Әдебиеттер тізімі:
1.
Мария Пак. Теория и методика обучения химии. Учебник для вузов.- Лань, 2021. – 368 с.
2.
http://www.rusnauka.com/12_KPSN_2014/Pedagogica/5_166715.doc.htm
3.
https://www.kaznu.kz/content/files/pages/folder15266/%C2%A728%20kaz.pdf
220
ҒТAХР
31.01.45
ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІНДЕГІ ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Н.А.Кудабаева, Р.Г.Рыскалиева
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
химия және химиялық технология факультеті, Алматы қаласы, Қазақстан
kudabayeva.naz@mail.ru
Аннотация.
В статье изложены, особенности и задачи преподавания химии нехимическим
специальностям в высшей школе и описывается необходимость обновления содержания образования.
Кілт сөздер:
химиялық қауіпсіздік, тіршілік әрекеті, жемірілу, ингибитор, химиялық процестер, оқыту
технологиялары.
Жалпы білім беру жүйесі - әр елдің даму болашағын айқындайтын, әлемдік өркениетке
жетудің негізгі бағыттарын көрсететін біртұтас құрылым. Қазіргі уақытта жоғары оқу орындарында
өз мамандығын терең игерген, кез-келген күрделі кәсіптік саладағы мәселені шеше алатын, білімді,
білікті жоғары деңгейдегі кадрларды дайындау бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
Университеттің кез-келген мамандығы бойынша бітірушісі алдағы жұмысындағы белгілі бір
ғылымның маңыздылығын нақты түсінуі және білімнің түрлі салаларының жетістіктерін өз кәсібіне
біріктіріп, бере білуі керек.
Кез келген салада маман даярлаудың маңызды құрамдас бөлігі - жаратылыстану ғылымдары,
оның ішінде химия алдыңғы орындарда тұрады. Бұл ғылым саласы басқа салалармен өте тығыз
байланысты. Әсіресе қазіргі күні өзекті мәселелердің бірі - өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және
қоршаған ортаны қорғауда химияның орны ерекше.
Қазіргі уақытта жоғары оқу орындарында химияны оқытуды жетілдірудің екі негізгі бағыты
бар [1, 122 б]:
1) химияның басқа жаратылыстану ғылымдары арасындағы орнын анықтауға, «әр түрлі
химияның» іргелі негіздерін біріктіруге, пәннің ерекшелігін көрсетуге және ашуға мүмкіндік беретін
химиялық білімнің тұтас тұжырымдамасын құру;
2) мамандар даярлаудың басты, жетекші талабына айналуы керек түлектердің білімін іргелі
қалыптастыру, өйткені дәл осындай студенттер жаңа технологияларды тез игеріп, жаңа ғылыми
мәселелерді шеше алатын болады.
Алайда, қазіргі уақытта студенттерге тұтас іргелі білім беруді жүзеге асыруда бірқатар
себептерге байланысты айтарлықтай қиындықтар бар. Бұл жоғары оқу орындарының оқу
жоспарларындағы байланысты пәндердің формальды алшақтықтары, тұжырымдамалық және
терминологиялық аппараттардағы негізсіз айырмашылықтар, оқу үрдісінде пәнаралық
байланыстардың әлсіздігі. Нәтижесінде, берілетін ақпараттың синтезі мен жүйеленуі студенттердің
өздеріне өздігінен тағайындалады және оларды қолданса да, әсер аз болады [2, 35 б].
Жалпы, химиялық емес мамандықтар студенттерімен сұхбаттасу кезінде олардың көпшілігі
химияны оқуды қажет деп санамайтындығы анықталды, бірақ олар бұл пәннің пайдалы екенін нақты
айтады. Мәселен, университетіміздегі «6B11201-Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны
қорғау» мамандығына арналған химия пәнінің мазмұны, болашақ мамандардың қажетті химиялық
білімдерін қанағаттандыруға сәйкес келмейді.
Сонымен қатар, бұл пән негізінде тақырыпқа сай зертханалық және практикалық жұмыстар
жүргізілмей, нақты осы мамандық үшін химия курсы бойынша осы күнге дейін толық сипаттағы оқу-
әдістемелік кешендер қарастырылмаған, әсіресе қазақ тілінде курс бағдарламалары мен
оқытушыларға арналған әдістемелік құралдардың және оқулықтардың жоғы бәрімізге белгілі.
Жоғарыда көрсетілген қайшылықтарды ескере отырып, «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және
қоршаған ортаны қорғау» мамандығына арналған «Тіршілік қауіпсіздігіндегі химия» пәнін оқыту
мазмұнын таңдау өзекті мәселелердің бірі екендігін айтуға болады [3, 128 б].
Себебі, көптеген жылдар бойы еңбекті қорғау саласындағы негізгі бағыттардың бірі химиялық
қауіпсіздік болып табылады. Соңғы кездері химиялық заттарды өндіруді және пайдалануды реттеуде
айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілгеніне қарамастан, жұмыс берушілер мен жұмысшылар
зиянды заттарды қолданудың жағымсыз әсерлерін азайту үшін ұлттық және халықаралық деңгейде
221
күш салуды жалғастыруда, бұл прогресс әлі де жеткіліксіз. Адам денсаулығы мен қоршаған ортаға
елеулі оқиғалар мен жағымсыз әсерлер жалғасуда. Қауіпті заттардың тікелей әсеріне ұшыраған
жұмысшылар қауіпсіз және экологиялық таза жағдайларда жұмыс істеуге, барлық қажетті ақпаратты
алуға, тиісті дайындыққа және олардың қорғалуын қамтамасыз етуге құқылы [4, 11 б].
Болашақ маман иелері табиғатта болатын химиялық процестерді, бұл процестердің өзгеріске
ұшырауы тіршілік қауіпсіздігіне қалай әсер ететіндігін, көптеген өндіріс орындарының өнімдері мен
қалдықтарының қоршаған ортаға пайдалы немесе қаншалықты зиян екенін білуі өте маңызды. Осы
мәселелерді зерделей отырып, әл-Фaрaби aтындaғы Қaзaқ ұлттық университетiнiң геoгрaфия және
тaбиғaтты пaйдaлaну фaкультетiнiң «5В11201-Өмiр тiршiлiгiнiң қaуiпсiздiгi және қoршaғaн oртaны
қoрғaу» мaмaндығының «Тіршілік қауіпсіздігіндегі химия» пәнiн меңгеретiн 2 курс студенттерiнің
тiршiлiк әрекетiнiң қaуiпсiздiгi мәдениетiн қaлыптaстыруды қaмтaмaсыз ететiн химия пәнін оқыту
өте қажет және оның мазмұны дәстүрлі химия пәнінің бағдарламасынан өзгеше болуы тиіс. Олардың
мамандықтарына сай, мысалы химиялық өндіріс орындарынан бөлінетін кейбір зиянды газдардың
атсосфераға таралуы қаншалықты зиян келтіретіндігі туралы қорытынды жасау үшін, олар сол
газдардың қасиеттерін, олар қатысында жүретін кейбір реакцияларды білулері керек [5, 34 б].
Мысалы, табиғатта кең таралған және адам тіршілігінде зор маңызы бар процестердің бірі
болып табылатын «Металдарды жемірілуден қорғау» тақырыбын аталмыш мамандық студенттеріне
мынадай жоспармен жүргіздік:
1.Міндеттері:
a) Жаңа материалды оқып үйрену және оқып игеруге деген студенттердің қызығушылығын тудыру;
ә) Жаңа білімнің мазмұнын жоспарлағанда студентке берілетін тапсырманы студенттің қабілетін
арттыратындай, ойын, қиялын дамытатындай етіп жасау;
б) Тапсырмаларды күрделілігі түрлі дәрежеде орындату арқылы студенттердің білімін саралауды
ұйымдастыру;
в) Олардың шығармашылық мүмкіндіктерін тудыратын, қабілеттерін жан-жақты дамытатын әртүрлі
белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін кеңінен пайдалану;
г) Білім алу нәтижелерін жүйелі түрде талдап, бағалап отыру.
Осы тақырып бойынша негізгі түсініктемелер беріліп, жемірілуден қорғау шаралары айқындалуы
қажет.
Металдардың жемірілуі үздіксіз жүреді және қоршаған ортаға өте көп шығын келтіреді.
Жемірілуден темірдің тікелей шығыны оның жылдық балқымасының 10 %-на дейін құрайтыны
есептелінген [6, 229 б]. Жемірілу нәтижесінде металл бұйымдар өздерінің бағалы техникалық
қасиеттерін жоғалтады. Сондықтан металдар мен құймаларды жемірілуден қорғау тәсілдерінің өте
үлкен маңызы бар. Олардың кейбіреулерін атап өтеміз.
Металдардың бетін қорғайтын қаптаулар. Олар металдық (мырыш, қалайы, қорғасын, никель,
хром және т.б металдармен қаптау) және бейметалдық (лак, бояу, эмаль, және басқа заттармен
қаптау) болады. Бұл қаптаулар металды сыртқы ортадан бөледі, мысалы, төбе жабатын қаңылтырды
мырышпен қаптайды, тұрмыстық және өнеркәсіптік маңызы бар бұйымдардың көпшілігін
мырышталған темірден жасайды. Мырыш қабаты темірді жемірілуден сақтайды, себебі, мырыш
темірге қарағанда белсендірек металл болғанымен сырты оксид қабығымен қапталған. Қорғаушы
қабат бұзылғанда (дақ түскенде, үйдің төбесі тесілгенде және сол сияқты) ылғалдың қатысуымен
темір-мырыш гальваникалық жұбы пайда болады. Электрондар мырыштан темірге өтіп, оттек
молекулаларымен байланысады, мырыш ериді, ал темір болса мырыш қабаты толық бұзылғанға
дейін сақталады, оған көп уақыт керек. Темірден жасалған бұйымдарды никельмен, хроммен қаптау
жемірілуден сақтаумен қатар, олардың сыртқы түрін әдемілендіреді [7, 29 б].
Жемірілуге қарсы қасиеттері бар құймалар жасау. Болаттың құрамына 12% хром енгізе отырып,
жемірілуге тұрақты таттанбайтын болаттар алады. Никель, кобальт және мыс қосқанда, болаттың
жемірілуге қарсы қасиеттері күшейеді, себебі, құймалардың пассивтену қабілеті жоғарылайды.
Протекторлы қорғау және электр қорғау. Протекторлы қорғау қорғайтын конструкция (жер
астындығы құбырлар, кеменің корпусы) электролит (мұхит суы, жер астындағы топырақ суларында
және т.б. ортасында тұратын болғанда ғана қолданылады. Оның мәні мынада: конструкцияны
протектормен қорғайтын конструкцияның металына қарағанда белсендірек металмен қосады.
Болаттан жасалған бұйымдарды қорғауда, протектор ретінде, әдетте магнийді, алюминийді,
мырышты және олардың құймаларын қолданады. Жемірілу процесінде протектор анод болады да,
конструкцияны бұзылудан сақтап, өзі желінеді. Протекторлар желінген сайын жаңасымен
алмастырады.
222
Электрлік қорғау осы принципке негізделген. Электролит ортасында тұрған конструкцияны
басқа металмен (әдетте темір тасымен, рельспен және сол сияқты) сыртқы ток көзі арқылы
жалғастырады. Бұл кезде қорғайтын конструкцияны катодқа, ал металды-ток көзінің анодына
жалғастырады. Ток көзі арқылы электрондар анодтан алынады, (анод қорғаушы металл) бұзылады, ал
катодта тотықтырғыштың тотықсыздануы жүреді. Электрлік қорғаудың протекторлы қорғауға
қарағанда артықшылығы бар, біріншінің әсер ететін радиусы 2000 м, ал екіншінікі-50 м.
Ортаның құрамын өзгерту. Металл бұйымдарының жемірілуін бәсеңдету үшін электролитке
коррозияны бәсеңдететін
немесе
ингибиторлар
деп аталатын заттарды (көбінесе органикалық)
қосады. Оларды металды қышқылдың жеп қоюынан сақтау қажет болғанда ғана қолданады. Кейінгі
жылдары ұшқыш ингибаторлар жасалды. Оларды металл бұйымдары орайтын қағаздарға сіңіреді.
Ингибиторлардың буы металл бетіне адсорбцияланады және қорғаушы қабатша түзеді.
Ингибаторлар бу қазан қақтарын қатты химиялық тазалауда, өндірілген бұйымдардан
қабыршықты түсіру үшін және тұз қышқылын болат ыдыстарында сақтап тасымалдауда кең
қолданылады. Бейорганикалық ингибиторлардың қатарына нитриттер, хроматтар, фосфаттар,
силикаттар жатады.
Осылайша, қарапайым жемірілуден қорғау тақырыбын қарастырғанда студенттер қоршаған
ортада жүзеге асып жататын бірнеше процестермен, тотығу-тотықсыздану реакцияларымен,
электрхимиялық процестермен танысады және білімдерін толықтырады.
Оқыту технологияларын дұрыс пайдалана білу нәтижесінде студенттер өздерінің оқыту
процесіндегі бағыт-бағдарының мәнін, маңыздылығын ұғынып, оның ерекшеліктері мен
заңдылықтарын, компоненттерін меңгеруге қажетті білім негіздерін игерсе, онда танымдық
қызығушылық пен танымдық іс-әрекеттің маңызы артады. Сонымен қатар сабақ нәтижесінде
студент өз бетінше жұмыс жасауға, мақсат қоюға, өз жұмыстарын жоспарлауға,
өздерін
ұйымдастыруға
, өзін бақылауға үйренеді; олардың білім алудағы іс-әрекеттерінің бағыттары мен
білім деңгейлерін қалыптастыруда оқыту құрылымының біркелкілігі, тұтастығы сақталады. білім
алудағы іс-әрекеті дамуының жалпы бағытын ескере отырып, пәнді оқыту және іс-әрекет сипаты мен
пән мазмұнын сәйкестендіру қажет болған жағдайда оны түзетуге мүмкіндік береді.
Егер студент + студентпен + топпен + ұжыммен + мұғаліммен қатынаста болса, пікір алмасу
сабағы үстінде тапсырманың жеңілдігі мен күрделіге қарай бірнеше іс-әрекет формалары ауысып
отырса, егер әрбір студент әр сабақта тыңдап, жазып, тәжірибе жасап көріп және оқу материалын
сатылай меңгерсе, онда кез-келген технология жалпы білім сапасын, сабақтың тиімділігін
жоғарлатуға, жеке тұлғаның өзін-өзі реттеу, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамытуға мүмкіндік береді.
Білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне
байланысты. Қазіргі таңда пәнді жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық
қамтитын, оны білім алушыға жеткізе алатын, әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі,
оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін,
студенттердің пәнге қызығушылығын арттыра отырып, дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу
бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы. Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты
- білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-
тәсілдері мен әр құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |