Әрбір элементтің өзіндік химиялық таңбасы бар. Оны шведтің әйгілі химигі И.Берцелиус ұсынды. Ол элементтің латынша атауының бірінші және одан кейінгі әріптерінің біреуін қоса алғанда шығады.
Мысалы: Оттегі (Оxygenium) – О,
сынаптың таңбасы – Hg (Hydrargyrum),
темірдің таңбасы-Fe (Ferrum), т.б.
Химиялық таңба – берілген элементті және оның бір атомын бейнелейді.
Химиялық элементтер: металдар мен бейметалдар болып бөлінеді.