Қатты денелер физикасы


Әртүрлі байланыс түрлерін салыстыру



бет25/252
Дата28.01.2018
өлшемі26,78 Mb.
#34638
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   252

Әртүрлі байланыс түрлерін салыстыру
Барлық байланыстардың ішіндегі ең көп тарағаны – Ван-дер-Ваальс байланысы болып табылады. Сонымен бірге, ол ең әлсіз байланыс, оның энергиясы . Таза күйінде бұл байланыс ішкі электрондық қабықшалары толтырылған бейтарап атомдар мен молекулалар өзара әсерлескенде байқалады. Ван-дер-Ваальс күштері инертті газдардың, сутегі, оттегі, азот және көптеген органикалық, бейорганикалық қосылыстардың сұйық және қатты күйде болуын, валенттік молекулалық кристалдардың үлкен тобының байланысын қамтамасыз етеді. Ван-дер-Ваальс байланысының энергиясы өте аз, ол орнықты емес, сондықтан оған негізделген барлық құрылымдар тез ұшып кетеді және қайнау нүктесі төмен болады.

Бейорганикалық қосылыстар арасында кең тараған химиялық байланыс – иондық байланыс. Оған металдармен галоидтардың қосылыстары, металл окистерінің, сульфидтердің және басқа да полярлы қосылыстар жатады. Сонымен қоса, иондық байланыс көптеген интерметалдық (карбидтер, селенидтер, нитридтер және т.б.) қосылыстарға тән. Иондық байланыс энергиясы Ван-дер-ваальс энергиясынан біршама жоғары және жуық шамамен Дж/моль-ге жетеді. Сондықтан, иондық байланыстағы қатты денелердің сублимация жылуы мен балқу нүктесі жоғары.

Валенттік байланыс органикалық қосылыстарда кеңірек тараған, бірақ та бейорганикалық қосылыстарда, кейбір металдарда және көптеген интерметалдық қосылыстарда кездеседі. Бұл байланыстың нәтижесінде алмаз, германий және т.б сияқты валенттік кристалдар пайда болады. Коваленттік байланыс энергиясы да жоғары (~106 Дж/моль), оны балқу температурасының жоғары мен осы байланыспен құрылған денелердің сублимация жылуының көп болуы көрсетеді.

Валенттік электрондардың бірігуі нәтижесінде пайда болатын металдық байланыс металдар мен интерметалдық қосылыстарға тән. Бұл байланыстардың энергиясы валенттік байланыс энергиясынан бір дәрежеге артық.

Сонымен, сутектің байланыс басқа байланыстармен салыстырғанда әлсіз болғанымен, табиғатта ең басты орында тұрады.

Қорыта айтқанда, қарастырылған байланыстар нақты қатты денелерде таза күйінде тіпті кездеспейді десе де болады. Әрқашан да, екі және бірнеше байланыстар бірге кездеседі. Олардың біреуі денелердің құрылымы мен қасиетін анықтауда басты орында тұрады.

Тебіліс күштері
Атомдар немесе молекулалардың өзара әсерлесулері нәтижесінде пайда болатын орнықты жүйе құру үшін, тартылыс күші, сонымен қоса олардың бір-біріне өте жақындап кетуімен, толығымен қосылуын болдырмау үшін тебіліс күші де қажет.

Тебіліс күші ең алдымен, оң зарядтар жинақталған ядролардың өзара әсерлесулерінен пайда болады. Бұл өзара әсерлесу энергиясы ядролардың ара қашықтықтары мен электрондық қабықшаларының экрандалу дәрежесіне байланысты. Кванттық механикалық есептеулер оның мынаған тең екендігін көрсетті:



(1.14)

Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет