Қатты денелер физикасы



бет139/252
Дата28.01.2018
өлшемі26,78 Mb.
#34638
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   252


2.6-кесте

Заттар

Қирау процесінің активизация энергиясы

Дж/моль

Сублимация энергиясы

Дж/моль


Термиялық деструкция энергиясы

Дж/моль


алюминий

2,16

2,2

-

Цинк

1,0

1,08

-

күміс

2,56

2,72

-

Никель

3,48

3,4

-

платина

4,8

5,1

-

полиметилметакрилат

2,16

-

2,1-2,2

капрон

1,8

-

1,72

поливинилхлорид

1,4

-

1,28

тефлон

3,0

-

3,0-3,1


жоғары болған сайын, активациялық тосқауыл соншалықты күшті кемиді, үзілген байланыстар саны көп болады, сондықтан қирау процесі даму үшін қажет уақыт аз, яғни дененің ұзақ беріктілігі соншалықты кіші болады. Бұл практикада шынында да, осылай.

Қарастырылып отырған көзқарас бойынша қатты дененің қирауы кез келген кернеуде өтуі мүмкін, тек кернеу әсер ететін уақыт ғана маңызды. Бірақ, бұл кезде көптеген ғасырлар бұрын тұрғызылған тұрақты кернеу әсер ететін көпірлер мен басқа құрылыстар неліктен қирамайды деген сұрақ туады және ол жағы түсініксіз болады.



Осы жағдайда түсіндіру үшін қайтадан 2.29 – суретке ораламыз. Суреттен температура төмен болған сайын, соғұрлым беріктіліктің уақытқа байланыстылығы аз болатыны көрініп тұр. Жеткілікті төмен температураларда бұл тәуелділік тіпті болмайды деп те алуға болады. Шыны және қиын балқитын металдар үшін бөлме температурасының өзі төменгі температура болып табылады. Сондықтан, олар үшін беріктілік шегі материалдардың бірмәндік сипаттамасы болып табылады. Басқа барлық жағдайларда беріктілік туралы айтқанда материал жүктемемен тұрған уақытты көрсетпей айтуға болмайды. Органикалық шыныдан жасалған бұйым бір жыл қызмет көрсету үшін, оған түсірілген жүктеме оның лездік беріктілігінің 30% аспау қажет; жоғары температурада жұмыс жасайтын бу трубинасының қалақтарында тек олардың уақытша беріктілігі ғана ескеріледі және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет