Атты Республикалық ғылыми конференция материалдарының жинағы 4 сәуір 2022 жыл



Pdf көрінісі
бет248/414
Дата27.04.2022
өлшемі12,12 Mb.
#141094
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   414
Байланысты:
collection-of-the-conference-chemistry

Негізгі бөлім 
Біз осындай курстарды әзірлеу үшін «Онлайн курс жасаудың теория және практикасы» 
курсын 9 ай бойы оқып, онлайн курс жасаудың қыр –сырымен таныстық. Мұндағы басты мақсат 
курс жасау барысында видеосабақтар түрінде болғандықтан сапалы презентация жасауға, видеоны 
қалай сапалы түсіруге болатынын және тыңдаушыларды зеріктірмес үшін видеоның қысқа болуын 
қадағалау секілді маңызды ақпараттар алдық. 
Онлайн курсты 


224
Сізге жаппай ашық онлайн курсын 
(
ЖАОК

онлайн курстардың педагогикалық 
сценарийлерін ұсынамыз. 
Онлайн курстың атауы:
Аналитикалық химия негіздері 
Авторлар мен әзірлеушілер:
Кудреева Л.К., Зиятхан М.Ә., Көшербай М.М. 
Курстың мақсаты:
тыңдаушыларға талдаудың химиялық әдістеріне негізделген негізгі 
заңдар мен процестер туралы жүйелі білім қалыптастыру.
 
Оқу ұзақтығы:
4 апта (3 - модуль) 
Аналитикалық химия негіздері онлайн курсы өз біліктілігін арттыруға ниет білдірген химия 
саласының мамандарына бағытталған. 
Курс 3 модульден тұрады : 
модуль 1. Аналитиканың химияның жалпы сұрақтары (ұзақтығы 1 апта); 
модуль 2. Химиялық сандық талдау (ұзақтығы 1 апта); 
модуль 3. Аспаптық талдау әдістері (ұзақтығы 2 апта); 
Курстың мазмұны:
аналитикалық химияның элементтерді айқындауға қатысты тарауларын 
терең меңгеру үшін пәннің іргелі теориялық негіздерін білу керек. Берілген пәнді меңгеру студенттің 
химияның барлық басқа бөлімдерінің негізін құрайтын аналитикалық химия жөніндегі білімдерін 
тереңдетеді, оның оқу материалын игерудегі дербестігін, нақты мәселелерді зерттеудегі ойлау 
логикасын дамытады, химиктің мұқият және терең ойлы жұмыс істеуге қажетті дағдыларын 
қалыптастырады. Онлайн курс біліктілігін арттырғысы келетін тыңдаушыларға, мектеп 
оқушыларына, химиялық талдау жұмыстарымен шұғылданатын өндірістер қызметкерлеріне қажет. 
ЖАОК үшін сценарий құру және оны орналастыру процесінің кейбір нәтижелерін ұсынамыз. 
Алдымен біз ЖАОК-ке қатысты зерттеулерді педагогикалық сценарий тұрғысынан қарастырамыз. 
Біз осындай жағдайларда сценарий құру процесінің маңыздылығы мен қажеттілігін көрсету үшін 
коннективизмнің теориялық тәсіліне назар аударамыз. Содан кейін біз ЖАОК-қа бағытталған 
сценарий моделі арқылы ұсынысымызды егжей-тегжейлі қарастырамыз. Соңында біз сценарийдің 
дамуына, оны шығаруға және орналастыруға көмектесетін құралдарды ұсынамыз [5]. 
Онлайн курсты жаңадан құру үшін ең алдымен курстың атауы, оқу формасы, негізгі оқу 
пәнінің орны мен оқу үдерісіне, курстың қысқаша сипаты мен оқытушылар құрамы, соңында ең 
басты назарға алынатын күтілетін нәтиже және сол нәтижеге жетуде тыңдаушылардың даярлық 
деңгейі мен оған қол жеткізудегі индикаторларды нақты көрсете білу керек. Онлайн курс 
болғандықтан, бейнелекциялар мен электронды оқу материалдарына сілтемелерді жинақтауда 
тақырыпқа сай екенін нақтылау арқылы мәлімет беруіміз керек. Онлайн курс ең алдымен бірнеше 
тексеру кезеңдерінен өткен соң, мақсатқа сай жұмыс жасауға бағыт ала алады. 
Педагогикалық сценарий ұсынудың негізгі мақсаты курсты таныстыру мәліметтерін толық 
әрі нақты тыңдаушы назарына кесте түрінде жинақтап көрсету болып табылады. Курс туралы жалпы 
мәліметтердің тізбегі мен оларды толтыру үлгісі 1-кестеде келтірілген. 
1-кесте. "Аналитикалық химияның практикалық негіздері" пәні бойынша педагогикалық 
сценарийі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   414




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет