Тор симметриясын толығымен өрнектеу үшін элементар ұяшықтарды тұрғызғанда бөлшектер тек қана түйіндерде ғана емес, сонымен бірге басқа нүктелерде де орналасқан деп алады. Бұлар күрделі ұяшықтар деп аталады. Олардың ішінде ең көп таралғандары (1.12-сурет): көлемді центрленген (КЦ), қырлы центрленген (ҚЦ) және базалы центрленген (БЦ).