Атты Республикалық ғылыми конференция материалдарының жинағы 4 сәуір 2022 жыл



Pdf көрінісі
бет124/414
Дата27.04.2022
өлшемі12,12 Mb.
#141094
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   414
Байланысты:
collection-of-the-conference-chemistry

 
Химия өнеркәсібі
— өндірістің барлық салалары, ауыл шаруашылығы, тұтыну саласы 
үшін химиялық өнімдердің әр түрін өндіруші халық шаруашылығының саласы. Химия 
өнеркәсібі саласы дүние жүзінде тұңғыш рет Германияда XIX ғасырдың аяғында дүниеге 
келді. XX ғасырдың 50-70-жылдарының басы химия өнеркәсібінің дәуірлеген «алтын 
ғасыры» болды. Бұл кезеңде мұнай-газ шикізатын пайдаланушы өндірістің өркендеуімен 
байланысты осы сала әлемде неғұрлым жоғары қарқынмен дамыды. Әлемнің өңдеуші 
өнеркәсібінде химияның үлесі XX ғасырдың екінші жартысында 8-9%-дан 12-15%-ға дейін 
өсті. Химиялық өнеркәсіп өнеркәсіптің басқа салаларының арасында ең маңызды 
орындардың біріне ие. Химиялық өнеркәсіптің маңыздылығы ол қазіргі заманда қоғамның 
өміріне өте қажетті көптеген өнімдерді дайындайды.Қазіргі заманғы химиялық өндіріс, негізі 
химиялық технология болатын, көп мамандандырылған өндіріс болып табылады. Химия 
өндірісі халықтық шаруашылықтың негізгі саласы болып табылады. Ол ғылыми жетістіктер 
негізі. Қазақстанда химия өнеркәсібі жеке сала ретінде алғашқы бесжылдықтар кезінде 
қалыптасты. Кеңестік дэуірге дейінгі кезеңде Қазақстанда Шымкент дермене (сантонин) 
зауыты (1883), сабын, желім қайнататын ұсақ кәсіпорындар жүмыс істеді. 1930-1940 жьілы 
Ақтөбе химия комбинаты, «Аралсульфат» комбинаты, ірі фосфорит кені — «Қаратау» 
комбинаты, Қарағанды синтетикалық каучук, Қостанай синтетикалық талшық зауыттары 
салынды. 1950-1960 жылдары Қазақстанда осы заманғы химиялық индустрияның негізі 
қаланды. Жамбыл суперфосфат, Гурьев химия зауыттары, Шымкент гидролиз және фосфор 
тұздары зауыттары, Ақтөбе ферроқорытпа, Шымкент газ-бензин зауыттары іске қосылды. 
Қазақстан анорганикалық және органикалық тектегі пайдалы қазынды кеніштеріне бай. 
Олар химия өнімінің алуан түрлерін алу үшін шикізат көзі болып табылады[1]. 
Қазақстанның химиялық өндірістерінің бірі-күкiрт қышқылы. Әлемдiк күкiрт 
өнеркәсiбi әлi күнге дейiн екi сектордан тұрады: дискрециялық (табиғи күкiрт пен 
кольчедандарды өндiру) және дискрециялық емес (күкiрттi қалпына келтiру және қосалқы 
күкiрт қышқылын алу). Күкiрттiң жалпы өнiдiрiсiнiң көлемiндегi дискрециялық бөлiктiң 
үлесi кемiнде 10% құрайды. Оттектi ортада әдетте күйдiрiлiп босатылатын күкiрттен 
металдарды алу кезiнде күкiрт диоксидi құралады. Сульфидтi кендерден басқа сульфат 
түрiнде де көптеген күкiрт кездеседi, мысалы, кальций сульфаты (гипс), барий сульфаты) 
(барит). Қазақстанда күкiрт қышқылын өндiру үшiн шикiзат Жезқазған және Балқаш мыс 
балқыту зауыттарының (Қазақмыс АҚ), Өскемен және Шымкент қорғасын-мырыш 


104
комбинаттарының (Қазмырыш АҚ) қалдық газдары болып табылады. Күкiрт қышқылын 
бағасына оның тұтынушыға дейiн жеткiзетiн тасымал шығындары барынша әсер 
етедi.Қазiргi кезде Қазақстандағы күкiрт қышқылының өндiрiсi жылына шамамен 1 млн. 
тоннаны құрайды және уран кендерiн жерасты сiлтiлеу үшiн тыңайтқыштар мен басқа да 
өнiмдердi өндiру үшiн жылына 1 млн. тоннадан астам тұтынылады. Қазiргi таңда Павлодар 
қаласында Каустик АҚ зауытының негiзiнде жаңа қондырғы құрылысы аяқталуда, ол тек 
хлорды ғана құюмен айналысады. Жаңа зауыттың өнiмдiлiгi - жылына 30 мың тонна 
каустикалық сода, 9,6 мың тонна хлор газын және 45 мың тонна көлемiнде хлор 
бөлшектерiнiң тұз қышқылына ауыстырылуы құрайды. Каустикалық соданы және сұйық 
хлорды ион алмастырғыш мембраналыры бар электролизерлерде сынапсыз технологиямен ас 
тұзын электролиздеу тәсiлi арқылы өндiру жоспарланып отыр. Павлодар қаласындағы 
Каустик АҚ жобасының iске асырылуына мынадай факторлар ықпалдасады: бастапқы 
шикiзатқа қолжетiмдiлiк; электр энергиясына қолжетiмдiлiк және оның құнының 
қабылданғаны; дамыған инфрақұрылымның болуы. Жоба бойынша хлор-сiлтiлi өндiрiсте 
Қалқаман кен орнының ас тұзы пайдаланылады, оның қоры 7 млн. тоннаны құрайды, 
сонымен қатар басқа кен орындары пайдаланылады.Павлодар облысының тұзды 
көлдерiндегi бекiтiлген тұз көлемi 50 млн. тоннаны құрайды және тұз уақыт өте келе 
бастапқы қалпына келе бередi. Кальциленген соданы өндiруге қажеттi шикiзат болып 
табылатын натрий сульфатының кен орындары Қызылорда, Жамбыл, Павлодар және 
Алматы облыстарында бар. Қазақстандағы жылына 400 мың тонна қуаты бар зауыт 
ағымдағы қажеттiлiкердi толық қамтамасыз етiп, экспортқа азырақ артықшылық жасауы 
мүмкiн. 
Химия өндірісіндегі техникалық әдістердің зияндығын сипаттау. Өндірістік ортаның 
ластануының бірден бір себебі жұмыс аймағының химиялық, улы, токсикалық 
қосылыстардың көп мөлшерде болуымен сипатталады[2]. 
Улы заттардың ауада таралуын технологиялық процесс немесе жұмыс барысында 
істелінген іс шаралармен анықтауға болады. Олардың туындау себепшісі: герметикалық емес 
аппараттар, химиялық қалдықтар, өнімдерді қолдан сапалық жіне сандық анализ жасау 
барысы, расфасрвка жұмыстары, дайын өнімдерді тасу жұмыстары болып саналады. Ауада 
улы заттардың жиі таралуы негізінен технологиялық әдістерге тура байланысты, себебі 
аппараттағы температура мен қысымның көтерілуі, техноллогиялық ргеламенттердің дұрыс 
орындалмауы, байланыстырушылардың дұрыс бекітілмеуі осының барлығы оқыс 
жағдайларды тудырушы болып табылады. 
Химиялық ауаның ластануы кейде күрделі түрде болуы мүмкін, егер ластаушы заттар 
әртүрлі күйде болса. Ол негізгі және дайын өнімді құрауы мүмкін. Пар мен газдар ауаға 
қарағанда тығыздығы жоғарырақ, сондықтан олар көп қабатты жұмыс орындарының ең 
төменгі қабатында концентрлі түрде болады. 
Ауаны бакылау үшін жұмыс аймағын жоспарлаған сәтте міндетті түрде жқмыс 
орнының атмосфералық қысымын, температурасын ескеру керек. Ондағы сұйықтық пен 
газдардың қату және қайнау температурасын, заттардың ұшқыштығын ескерген жөн. 
Ауаның жұмыс аймағындағы ортасын зерттеу жұмыстың әртүрлі сатысына қарай 
жүргізіледі. Сонымен қоса химиялық өндірісте міндетті түрде ұшқыш және улы заттармен 
жұмыс жасайтын болғандықтан онда вентиляциялық қызмет жақсы болуы тиіс. 
Екінші бір әсер ететіні шаң тозаңдық фактор. Өндірістегі ауаның шаңдануын анықтау 
адамдардың (техперсоналдың) өміріне, гигиенасына маңызы өте зор. Өндірістің жұмысымен 
таныспастан бұрын, ондағы шаңдану қаншалықты мөлшерде болатынын анықтау басты 
мақсат болып табылады. Осының салдарынан шаңдану факторы, жұмысшылардың 
денсаулығына қаншалықты мөлшерде әсер ету, осының барлығы критикалық жағдайда 
емдеу керек екендігін анықтауға септігін тигізеді. 
Өндірісті тексеру технологиялық процестерден басталады, соның ішінде аппаратулар, 
жұмыстың құрал жабдықтары, транспартировка және қайта өңдеу де жатады. Осы сәттен 
бастап шаң тозаңның өндірістік құрамын анықтап алу басталады. 


105
Химиялық өндірісте сауықтыру негізінен гигиенаға сай негізделген. Егерде адам 
уланып немесе өзін жайсыз сезінсе, ол мемлекетпен бекітілген кауіпсіздік ережесін 
сақтамағандығының белгісі болып табылады. Себебі кез келгген қосылыс тез шқыш немесе 
тұтанғыш, я болмаса тез ауада тотыққыш болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда басты талап 
технологиялық процестерге, вентиляцияға, аппараттарды пайдану мен орналастыруларға 
қойылады[3]. 
Химиялық комбинаттар мен заводтарды, жеке цехтар мен аппараттарды орналастыру 
барлық химиялық заттардың химиялық қасиеттерін ескере отырып қарастырылуы тиіс. 
Мысалы, қабат аралық жактауларға аппараттарды орнатпастан бұрын газдардың таралу 
жылдамдвығын, олардың ұшқыштығын, қайнау және қату температурасының қандай 
екендігін тексеру керек. Және бұл жерлерде вентиляция жұмысын бақылау керек. 
Атмосфераның ластануы адам, жануарлар мен өсiмдiктер үшін әрқашан зиян. Түтіннің 
құрамындағы газдар қолайсыз метеорологиялық жағдайларда қалың улы тұмандардың 
түзілуіне әкеп соғады. Тіпті кейбір жағдайларда улы заттардың жинақталуы нәтижесінде 
адамдардың аса қауіпті аурулары мен өліміне себеп болады. Өндіріс орындарынан шыққан 
қалдықтар құрамында 140-қа жуық зиянды заттар бар. Олардың көпшілігі түссіз, иіссіз 
болып, организмге бірден әсер ете қоймайды. Ауаның ластануы адамның жалпы жағдайын 
нашарлатып, жұмыс қабілетін төмендетіп, жөтел, бас айналу, тыныс жолдарының 
спазмалары, өкпенің түрлі аурулары, организмнің жалпы улануын туғызып, түрлі ауруларға 
қарсы тұра алу қабілетін төмендетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   414




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет