Атомдар микробөлшектерге жатқанымен олардың әрбірінің өзіндік массасы бар.
Атомдардың массасы өте аз шама, макродүниедегі массаның өлшемі-граммен не кг өлшеуге болмайды. Ең жеңіл сутек элементі атомының массасы m(Н) ═0,000 000 000 000 000 000 000 000 001663 кг-ға тең, 1,67∙10 -24 г.
Табиғатта кездесетін ең ауыр элемент уран атомының массасы m(u) ═3,95∙10 -22 г.
Атомдық массаны осылай өрнектеу қолайсыз болғандықтан арнайы өлшем бірлігі- (м.а.б.) алынды.
Массаның атомдық бірлігіне көміртек атомы m(С) массасының 1/12 бөлігі алынады.