ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Жаратылыстану факультеті
Биология кафедрасы
МӨЖ
Тақырыбы: Ақтөбе флористикалық округы флорасының зерттелу тарихы Оқытушы: Базаргалиева А.А.
Студент: Куантаев А.С.
Мамандығы: 7М05101
Ақтөбе, 2024ж
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ФЛОРАСЫНЫҢ
АНТРОПОГЕНДІК ТРАНСФОРМАЦИЯЛАНУ ПРОБЛЕМАСЫ
Қазкеев Е.Т., Тулеуова Ғ.А., Қамысбаева Д.С.
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Кіріспе Биоалуантүрлілікті, соның ішінде флоралық әртүрлілікті зерттеу және сақтау қазіргі заманның басты әрі көкейкесті мәселелерінің бірі. Дала зонасындағы түрлерді сақтау мәселесі айрықша көңіл аудартады, өйткені Еуропа далалары бүкіл ландшафты зона экожүйелерінің антропогенді прессингке түсетіндігінің нақты мысалы болып отыр. Қалалар мен қала агломерацияларының флорасы немесе урбанофлоралар антропогенді трансформацияланған типке жатады. Өзгерген (трансформацияланған) флора — бұл белгілі бір жерде антропогенді факторлардың әсерінен зоналық флораның өзгерісін көрсететін өсімдіктер түрлерінің жиынтығы [2]. Экожүйелердің антропогендік трансформациясы мәселелерімен айналысып жүрген Қазақстандық ғалымдардың пайымдауынша, Қазақстандағы антропогендік трансформация барлық жерлерде факторлар комплексімен және олардан туындайтын процестермен анықталады. Оларды шартты түрде 3 топқа біріктіруге болады:
1. Табиғи — өсімдіктер жамылғысында шапшаң, кейде апатты алмасуларға әкеліп соқтыратын (су тасқыны, теңіздер мен көлдердің трансгрессиясы мен регрессиясы);
2. Антропогендік-себептік (өзендер ағысын реттеу, жасанды су қоймаларын құру, мелиорация және т.б) — бұлар да кейде өсімдіктерде апатты алмасулар тудыратын немесе су астында қалдыру, қайта сорлану, батпақтану және шөлдену секілді алдын ала болжанбаған процестердің біртіндеп жүруіне әкеліп соғатын;
3. Антропогендік — тікелей адамдардың шаруашылық іс-әрекеттерімен байланысты: мал жаю, шөп шабу, жолдық деградация, жер жырту, техногендік әсер – өсімдіктер жабынында қысқа мерзімдік немесе ұзақ уақытқа созылатын бұзылулардың пайда болуына әкеліп соқтыратын факторлар мен процестер. Бұл үш топ өзара байланысты. Бұл орайда алдыңғы екі топқа жататын факторлар үшінші топ факторларынан туындайтын өзгерістердің жүретін экологиялық ортасы (фоны) секілді болып табылады. Соңғы, яғни адамдардың шаруашылық іс-әрекеттерімен байланысты факторлар, бірінші және екінші топтар туғызған жағымсыз процестерді едәуір тереңдетеді және өсімдіктер сукцессияларындағы векторлар бағытының өзгеруіне күшті әсер етеді. Антропогенді күштердің дәрежесі мен күштілігі 1-шіден 6-шыға дейін жоғарылайды. Барлық топтарға тән жалпы белгі болып, флорогенездің ең жас формасы-антропогенді трансформация процесі дамуы кезінде көрінетін антропогенді факторлардың айқын әсері. Олар әдетте адам шаруашылығы мен соған байланысты шаруашылық түрлері мен обьектілері жинақталған жерлерде пайда болады және әсер етеді. Ал, флорогенез дегеніміз, классикалық анықтамаға сүйенсек, географиялық жағдайға байланысты флораның пайда болуы (генезисі), көшуі (миграциясы) және тасымалдануы (трансформациясы) [8]. Флорогенез кезінде систематикалық және географиялық әртүрлі, әртүрлі жастағы және әртүрлі экологиялық түрлер біріккен кешен құрады. Олар әртүрлі экологиялық және тарихи факторлардың арқасында өсетін жерлерінің жағдайына сәйкес бірігіп дамиды