Атом құрылысы



Дата14.11.2022
өлшемі0,54 Mb.
#158085
Байланысты:
11-сабақ. 3-топ металдары. Алюминий.

Нұр-Сұлтан қаласы, №88 мектеп-лицейі

  • www.astana-modern.kz
  • Тақырыбы: ІІІ А топ металдары. Алюминий және олардың қосылыстары.
  • 9 – сынып
  • Химия пәні мұғалімі: Тагаева Улмекен Бизаковна
  • 9.2.1.5 - атом құрылысы негізінде алюмнийдің қасиеттерін түсіндіру
  • ІІІ А топ топша элементтерін біледі;
  • алюминийдің қасиеттері мен қолданылуын меңгереді
  • Оқу мақсаты
  • ІІІ топ элементтері. Алюминий.
  • Бор, алюминий, галлий, индий, таллий элементтері ІІІ топтың негізгі (А) топшасын құрайды. Осы элементтердің бәрі әр периодтағы алғашқы р-элементтеріне жатады. Элементтер химиялық қосылыстарында негізінен ІІІ валентті, ал тотығу дәрежелері +3.
  • ІІІ А топшасы элементтерінің ішіндегі маңыздысы - алюминий.
  • Алюминий – 13 топтың үшінші периодтың элементі. Химиялық таңбасы – Al, реттік нөмірі – 13, Ar (Al) = 27. Ядро заряды +13, атомның құрамы (13 p+, 14 n0)
  • Атомның электрондық конфигурациясы – 1s22s22р63s2 3p1.
  • Алюминий – қарапайым металл. Ол тотығып, 0 және +3 тотығу дәрежелерін көрсетеді. Алюминий кристалдық торының типі – жақтары центрленген куб.
  • Алюминий жер қыртысының массасының 8% құрайды және таралуы бойынша металдар арасында алдыңғы орынды, ал барлық металдар арасында үшінші орынды алады. Алюминий алынатын негізгі материал – құрамында гидратталған алюминий оксиді бар боксит.
  • Алюминийдің физикалық қасиеттері
  • Алюминий – күмістей ақ металл, тығыздығы 2.7 г/см3 тең және балқу температурасы 660°С. Электр тогын және жылуды жақсы өткізеді.
  • Алынуы. Алюминий өте белсенді болғандықтан, оны Жер бетінен айырып алу қиынға соғады. Алюминий өте тұрақты және айыруға қиын қосылыстар түзеді. Алюминийді айырып алу үшін көптеген химиялық процестер қолданылады.
  • 2Al2O3 → 4Al + 3O2↑
  • Химиялық қасиеттері
  • Алюминий күшті тотықсыздандырғыш
  • А) жай заттармен әрекеттесуі:
  • 4Al + 3O2 = 2Al2O3
  • 2Al + 3Cl2 = 2AlCl3
  • 4Al + 3C = Al4C3
  • Ә) күрделі заттармен:
  • Арнайы тазартылған алюминий сумен және қышқылмен әрекеттесіп сутегін бөледі.
  • 2Al + 6HOH = 2Al(OH)3↓ + 3H2↑
  • 2Al + 6HCl = 2AlCl3 + 3H2↑
  • Химиялық қасиеттері
  • Алюминий оксиді мен гидроксиді екідайлы қасиет көрсетуіне байланысты алюминий сілтімен әрекеттескенде натрий алюминаты және сутегі бөлінеді
  • 2Al + 2NaOH + 2H2O = 2NaAlO2 + 3H2↑
  • Al + 4HNO3 = Al(NO3)3 + NO↑ + 2H2O
  • Al + 4HNO3 (конц) → әрекеттеспейді, себебі алюминийдің беті Al2O3 оксидтік қабыршақпен қапталып қалады, оны пассивтену деп атайды.
  • Алюминий химиялық белсенді болғандықтан өзінен белсенділігі төмен металдарды олардың қосылыстарынан ығыстырады.
  • 2Al + 3CuSO4 = Al2(SO4)3 + 3Cu
  • 2Al + Fe2O3 = Al2O3 + 2Fe (алюмотермия реакциясы)
  • Алюминийдің қолданылуы
  • 1-тапсырма. Мына реакциялардың теңдеулерін аяқтап, электрондық баланстарын құрып теңестіріңдер.
  • Al + HNO3 (сұйық) =
  • Al + NaOH + H2O =
  • Al + HCl =
  • Дескриптор:
  • - реакция өнімдерін жазады;
  • - реакцияны электронды-баланс әдісімен теңестіреді.
  • Бекіту сұрақтары
  • 2-тапсырма. Егер 1 кг кеннен 756 г алюминий оксиді алынса, алюминийдің боксит кеніндегі массалық үлесін (%) есепте?
  • Есепті шығару алгоритмі:
  • Алдымен 1 моль алюминий оксидінің (Al2O3) массасын есепте.
  • 1 моль m (Al2O3) = ______ г
  • Одан кейін, 1 моль алюминий оксидінде (Al2O3), яғни 102 г-да қанша грамм алюминий бар екенін есепте.
  • 1 моль (Al2O3)-тегі m (Al) = _______ г
  • Енді, 756 г алюминий оксидінде (Al2O3) қанша грамм алюминий бар екенін есепте. Нәтижені ең жақын бүтін санға дейін дөңгелектеп көрсет.
  • кендегі m (Al) = _______ г
  • Ең соңында, кендегі алюминийдің массалық үлесін есепте.
  • кендегі ω (Al) = ________ %
  • 3-тапсырма. Массасы 1 т темір алу үшін қанша алюминий керек және осы кезде қанша жылу бөлінеді?
  • Fe2O3 + 2Al = Al2O3 + 2Fe + 829 кДж
  • Бекіту тапсырмалары
  • Дескриптор:
  • - алюминийдің массасын анықтайды;
  • - бөлінетін жылудың мөлшерін есептейді.

Қорытынды

  • Бүгінгі сабақта:
  • 3 А топша металдарын білдім;
  • алюминийдің табиғатта таралуы мен қолданылуы;
  • алюминийдің физикалық және химиялық қасиеттері туралы білімді меңгердім.

Оқу тапсырмасы

  • Алюминий ыдыста ас содасын сақтауға болады ма? Дәлелді жауап беріңдер.
  •  


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет