Қатты денелер физикасы



бет34/252
Дата28.01.2018
өлшемі26,78 Mb.
#34638
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   252
1.12 - сурет
Бұл ұяшықтарды қарапайым ұяшықтарға келтіру оңай, сондықтан осындай ұяшықтары бар торлар - Бравэ торлары деп аталады.

Базисі бар торлар. Барлық торларды бір түйіннің трансляциясы арқылы алуға болмайды. Мысал ретінде 1.13-суретте жалпы түрдегі базисі бар екі өлшемді тор көрсетілген. Суреттен бұл тордың элементар ұяшығының ешқандай тәсілдермен бір түйінді бола алмайтыны көрініп тұр. Осындай торды бірінен кейін бірі қойылған 1,2 Бравэ торлары ретінде қарастыруға болады, олардың әрқайсысы және трансляциялық векторлармен анықталады. Торлардың бір-бірімен салыстырғанда ығысуы қосымша вектор -мен сипатталады, оны базис деп атайды. Ондай векторлардың саны шексіз көп болуы мүмкін.

1.13 - сурет


Осындай типті торларды базисі бар торлар деп атайды. Оны да трансляция көмегімен тұрғызуға болады, бірақ бұл жағдайда бір ғана түйін емес, ал бірнеше түйіндер, базистік векторлар жиынтығы - базис алынады. 1.13-суретте көрсетілген екі өлшемді торды екі және түйіндерден тұратын базисті трансляциялау арқылы алуға болады. 1.14-суретте базисі бар үш өлшемді торға мысал ретінде алмаз торы көрсетілген.

1.14 – сурет


1.14 а –суретте элементар алмаз торының ұяшығы, ал б -суретте ол үзік сызықтармен сызылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет