Т өрт валентті жартылай өткізгішке ( немесе ) бес валентті қоспа (, , ) атомын енгізейік. Қоспа атомының бір электронына валенттік байланыс жасауға негізгі атом электроны жетіспейді, сондықтан бұл электронның активизация энергиясы (электронның атомнан бөлініп шығуына қажетті энергия) өте аз, шамамен 0,01эВ. Температура ~102К болғанның өзінде қоспа атомдарындағы (оларды донорлар деп атайды) электрондар ұшып шығып, еркін электрондарға айналады, қоспа атомы оң ионға айналады. ( 4.7а-сурет). Бұл энергетикалық диаграммада қоспалық деңгей ()-дан тиым салынған зонаға жақын орналасқан өткізгіштік зонаға ()-нің түбіне жақын жерге электронның өтуі көрсетілген ( 4.7б-сурет). Осы жағдайда валенттік зонада еркін электрондардың орнында кемтік пайда болмайды. Өткізгіштік бір типта заряд тасушылар арқылы болады, ол жартылай өткізгіштік өткізгіштігі электрондық немесе n-типті өткізгіштік деп аталады.