Кесте 2.2
Металл
|
Құрамындағы
қоспалар
|
Сырғанау жазықтығы
|
Сырғанау бағыты
|
|
кадмий
|
0,4
|
(0001)
|
[100]
|
0,058
|
Магний
|
5
|
(0001
|
[100]
|
0,083
|
Мыс
|
10
|
(111)
|
[101]
|
0,1
|
Никель
|
20
|
(111)
|
[101]
|
0,58
|
Күміс
|
1
|
(111)
|
[101]
|
0,06
|
цинк
|
4
|
(0001)
|
[100]
|
0,094
|
(G — ығысу модулі); сыртқы жүктемені алып тастағаннан кейін атомдар өздерінің алғашқы күйіне қайтып келеді. Кристалл ішіндегі серпімділік шегі белгілі сырғанау жазықтықтары деп аталатын 5 жазықтықтар бойында артқанда, кристалдың бір бөлігінің екінші бөлігіне бір немесе бірнеше атомдық ара қашықтықтарға ығысуы (2.4 в-сурет) болады. Сыртқы жүктемені алып тастағанда торлардың серпімді кернеулері жойылады, бірақ та кристалдың бір бөлігінің екіншісі бөлігімен салыстырғанда ығысуы қалып қалады (2.4 г-сурет). Көптеген сырғанау жазықтықтарында өтіп жатқан осындай өте аз қайтымсыз ығысулардан кристалдың қалдық деформациясы құралады.
Болаттың пластикалық деформацияға ұшырау қабілеті - ең алдымен оның құрылымдық элементтері арасындағы байланыс күштерінің сипатына байланысты.
Қатаң бағытталғандыққа ие коваленттік байланыс атомдардың бір-біріне қатысты кішкене жылжулары кезінің өзінде-ақ бірден әлсірейді. Бұл байланыс ығысу кезінде атомдар көршілес атомдарымен байланысқа түсіп үлгенгенде дейін, жылдам бұзылады. Сондықтан, валенттік типті кристалдар (алмаз, кремний, германий, сурьма, висмут, мырыш және т.б.) пластикалық деформацияға ұшырау қабілеттіліктерін көрсетпейді. Серпімді деформация біткенде, олар морт сынғыш болады.
Бағытталу болмайтын металдық байланыста керісінше, атомдардың бір-біріне қатысты тангенциальды ығысулары өте нашар өзгереді. Сондықтан, тордың бір бөлігінің екінші бөлігіне қатысты ығысу шамасы үлкен (мыңдаған атомдық ара қашықтықтар) болуы мүмкін, бұл кристалдардың пластикалылықтарының жоғары дәрежеде екендігін көрсетеді. Металдық және иондық байланыстар арасында аралық жағдайда тұрған, ол иондық байланыс. Ол коваленттік байланыс сияқты бағытталған емес, бірақ та металдық байланыс сияқты иілгіш те емес. Типтік иондық кристалдар және т.б. валенттік кристалдар тәрізді тез шетінегіш (сынғыш) болып табылады. Ал хлорлы күміс кристалының пластикалылығы жеткілікті дәрежеде жоғары.
Кристалдағы сырғанау белгілі бір кристаллографиялық жазықтықтар мен бағыттар бойында өтеді. Өте тығыз орналастырылған атомдық жазықтықтар мен бағыттар осындай болып келеді. Осындай атомдық жазықтықтар мен бағыттардың беріктігінің жоғары болуы - олардағы атомдар арасындағы ара қашықтықтың өте аздығы және бір-бірімен байланыстың күштілігімен түсіндіріледі. Басқаша айтқанда, осындай жазықтықтар арасындағы ара қашықтық үлкен, осының салдарынан олардың арасындағыы байланыс нашар (1.17 қара). Осы жазықтықтар мен бағыттар бойындағы сырғанау атомдар орналасуларының ең кішкене бұзылулары кезінде өтеді, сондықтан ең жеңіл түрі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |