Қатты денелер физикасы



бет199/252
Дата28.01.2018
өлшемі26,78 Mb.
#34638
түріОқулық
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   252

,

мұндағы А – ядро мен электрондық қабықшалардың электростатикалық өзара әсерлесуін анықтайтын шама (кәдімгі электростатикалық өзара әсерлесу), С және D – «алмасу энергия» деп аталатын интегралдар. Ол электрондарды бір-бірінен ажырата алмаудан және олардың симметриялы емес толқындық функциялармен сипатталуы қажет екендігінен туындап отыр (бұл интегралдар симметриялы емес толқындық функцияларға қолданылатын операцияларға байланысты). Алмасу энергияларының бар екендігін классикалық физика түсіндіре алмайды, оның табиғаты әлі толығымен зерттелген жоқ. Көптеген ғалымдар, алмасу энергиясы электростатикалық өзара әсерлесу энергиясына Паули принципінің қосқан үлесі деп ойлайды.



Сонымен, коваленттік байланыстың табиғаты таза кванттық байланыс, ол электрондарды жұп-жұбымен спині нөлге тең жүйеге жинақтайды. Валенттік электрондар жеке атомдарға емес, толығымен молекулаға тиісті болады. Мысалы, азот молекуласында химиялық байланысқа барлық жұптасқан үш электрондар () түседі. Коваленттік кристалдарға алмаз, кремний, германий, сұр қорғасын жатады. Алмаз құрылымында тордағы әрбір атом көршілес төрт атоммен байланысқа түседі (суретті қара). Әрбір байланысқа көршілес атомдар бір-бір электрон бөледі.

Сонымен, барлық валенттік электрондар байланысқа түседі (әрбір байланыстағы электрондардың спиндері қарама-қарсы таңбалы) және атомдардың байланысы иондық кристалдарға қарағанда нашарлау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет