Атты Республикалық ғылыми конференция материалдарының жинағы 4 сәуір 2022 жыл



Pdf көрінісі
бет258/414
Дата27.04.2022
өлшемі12,12 Mb.
#141094
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   414
Байланысты:
collection-of-the-conference-chemistry

 
Кілт 
сөздер: 
оқыту 
әдістемесі,жалпы 
және 
бейорганикалық 
химияны 
оқыту,инновациялық оқыту әдістері, белсенді оқыту әдістері,
case study әдісі.
 
Кіріспе
 
Сase-study әдісі –химияны оқыту кезінде қолданатын өте тиімді
өзарабелсенді
әдістердің бірі. Әдістің мәні студенттердің өзіндік белсенділігіне құрылған , теориялық 
дайындық пен практикалық дағдыларды біріктіретін,болашақ маманның шығармашылық 
қызметіне қажет болатын кәсіптік орта құра отырып оқыту[1]. 
Peter Scales
өзінің «Өмір бойы білім берудегі оқыту» атты еңбегінде «case-study 
әдісі» атауын қолданып оған алғаш анықтама береді[2]. 
Сase-study әдісінде студенттер жағдайды өз бетінше талдап,мәселені түсініп, мүмкін 
болатын шешімдерін ұсына отырып, ең жақсысын таңдауы қажет. Жағдайлар нақты 
материалға негізделген немесе кәсіби жағдайға жақын болады.
Case-study тапсырмаларын
құрастыру күрделі педагогикалық процесс. 
Жалпы және бейорганикалық химияда Case-study әдісін қолдану келесідей 
талаптарды қанағаттандырады[3]: бұл әдісті қолдану теориялық білімді тереңдетіп оны 
кәсіби салада қолдануға мүмкіндік береді; шығармашылық ойлауды дамытады
презентациялар өткізу (өз жұмысын көпшілікке ұсыну және қорғау мүмкіндігі); сұрақтарды 
тұжырымдау; пікірталастар жүргізу, жауаптардың себептерін келтіру; мамандық туралы 
кәсіби дереккөздерді оқу және ақпаратты өңдеу дағдыларын жетілдіру; топта жұмыс істеу 
және ұжымдық шешім қабылдау;студенттердің жеке және топтық өзіндік жұмыстарын 
жүргізу. 


229
Жалпы және бейорганикалық химиядағы оқу кейстері – бұл өмірде және өндірісте 
кездескен немесе кездесу ықтималдылығы жоғары жағдайлар. 
Жалпы және бейорганикалық химия курсының практикалық жаттығулары үшін 
осындай кейстерді жасау келесі кезеңдерді қамтиды: 
- кейс құрау жазу үшін объект іздеу және оған негіз бола алатын ақпараттарды жинау
-
алынған ақпаратты белгілі тақырып үшін құрылымдау және оның мәтін түрінде 
ұсынылуы,сонымен қатар фантастикалық оқиғалар, кейіпкерлер, қойылым және т.б. түрде 
толықтырылуы мүмкін; 
-практикалық сабақтар, семинарлар кезінде аудиторияда кейстерді апробациялау; 
-апробациядан кейін кейстің мазмұнына өзгерістер енгізу, қайта құру[4]. 
Зерттеу материалдары мен әдістері
 
Әңгіме түріндегі кейc мысалы: 
“Ұйқысыз студенттер” 
Айман химия факультетінің студенті,ол оқуынан соң қосымша жұмыс 
жасайды.Досы Дана екеуі кездесіп әңгімелеседі,сол кезде Айман өзінің емтиханға ұйықтап 
қалмай дайындалуы үшін энергетикалық сусын ішкенін,бірақ қатты шаршап тұрғанын 
айтады. Дана болса оған рецепт бойынша ұйықтатын дәрі береді.Екі студент оқу аймағынан 
шығып, 
жатақхана бөлмелеріне оралған кезде,Айман есінен танып құлап қалады. Дана дереу 
жедел жәрдем шақырады, Айман ауруханаға жеткізіледі.Жедел жәрдем бөлімшесінде 
Айманды емдейтін дәрігер қан сараптамасын тағайындайды. Студенттер болса 
тағылымдамадан өтушілердің рөлінде болып, талдауға көмектесуді сұрайды. 
Кейс тапсырмалары: 
1)
Эксперименттік деректерді қолданып, белгісіз қосылыстың құрамын анықтау.
2)
Қосылыстың эмпирикалық формуласын оның элементтік құрамының көмегімен 
анықтау. 
3)
Фармацевтикалық 
препараттарды 
бақылаусыз 
пайдаланудың 
салдарын 
қарастырып,талдау жасау. 
4)
Негізгі әдебиеттерді іздеуді орындау және дереккөздерді бағалау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   414




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет