Ақтөбе флористикалық округы флорасының зерттелу тарихы


Зерттеу объектісі, зерттеу нысаны, зерттеудің негізгі нәтижелері



бет2/3
Дата29.04.2024
өлшемі25,12 Kb.
#201558
1   2   3
Байланысты:
ФФН 10 апта мөж

Зерттеу объектісі, зерттеу нысаны, зерттеудің негізгі нәтижелері
Флорогенетикалық процестерге әсерін тигізетін факторлар табиғи және антропогенді болады. Антропогенді факторлар әсер еткенде флорогенезді құрайтын факторлардың: миграциясының, жойылу процестерінің, бір түрдің екіншісімен ауыстырылуының бағыты өзгеріп, динамикасы ұлғаяды. Ал, ол кезегінде флора табиғатының өзгерісіне — синантропизациясына әкеледі.
«Синантропизация» термині дегенде, флораның антропогенді трансформациясы процесінің ең соңғы нәтижесі - адамның әрбір тікелей немесе жанама әсер етуінен өсімдік жабыны мен флораның өзгерісін түсінеміз. Бұл процестердің табиғи ортаға әсерін тигізетін негізгі факторлары болып, урбанизация, индустриализация, ортаның химизациясы (токсикациясы), тіршілік ортасының эутрофикациясы, су режимінің және ландшафт құрылымының өзгерісі саналады.
Жалпы, көптеген жерлерде синантропизацияның көріну сатылары мынадай:
1. Аборигенді түрлер мен бөтен елді жерден келген (адвентивті) түрлердің араласуынан көрінетін флора құрамының гетерогендігі.
2. Қалалар флорасының кедейленіп, олардың жаңа элементтермен толықтырылуы.
3. Адаммен таралатын, яғни гемерофильді түрлер үлесінің көбеюі.
4. Антропогенді күштерге сезімтал, яғни гемерофобты түрлер үлесінің азаюы.
5. Эволюция процесінің жеке және популяциялық деңгейде тездетілуі.
6. Бөтен елді мекен түрлері мен жергілікті бірлестіктердің араласып, жаңа түрлер түзуі.
Жалпы дала зонасындағы қалалар агломерациясының флорасы аборигенді флора мен кездейсоқ келіп қалған түрлерден құрылған. Сол себептен, құрылымы мен флорогенетикалық процестерді түсіну үшін жергілікті флораның фондық әсерін ескеру қажет.
Урбанофлоралардың негізгі сипаттамасы олардың құрамындағы гемерофильді түрлердің көбейіп, гемерофобты түрлердің азаюынан флораның кедейленуі болып табылады. Гемерофильді түрлерге апофиттер мен антропофиттер жатады (әдетте адвентивті түрлер). Гемерофобты түрлер көбіне өздерінің өсу аймағынан антропопрессия құбылысы нәтижесінде шығып қалады (мысалы, өндіріс орындары мен көліктер көптілігі). Соның нәтижесінде фитоценоздар деградацияға ұшырайды. Қазақстанның батыс өңіріне көз жүгіртсек, Ақтөбе қаласы бойынша ластаушы көздер «Ақтөбе хром қосындылар зауыты» акционерлік қоғамы, «Ақтөбе ферроқорытпа зауыты» акционерлік қоғамы, «Ақтөбе жылу электр орталығы» акционерлік қоғамы болып табылады. «Ақтөбе ЖЭО-ғы» газбен және сұйық отынмен жұмыс жасайды, соның салдарынан қоршаған ортаға 70 % азот қышқылы тарайды. Ал Ақтөбе ферроқорытпа зауыты айналамызды қатты заттармен ластайды. Қобда ауданында флораның антропогендік трансформациясы мал жаю, шөп шабу, жер жырту, жолдық деградация нәтижесінде туындайды. Мартук, Қарғалы аудандарының флорасы да механикалық факторлардың әсерінен антропогендік трансформацияға ұшыраған. Әйтеке би ауданындағы Ырғыз өзені өсімдіктер жамылғысының антропогендік трансформациясы мал шаруашылығының дамуынан, жасанды шөп егу және пішен ору, ауыспалы жайылым нәтижелерінен туындап отыр. Ойыл өзені аңғарының флоралық сипаттамасына, өзекті мәселелеріне А.Н.Телеуов тоқталып өтті. Осылай қоршаған ортаға механикалық және химиялық әсер ету нәтижесінен фитоценоздың мынадай «қауіпті» аймақтары қалыптасады:
1. Бос, қаңырап қалған, шөлейттенген аймақтар;
2. Тек бұта тәрізді өсімдіктер аймағы;
3. Ағаштардың мүлдем жойылу аймағы;
4. Ағаштардың тұрақты өсу деңгейінің төмендеуі;
5. Зауыттардың әсер ету аймағы[10].
Апофитизацияның немесе аборигенді флора түрлерінің синантропты бірлестіктерге енуінің үлкен маңыздылығы бар және ол флораның антропогенді трансформациясының көрінуінің бір формасы болып есептелінеді. Апофиттер кен өндіру аймақтарында, бос, жалаңаш жерлерде, теміржол маңында және тұрғын үйлер маңында өседі. Бұлардың кейбір түрлері тарала алады. Апофиттердің негізгі таралу және орын ауыстыру жолдары-темір жол үйінділері, жолдардың маңы, өзендердің жағасы, су қоймалары, теңіздер маңы. Қазіргі кезде далалық зоналардың табиғи экотоптары мықты бұзылғандықтан, бұл жерлерде өсетін өсімдіктердің көпшілігін арамшөптер құрайды. Р.Вебер бойынша, арамшөптер – жартылай мәдениетті өсімдіктер: адамдар оларды өсірмейді, бірақ олардың таралуына жағдай туғызады. Мұндай жағдай тоқтатылғаннан кейін, арамшөптер зоналық өсімдіктермен ауыстырылады, бірақ орын ауыстыру жылдамдығы сол жердің өсімдіктер жабынының бұзылу деңгейіне және бұл аймаққа адамның әсер ету ұзақтылығына байланысты болады. Қазіргі рудеральды өсімдіктер жабыны Вебер бойынша (рудеральды арамшөптер көбіне урбандалған аймақтарда кездеседі) негізінен мына жерлерде кездеседі:
1. Ауыл маңында - шаруашылық қожалықтарында, минералдық заттарға топырағы бай жайылымдарда;
2. Жиналған қалдықтар маңында;
3. Үйінділерде
4. Байланыс жолдары мен тиеу аймақтарында - бұл жолдармен көбіне әртүрлі адвентивті өсімдіктер тұқымдары түседі және таралады.
Ерекше назарда қазір көп таралған адвентивті түрлер аудартады. Флористиканың ерекше бағыты ретінде адвентивті флораны зерттеу тек 19 ғасырда қалыптасты және 20-шы ғасыр бойы аймақтық флораларды талдауда нақты бағытын тапты, жаңа тәсілдер мен ғылыми терминологияға ие болды.
Әдетте өсімдіктердің адвентивті түрлерін субэлемент ретінде антропофильді немесе синантропты элементке қосады. Адвентивті субэлемент дегеніміз — жабайы өсетін өсімдіктер жиынтығының жаңа жерлерге жеткізіліп (адамның тікелей және жанама әрекетінен өз ареалдарынан алыстауы), табиғи және (немесе) жасанды ортаға жерсінуі. Адвентивті өсімдіктер болып, сол территорияның флорогенезінің жалпы дамуына қатысы жоқ өсімдіктер есептелінеді. Адвентивті өсімдіктердің бірқатар ерекшеліктері бар:
1. Сол территорияда бұрын-соңды табылмаған;
2. Сол территорияда археологиялық қазба жұмыстары жасалғанда да табылмаған;
3. Өте сирек кездеседі (2-шілік өсетін орындарында да);
4. Барлық тіршілік циклын өтпейді немесе өте сирек өтеді;
5. Сол территорияда жақын туыстары жоқ;
6. Ол негізгі ареалынан көшкен;
7. Негізгі тарату факторы болып адам саналады.
Адвентивті түрлердің сипаттамалары көп болғанымен, оларды жан-жақты сипаттауға жеткіліксіз. Қазіргі кезге дейін олардың бірде-бір классификациясы жоқ. Шет елдерден зерттелмеген жүктердің көп келуіне байланысты карантинді объектілердің ену қауіптілігі жоғары. Карантинді қауіпті жүктерге астық тұқымдастары, жемісжидектер, көкөністер, гүлдер т.б. жатады. Сонымен қатар карантиндік бақылауға ботаникалық бақтар, элеватор, сауда базарлары, орман шаруашылығы да алынған. Адвентивті өсімдіктердің алғашқы пайда болу ошағын жою мақсатында «Қазақстан Республикасының өте қауіпті, зиянды организмдер мен карантинді объектілерінің тізімі»
(10.12.2002ж) құрылған. Ол мынадай 2 қатардан тұрады:
1. Күрес Республикалық бюджет есебінен жүзеге асатын карантинді объектілер
2. Ерекше қауіпті, зиянды организмдер.
1-ші қатарға профилактикалық шаралар қолдануға болса, 2-ші қатарға күресудің биологиялық тәсілдері қолданылуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет