу ненің аты?
-    Жер–су аттары қандай әріппен жазылады?(Ережені шығарту, оқушылардан сұрау).
3.    Салыстыру. Ережені хормен оқыту.
4.    136-жаттығу(ауызша).
5.    Топпен жұмыс.
Ұнаған жердің, судың атын қатыстырып сөйлем құрату.
IV.    Сергіту сәті:
Қане, қанат жазайық,
Қарлығашқа ұқсайық.
Қарлығаш болып
Ұшып-қонып,Ұшып-қонып алайық.
V.    Жаңа сабақты пысықтау.

1.    – Қарлығаш қандай құсқа жатады?


-  Жыл құстары қай жыл мезгілінде оралады?
-  Көктемде  жүргізілетін қандай жұмыс түрлерін білеміз?
- Жерді немен жыртады?
2. Спандияр Көбеевтің «Екі соқа»атты  шығармасын оқиық.
а) сөздік жұмыс(соқа, тот)
ә) мәтінді мәнерлеп оқып беру.
б) оқушыларға оқыту.
в) сұрақ-жауап арқылы қорыту.
- Екі соқа қайдан істеліп шықты?
- Біреуі кімнің қолына түсті?
- Егінші соқамен не істеді?
- Ал, екінші соқа не істеді?
3. а) Еңбек туралы қандай мақал-мәтел білесіндер?
ә) Мақалды оқыту, түсіндіру.
адамның атын шығарады.
Еңбек                       білім береді.
өнерлі етеді.
4.    Ойын: «Кім тапқыр?»
Қанат, Марат екеуі,  Қамшы өре  алады
Талғат,Талап екеуі,  Тамаша ән салады.
Самат, Сағат екеуі,Төгілтіп күй шертеді.
Бабақ, Барақ екеуі,   Біледі көп ертегі.
Балаларды өнерлі,   Есептеп көр, сен енді! (8)
(Балалардың атын атап бер).
VI.    Қорыту. Бас әріптен басталып жазылатын қандай сөздерді білдік?
VII.     Бағалау.
VIII.    Үй жұмысын беру. С.Көбеевтің «Екі соқа» атты  шығармасын оқу,мазмұндау.
 

Сабақтың тақырыбы: Ер тарғын

 

Сабақтың мақсаты:

1.     Батырлар жыры туралы оқушыларға жан-жақты түсінік беру.

2.     Елін қорғау, Отанын, халқын сүю батырлар жырының басты қасиеттері екендігін оқушыларға ұғындыру.

3.     Ер Тарғынның ел намысын ту етіп, елін қорғау үшін қиындыққа төзе біліп, жауын жеңетіндігін түсіндіру.

4.     Ой дамыту: әр түрлі стратегиялар арқылы ойлау қабілетін, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту.



Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Өз Отанын, халқын шын сүйетін патриот етіп тәрбиелеу.

Сабақтың дамытушылық мақсаты:

1.     Оқушылардың жырды оқу арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту.

2.     Білетін ақпараттарын жаңа мәліметтермен толықтыру.

Сабақта күтілетін нәтижелер:

1.     Оқушылардың жырды оқу арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту.

2.     Сол сезімін әңгімелеп беруге ынталандыру.

Сабақта қолданылатын стратегиялар:

1.     Ой қозғау.

2.     Галереяны аралау.

3.     Түртіп алу жүйесі.

4.     Топпен жұмыс.

Сабақта пайдаланылған көрнекіліктер: ватман, қағаз, маркер, түрлі-түсті батырлардың, Ер Тарғынның суреттері, батырлар жыры туралы көрме, күйтабақ, үнтаспа, карточкалар т.б.

Сабақтың барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңі. Ой ашар.

2.     Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген ерлік туралы мақал-мәтелдерді жатқа айту, сол мақалдарға арнап сурет салу әңгімелеу тапсырылған. 2, 3 оқушыдан сұралып, қалған оқушылар "Галереяны аралау” стратегиясы бойынша үй жұмысын пысықтайды.

ә) күз туралы суреттер көрсету, әңгімелеу.

Жаңа сабақ: Ер Тарғын жырынан үзінді.

Сабақты бастамас бұрын бір шумақ өлең оқылады.



Ой қозғау: Енді "Ер Тарғын” сөзіне түсінік берейік, жұпта ой толғау. Ер сөзіне түсінік: ойларын тізбектеп жазамын: ер, ерлік, батыр, ер жүрек, жауынан қорықпайды, жалғыз жауға шабады, мықты т.б. Ер Тарғын жыры туралы айтып, суретін көрсетемін, не байқағандарын сұраймын, басқа да қазақ батырлары туралы сұрақ-жауап аламын. Э

Ал, балалар, енді кітаптың (27-бетіндегі) "Ер Тарғын” жырынан үзінді берілген, соны оқып танысамыз. Қалам алып, түртіп алу жүйесі бойынша (+, ?, v, –) жұмыс жүргізіп, сөздік жұмысты жүргізетінімізді ескертемін.

Мәнерлеп оқытамын. Диалог сұраққа жауап аламын.

-         Жыр кімнің атынан баяндалған?

-         Жырда қанша кейіпкер бар? т.б. сұрақтар қоямын.

Сөздік жұмысын (—) жүргіземін. Түсінбеген сөз, сөз тіркестерін өздерінен сұрақ-жауап алып, күрделі сөздерге түсінік беремін. Рольмен оқытамын. Топта талдау жұмысы, топпен жұмыс стратегиясы бойынша әр үй тобына сұрақтар жазылған карточкалар таратылады. Әр топқа (5 минут) уақыт беріледі.



Топпен жұмыс:

І топтың сұрағы: Жыр қалай басталады? Жыр туралы не білесің?

Жырда қандай батырлар бар?

Оқиға қай заманда болған?

Тарғын кіммен кездесті?

Не үшін кездесті?

Оның сырт бейнесінен нені байқадың?



ІІ топтың сұрағы:  Домбауыл қай елдің батыры?

Ол қандай адам деп ойлайсың?

Саған үнады ма?

Жоқ әлде ұнамады ма?

Неге ұнамады?

ІІІ топтың сұрағы: Жырдан қалмақ батырларының сөзін тап.

Ол Ноғай елінің батырын неге теңейді?

Дұрыс па? Неге?

Келісесің бе?

Келіспейсің бе?

ІV топтың сұрағы: Ер Тарғын қай елдің батыры?

Оның жауабын тауып бер, саған ұнады ма?

Тарғын қандай деп ойлайсың?

Мінездеме бер.



V топтың сұрағы: Тарғын қалай аман қалды?

Оқиға қалай жалғасты?

Екі батырдың шайқасуы туралы не айтар едің?

Кім жеңіске жетті?

Топпен жұмыс талданып болған соң әр топқа уақыт беріліп, қағаз таратылады. Сонан соң ақ ватманға қорытынды ой жазылады.

Сабақты қорыту.

-         Біз бүгін не үйрендік?



-         Батыр болу, елін қорғауға дайын болу т.б.

Сабақты бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларға шашу ретінде сыйлықтар таратылып, бағаланады.  

Үй тапсырмасы: Жырдан үзінді беріліп, музыка тыңдату, сыйлық үлестіру, қонақтарға дулығаның суретін тарату. Тілек: "Сіздерді батыр бабаларымыздың рухы қолдап, қорғап жүрсін!”





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет