Қатты денелер физикасы



бет76/252
Дата28.01.2018
өлшемі26,78 Mb.
#34638
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   252

Осы жазықтықтарды жеткілікті дәрежеде бір-бірінен алыстатқанда олардың арасындағы тартылыс күштері сыртқы жүктемемен тепе-теңдікте бола алмайды да, кристалл бүлінеді. Сығу кезінде атомдық жазықтықтар бір-біріне атомдар арасындағы тебіліс күштері сыртқы жүктемемен теңескенше ғана жақындайды. Бұл жағдайдағы деформация идеал серпімді, ол тордағы бөлшектердің қайтымсыз орын ауыстыруларын тудырмайды.

Пластикалық деформация сырғанаушы кернеудің нәтижесінде пайда болуы мүмкін, ол бөлшектер арасындағы байланыстарда ешқандай өзгерістер болмайтындай етіп, кристалдың бір бөлігіндегі бөлшектердің басқа бөліктермен салыстырғанда орын ауыстыруын тудырады. Осындай ығысу сырғанау деп аталады. Ол кристалдық денелердегі пластикалыққа айналу процесінің негізін береді. 2.4 – суретте кристалдағы ығыстырушы күштің әсерінен қалдық деформацияның пайда болу және дамуы көрсетілген. Серпімділік шегіне жеткенге дейін кристалл серпімді деформацияланады (2.4 а-сурет) және жанама кернеу ығысудың салыстырмалы деформациясына тура пропорционал артады (Гук заңы):

(2.10)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет