(Т) Психологиялық дайындық.
Жүректен - жүрекке
Қолымызға мына кішкене жүрекшелерді ұстап тұрып мына өлең жолдарын
бірге айтамыз.
Бәрін де жақсы көремін,
Үнемі көмек беремін.
Үлкенді сыйлау - кішілік,
Үлгілі мінез - кісілік.
Осындай жылы жүректерге толы шеңбер аясында тұрып, қуанышты көңілмен сабағымызды бастайық.
Оқушыларды II топқа бөлу.
Ең алдымен ағаш ыдысқа шұжық, бауырсақ, қымыз суреттерін таратамын,сол бойынша топқа бөлу.
(Ұ)Бірлесе оқу әдісі арқылы буындарды қосып оқу.
. Миға шабуыл
Слайдта дастархан жасауының суреттері көрсетілген.
-Балалар, суретте не бейнеленген?
-Не көрсетіліп жатыр?
-Ендеше сабақтың тақырыбы қандай?
Экранда сабақтың тақырыбы мен мақсаты жазылған.
(МК) Тыңдалымға арналған тапсырмалар. Мәтінді тыңдау.
Мақсатпен тыңдау/түртіп алып жазу/
Әр топ 2-3 түйін сөздерді дәптрлеріне жазып отырады.
Әр топқа мәтіндер таратылады, оқушылар оқиды.(2 мин)
Қазақ халқының қонақжайлылығын, дастархан жаю әдебін ,ерекшелігін түсіндіру.
(Ж) Сәйкестендіру сауалнамасы
Қонақасы- Бұл-әр жыл сайын қайталанып отыратын қыстық,азық-түліктің мол қоры. Оған түйе,жылқы,сиыр сияқты ірі мал сойылады.
Қалжа- Сыйлы қонақтарға,алыстан келген құрметті кісілерге,сойылған малдың басы малға бата жасаған жасы үлкен кісінің алдына қойылады.
Бас тарту- Қадірменді,сыйлы адамға арнайы сақталған соғым еті.
Соғым- Қонаққа арнап әзірленген тағам.
(Ж,қ) Деңгейлік тапсырма
Оқушы деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
ІІІ деңгей Тақырыпқа байланысты шағын эссе жазады.
ІІ деңгей Тақырыпқа сай мақал жазып,мағынасын ашу
І деңгей Өлең шығару
(МК) Аудиомәтін тыңдау
Біздің халқымыздың құрметті қонақтарына ұсынатын басты тағамы-қазақша ет. Сыйлы қонаққа малдың басын тартады.
Табақ тарту-үлкен өнер, елдікке сын. . Аталған табақтарға сай жілік (ет) мүшелері болады. Ол мүшелерді ауыстыруға болмайды. Табақ тартуға қазақтар ерекше көңіл бөліп отырған.
|