Қатты денелердің морт беріктілігі Қатты денелерде негізінен екі қирау түрі байқалады: морт сынғыш және пластикалық, немесе тұтқыр. Морт сынғыш қирау материалдың беріктілік шегі серпімділік шегінен төмен болғанда болады. Осындай материал қирау алдында тек қана серпімді деформацияға ұшырайды. Қирау кезінде мұндай материалдарда ешқандай қайтымсыз өзгерістер болмайды.
2.25 – сурет
Пластикалық материалдарда серпімділік шегі беріктілік шегінен ғана емес, сонымен бірге аққыштық шегінен төмен. Сондықтан қирау процесінің алдында осы процесті дайындайтын жеткілікті дәрежеде пластикалық деформация болады. Бұл кездегі беріктілік қиратушы әсердің уақытына байланысты болатын кинетикалық шама болып табылады. Алдымен қатты денелердің морт беріктілігін қарастырайық.
Қатты денелердің теориялық беріктілігі. Молекулалардың өзара әсерлесуіне сүйеніп қатты денелердің беріктілігін есептеуге көптеген әрекеттер жасалды. Осылай анықталған беріктілік теориялық беріктілік деп аталады.