Қатты денелер физикасы



бет31/252
Дата28.01.2018
өлшемі26,78 Mb.
#34638
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   252

(1.16)

- векторлары ең қысқа трансляция векторлары, ал олардың шамалары – трансляция периодтары деп аталады.

Қандай да, бір түйінді үш бағыт бойынша параллель көшіру арқылы алынған тор трансляциялық тор немесе Бравэ торы деп аталады. - векторларымен тұрғызылған ең кішкене параллелепипед кристалдың элементар ұяшығы деп аталады (1.11 б-сурет). Торды құрайтын барлық элементар ұяшықтардың өлшемдері мен көлемдері бірдей. Ұяшықтардың төбелерінде бірдей атомдар немесе атомдар тобы орналасады. Сондықтан, ұяшықтардың барлық төбелері бір-бірімен эквивалентті. Оларды тор түйіндері деп атайды. Элементар ұяшықтарды сипаттау үшін жалпы жағдайда алты шама: ұяшықтың үш қабырғасы () және олардың арасындағы үш бұрышты алу қажет. Бұлар элементар ұяшық параметрлері. Көбінесе торларда бірлік ұзындықты сипаттау үшін метр емес, кесінділері қолданылады. Оларды осьтік бірліктер деп атайды.

Түйіндерінде ғана бөлшектер орналасқан элементар ұяшықтар қарапайым немесе примитивті деп аталады. Ұяшықтың әрбір нүктесіне бір бөлшектен келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет