ІІ деңгей. Мәтінмен жұмыс (интертақта)
Артық болмас білгенің....
1) Ай-жердің серігі. Ай жер шарынан көп кіші: диаметрі жағынан 4есе дерлік, көлемі жағынан 49 есе кіші. Ай бетінде ыстық күндіз 130 градусқа жетеді. Оның есесіне түнде минус 170 градус аяз болады.
2)Адам организмінде 300 грамдай тұз бар.Ол тұздың қоры термен т.б. шығарылып, тағам құрамындағы тұзбен толықтырылып отырады.
Адамға тәулігіне 10-15 грамдай ғана тұз керек. Одан артық пайдалану зиян. Артық тұз гипертония ауруын қоздырады.
Тапсырма: Осы мәтін ішіндегі сан есімдерді теріп жазып, дара сан есімдер мен күрделі сан есімдерді анықта.
2) "Білім мен дәстүр" сыны ойыны
Осы сандарға байланысты халқымыз қазақ ұғымында 1,3,5,7,9,40 секілді сандардың бәрін бір ырымға негіздеп, киелі деп есептеген. Сондықтан да менің қоятын сұрағым осы төңіректі қамтиды.
1. Жеті атаңды ата (ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене)
2. Халқымыздың кие тұтқан сандарын ата (7,9)
3. Үш арсызды ата (ұйқы, тамақ, күлкі)
4. Жігіттің үш жұрты (өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты)
5. Төрт түлік (қой, сиыр, жылқы, түйе)
6. Ер қаруы бес қару (найза, садақ, шоқпар, қылыш, айбалта)
7. Қонақтың төрт түрі (арнайы, қыдырма, құдайы, қылғыма)
8. Үш бәйтерек (Ілияс, Сәкен, Бейімбет)
9. Бес арыс (Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек)
10. Халқымыздың сан есімдерден басталып айтылатын ұлттық ойындары қалай аталады? (тоғызқұмалақ, алтыбақан)
«Мақсұтым-тіл ұстартып, өнер шашпақ» дегендей, бұл сабақта Абай атамызды айтпай кетуге болмайды. Абай атамыздың «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең» демекші, біздің күнделікті тұрмысымызда, той- думандарда айтылып жүрген өлең тақырыптарының кейбірі санмен аталады.
Мысалы, қандай әндерді білесіңдер? (Бір бала, Жиырма бес, Екі жирен, Бір келіншек, Он алты қыз, Сегіз аяқ)
Достарыңызбен бөлісу: |