Гомеополярлы (немесе ковалентті) байланысқа бірдей атомдардан тұратын немесе электрондық қабықшалары бір-біріне жақын орналасқан атомдар түседі. Екі мүмкін байланысты қарастырайық. Мысал ретінде, ең қарапайым сутегі атомын аламыз. Екі атом бір-біріне жақындағанда суретте көрсетілген жағдай болуы мүмкін. Атомдар электростатикалық күш әсерінен бір-біріне тартылып, әлсіз Ван-дер-Ваальстің дисперсиалды күштері пайда болады (сонымен қатар, индукциялық және бағдарлаушы Ван-дер-Ваальс күштері пайда болады, олардың әсерінен атомдық моменттердің шамалары мен бағыттарында өзгерістер болады). Ван-дер-Ваальстің тартылу күштері әсерінен молекулалық кристалдар пайда болады, оған барлық органикалық заттардың кристалдары жатады.
Олар өте әлсіз байланыспен, балқу жылуының аздығымен, балқу және булану температурасының төмендігімен сипатталады.
Коваленттік байланыс иондық байланысқа жуық және тіпті одан да күшті болуы мүмкін. Екі атомнан тұратын жүйенің байланыс энергиясы Шредингер теңдеуін шешу арқылы табылады. Оны шешу өте күрделі, ондай есептерді шешудің жалпы теориясы кванттық механика курсында қарастырылады. Есептеулердің ең ықшам нәтижелері мынадай.
Атомдар бір-біріне жақындасқанда валенттік электрондардың толқындық функциялары жабылады, электрондар бірігеді. Екі атомды жүйеде электрондар қозғалатын орын көбірек болады, және анықталмаушылық принципімен байланысты энергия кемиді: – артуы, -тің кемуіне, яғни кинетикалық энергияның кемуіне алып келеді. Сонымен қоса, электрондардың спиндері қарама-қарсы болса, олар бір-біріне күштірек тартылады. Жалпы шешім мына түрде болады: , мұндағы және – оңашаланған атомдар энергиялары, – жүйенің энергиясы. қосымша спиндердің өзара орналасуларына байланысты:
Достарыңызбен бөлісу: |