Геологиялық құрылымы. Оның құрылымдық табаны – жоғарғы девон мен төменгі
тас көмір шөгінділерінен тұратын Арқалық атты брахисинклиналь. Кенді қабаттар бор-
палеоген жүйелеріне жатады. Боксит қабаттары іргетастағы терригендік жыныстар мен
әктастар жапсарын бойлай біткен эрозиялық-карст шұқырларында (депрессия) орналасқан.
Олар сенон (жоғарғы бор) саздары мен палеозой жыныстарының үгілу қыртысының үстінде
шалыс жатады да, өздері эоцен және төменгі олигоценнің терригендік шөгінділерімен, кейде
шұбар саздармен бүркеледі.