Қатты денелердің беріктіліктерін арттыру жолдары. Тұтастықтың үзілуінің пайда болуы мен сызаттардың таралу механизмі қатты дененің атомдық құрылымына байланысты. Сондықтан, беріктілік осы денелердің құрылымдық-сезімталдық қасиеттері болып табылады. Кристалдарға түсірілген кернеу дислокацияны және оның сырғанау жазықтығы бойымен орын ауыстыруын тудырады. Пластикалық деформация тудыратын пластикалық жылжу осылай іске асады. Өзінің таралу жолында дислокация қоспалар, дәндер мен блоктар шекаралары, сырғанау жазықтықтарының қиылысуы сияқты тосқауылдарға кездесіп тежеледі және кристалл беріктенеді. Жоғарыда көрсетілгендей дислокацияның жинала бастаған кезде жарылулардың пайда болуына мүмкіндік жасайтын кернеудің пайда болуы мүмкін. Осындай денелердің беріктілігін арттыру үшін дислокацияның, жарылулардың пайда болуы мен дамуына жол бермеу қажет. Осыны іске асырудың екі жолы бар:
1. Дефектілері жоқ кристалдар дайындау, оларда жарылулардың пайда болуына әкелетін ішкі кернеу көздері болмайды. Бұл жол тек қана жіп түріндегі кристалдарда ғана қолданылады, олар мұртшалар (усов) деп аталады. Олар арнайы жағдайларда сәйкес химиялық қосылыстарды таза металдардың буларын сутектік және инертті газды орталарда сәйкес температураларда конденсациялау әдісімен ажырату және қайта қалпына келтіру жолымен алынған монокристалдар. Сонымен қатар, ерітінділерден өте кішкене электродтарда металдарды электрлік тұнбалау әдісімен де алуға болады. Жіп тәрізді кристалдардың ұзындықтары әдетте -ден мм-ге дейін және қалыңдықтары аралығында болады.
Осындай кристалдардың ең керемет ерекшеліктері - механикалық қасиеттерінің жоғарылығы, беріктіліктері қатты денелердің теориялық беріктілігіне жуықтайды. Темірдің жіп тәрізді кристалының беріктілігі шамамен , мыстікі