«Атомдық және кванттық физика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 11.8.1.5 - фотоэффектінің табиғатын түсіндіру және оны
қолдануға мысалдар келтіру;
11.8.1.6 - фотоэффектінің заңдары мен Эйнштейн теңдеуін есеп шығаруда қолдану
11.8.1.8 - фотосинтез және фотография үдерісін мысалға келтіре отырып, жарықтың химиялық әсерін сипаттау
11.8.1.14 - сутегі атомының энергетикалық құрылымына сүйене отырып, сызықтық спектрдің табиғатын түсіндіру;
Бағалау критерийі
Білім алушы
Ішкі және сыртқы фотоэффект құбылыстарын бір-бірінен ажырата отырып, фотоэффект құбылысының қолдану аясына мысалдар келтіреді;
фотоэффектінің қызыл шекарасының толқын ұзындығын анықтайды;
жарықтың химиялық әсерін сипаттайды;
сутегі атомының энергетикалық құрылымына сүйене отырып, оның шығару спектрінде қанша сызықты көруге болатындығын анықтайды;
Ойлау дағдыларының деңгейлері
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
25 минут
Орындау уақыты Тапсырмалар
1. (а) Ішкі және сыртқы фотоэффект дегеніміз не?
Ішкі фотоэффект ............................................................................................................................ .......................................................................................................................................................... Сыртқы фотоэффект .....................................................................................................................
.......................................................................................................................................................... [2]
(b) Фотоэффект құбылысының қолдану аясына екі мысал келтіріңіз.
..........................................................................................................................................................
..........................................................................................................................................................
[2]
Электрондардың күмістен шығу жұмысы 7.85×10-19 Дж. Күміс үшін фотоэффектінің қызыл шекарасының толқын ұзындығын анықтаңыз.
[2]
Жарықтың химиялық әсерін сипаттап жазыңыз.
..........................................................................................................................................................
.....................................................................................................................................................[1]
4.Сутегі атомының қозбаған күйінде электрон 12 эВ энергия алады. Сутек атомының негізгі күйінің энергиясы -13.6 эВ.
Осы электрон төменгі энергетикалық күйге өткенде, сутек атомының шығару спектрінде қанша сызықты көруге болады?
[2]
Сутегі атомының бірінші Бор орбитасында электронның де Бройль толқын ұзындығын анықтаңыз.
Бірінші Бор орбитасының радиусы 5.3×10-11 м, электрон массасы 9.1×10-31 кг, электрон заряды 1.6×10-19 Кл, h=6.63×10-34Дж×с;
[4]
Жалпы балл: 13