Кристалдардың ішкі құрылысы тор тәрізді екенін және олардың симметриясы жайында ұғымды ғылымға алғаш рет Р.Аюи (1784) енгізді, оның теориясын А.В.Гадолин (1867), Е.С.Федоров (1890), А.Шенфлис (1891) әрі қарай дамытты. Кристалдардың тор құрылымының рентгенографиялық талдауын алғаш рет (1913) У.Г.Брэгг пен У.Л.Брэгг жасады. Э.Малю жарық поляризациясын (1808), О.Френель сыну теориясын (1821) жасады.
Кристалл торы кеңістік торын құрайды, тордың түйінінде бөлшектер (атом, молекула) орналасқан болады, сонымен осындай реттілікпен қатты денені құрайды.
Сур. 1.1. Кеңістікті тор
Қалың сызықпен ең кіші параллелепипед көрсетілген, бұл параллелепипедтің өзінің үш осі бойынша орын ауыстыруымен барлық кристалды құруға болады. Бұл параллелепипедті элементар немесе негізгі тор ұяшығы деп атайды. Бұл тор ұяшығын сипаттау үшін 6 шаманы беру керек: үш қырын (а, в, с) және осьтер арасындағы бұрыштарын (, , ). Бұл шамаларды тор параметрлері деп атайды. Қарапайым тор түріне куб торы жатады, мұнда а = в = c және = = = 90º.
Тор индекстері. Координата басынан алынған кез-келген тор түйінінің орнын оның x, y, z координатасымен анықтайды.
1855 ж. француз ғалымы О. Бравэ осы кеңістік торлардың ұяларының 14 түрлерін, теориялық жолмен анықтап шықты. Ол жеті сингонияға сәйкес 7 элементарлық ұялары болатындығын анықтады (…6 суретке сәйкес).