Мотивациялық-
қозғаушылық
|
Шаттық шеңбер
Біз ерекше баламыз
Айтқан тілді аламыз.
Достарымды көргенде
Қуана қарсы аламын.
Сәлем, сәлем, сәлем.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінің ерекшеліктерін атап өтейікші.
|
Шаттық шеңберге тұрып тәрбиешімен бірге қайталайды.
-Қыс мезгілі.
-Күн суық, аяз, боран болады. Даланың бәрі аппақ қарға малынған.
|
Ұйымдастырушылық
ізденістік
|
Тосын сәт.
Есік қағылады. Қуыршақ Сәуле келеді. Балалар Сәулемен амандасады.
-Балалар, біз - қазақ халқы қонақжай халықпыз. Халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән берген. Қонақты үй иесі қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге кіргізіп, өзі шығарып салады. Қуыршақ Сәулеге өзімізің қонақжайлы-лығымызды көрсетіп, сыйлайық. Қонақ күту үшін ыдыс-аяқ қажет. Ыдыс-аяқ күнделікті тамақты дайындап, ішіп жеу барысында пайдаланылатын тұрмыстық заттар жиынтығы. Ыдыс-аяқ қолдану жағдайына байланысты тамақ дайындайтын: кастрөлдер, табалар, қазан, ожау, тәрелкелер, табақ, қасық, шанышқы, кесе, стақан, саптыаяқ және тамақ сақтауға арналған ыдыстар деп бөлінеді. Біз бүгін қуыршақ Сәулеге дастархан жаямыз. Дастархан жаю ретін көрсетеді, түсіндіреді.
- Мынау шай шығаратын шәйнек.
- Мынау кішкентай қасық. Ол не үшін керек?
- Мынау кесе. Онымен шай ішесіз.
- Дастархан басында өзіңді қалай ұстау керек?
Жұмбақ
Кесе шыны пиала,
Оларсыз шай құяма?
Қасықсыз тамақ жемейміз
Бәрінің атын не дейміз.
Cергіту сәті
Дастарханды жаямыз,
Ыдыстарды қоямыз.
Тағамдарды әкеліп,
Дастарханға қоямыз.
Ойын: «Ыдыс аяқты ажырату»
Шарты: Ойыншықтардың арасынан ыдыстарды ажырату.
Жарайсыңдар, балалар, сендер ойынды жақсы ойнадыңдар.
Балалар қуыршақ Сәуле сендерді «қонақжай сыпайы балалар екен» деп жатыр.
Ол сендерге риза болды. Балалар бізде қонақ кәде болады.
Қуыршақ Сәулеге қонақкәдемізді ұсынайық. Қуыршақ сәулені шығарып салайық.
|
Балалар сабаққа қызығушылық танытады. Қуыршақ Сәулемен амандасады
Тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.
Кішкентай қасықты шай ішкенде қолданамыз.
Дастархан басында сөйлеуге болмайды. Ыдыстарды тарсылдатпау керек
Балалар ойыншықтың ішінен ыдысты ажыратады.
|