III деңгей-эвристикалық 1-деңгей –суретпен жұмыс.Суретке қарап сан есімдерді қатыстырып, бір-екі сөйлем жазыңдар.
2-деңгей-сауалнама сұрақтарымен жұмыс. Сауалнама сұрақтарына жауап беріңдер.
1. Сан есім сөздің қай тобына жатады?
А)көмекші есім Ә)атаушы сөз Б)одағай
2.Күрделі сан есім қалай жасалады?
А)қосарлану арқылы Ә)тіркесу арқылы Б)қосарлану және тіркесу арқылы
3.Тіл туралы Заң 1997 жылы 11 шілдеде қабылданды.Бұл сөйлемдегі сан есімдерді көрсет.
А)11 шілде Ә)1997 жылы Б)1997 жылы 11 шілде
4.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «... жылы Қазақстан ауасы таза,мөлдір сулы,жасыл желекті елге айналуы тиіс»,-деді.Көп нүктенің орнына тиісті сан есімді қойыңыз.
А)2013 Ә)2030 Б)2035
5.Биыл Тәуелсіздігімізге 20 жыл толып отыр.Бұл сөйлемде сан есім қандай сұраққа жауап береді?
А)қандай? Ә)неше? қанша? Б)нешеу?
3-деңгей- жеке оқушылармен жұмыс.
1.Егер мен дәрігер болсам... (ой толғау)
2. «Математика сабағында» деген тақырыпта әңгіме құрастыр.
3.»Біздің сынып» атты хабарлама жаса.
4.Төмендегі тірек сөздерді пайдаланып,сан есімі бар сөйлемдерден тұратын мәтін құрастыр.
Атам мен әжем. Жеке меншік мал. Кезектесіп бағу. Ауыл өмірі. Көңілді сәттер.