1.11 – сурет
болғанда тебіліс және тартылыс күштері өзара тең болады да, олардың қорытқы күштері нөлге тең болады (3-қисық), ал өзара әсерлесу энергиялары өзінің минималь мәніне жетеді (1.10 б-сурет). Сондықтан, ара қашықтыққа жақындаған бөлшектер орнықты тепе-теңдік күйде болады, олар бір-бірінен қатаң түрде ара қашықтықта реттеліп орналасып, ішкі құрылысы дұрыс дене – кристалл құрады. Мұндай құрылым байланыс энергиясының абсолют шамасы бөлшектердің жылулық қозғалыс энергиясынан үлкен болған кезде ғана сақталады. Кристалл бөлшектері өзінің тепе-теңдік күйін тастап, емін-еркін қозғала алмайды, себебі осы күйден алыстап кетсе олардың энергиялары артады да, тепе-теңдік қалпына қайтаруға тырысатын күштер пайда болады. Бөлшектер тепе-теңдік қалыпта байланып тұрғандай болады. Олар тек тепе-теңдік қалыптың маңында ретсіз тербелістер жасай алады. Кристалдардың ішкі құрылымын толық сипаттау үшін кристалдық тор ұғымын қолдану ыңғайлы.
Олар Бравэ торлары, базисі бар торлар болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |