Атты Республикалық ғылыми конференция материалдарының жинағы 4 сәуір 2022 жыл



Pdf көрінісі
бет388/414
Дата27.04.2022
өлшемі12,12 Mb.
#141094
1   ...   384   385   386   387   388   389   390   391   ...   414
Байланысты:
collection-of-the-conference-chemistry

Кілт сөздер: 
практикалық жұмыс, қондырғы, жұптық жұмыс, топтық жұмыс, құрал-жабдық.
Қазіргі таңдағы өмір талабы бойынша пәнді жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы 
тақырыптарды толық қамтитын, оны оқушыға дұрыс жеткізе алатын, оқытудың дәстүрлі және 
ғылыми дамытылған әдіс-амалдарын, сондай-ақ құралдарын еркін меңгере алатын, оқушылардың 
пәнге қызығушылығын арттыра отырып, дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу негізінде 
тапсырмалар жүйесін құрастыру. 
Білім мазмұнын жаңарту дегеніміз оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу және 
білім беру мазмұнын қайта құрастыру.Сонымен қатар жаңартылған білім беру бағдарламасының 
нәтижесі бәсекеге қабілетті, елдің болашағына өз үлесін қоса алатын, функционалды сауатты тұлға 
дайындау. Қазіргі заман күннен күнге өзгеріп дамып келеді. Яғни жаңартылған білім беру 
бағдарламасының тағы басты міндеті бәсекеге қабілетті, функционалды сауатты тұлғаны даярлап 
ғана қоймай, осы әлемде болып жатқан өзгерістерге, жаңашылықтарға әркез дайын болатын, 
жаңашыл ойлай алатын тұлғаны қалыптастыру. Білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық 
ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты болып келеді. «Мұғалім көп әдісті қолдана 
отырып, оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде пайдаланған дұрыс»,-деп Ахмет Байтұрсынов 
айтқандай, қазіргі таңда жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімге артылған жүк 
ауыр. Өз ісінің шебері ғана жоғары шыңдарды бағындыра алады. 
Химия заттарды, олардың қасиеттерін, бір заттың екінші затқа айналу құбылысын зерттейтін 
іргетасы биік ғылымдардың бірі. Практикалық жұмыстарды жасау химия пәнінің басқа пәндерден 
негізгі артықшылықтарының бірі. Сондықтан химия ғылымы эксперименттік ғылым болып 
табылады. Химия пәнін оқыту барысында оқушыларға кәсіптік білім беруді дамыту мақсатында 
белгілі бір тақырыпты, тарауды өткеннен кейін оқушылардың химиялық тәжірибелерді өз бетінше 
орындауы үшін арнайы практикалық жұмыстар ұйымдастырылады. Химия пәнінен оқушының 
теориялық білімін жетілдіру үшін практикалық жұмыстарды жиі жасаған тиімді. Практикалық 
жұмыстарды жасау арқылы оқушы химия пәнінен алған теориялық білімін дамытады, тақырып 
бойынша алған білімін бекітеді, сонымен қатар оқушының жобалау, проблеманы шешу, сыни 
тұрғысынан ойлау дағдылары қалыптасады. Қазіргі таңда көптеген оқушылар химия пәнін қиын деп 
ойлайды және қызығушылық танытпайды десек қателеспейміз. Бұл мәселенің алдын алу үшін, 
оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, теориялық біліммен қатар практикалық 
білімді нәтижелі түрде ұйымдастыра білуіміз қажет. Мен осы мақаламда химия пәні бойынша 


323
практикалық жұмыстарды ұйымдастырудың ең тиімді әдістерін көрсететін боламын. Қазіргі таңда 
оқушыны қалыптастыруға мынадай мақсаттар қойылып отыр:
1.
Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйрету; 
2.
Оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру; 
3.
Жұпта, топта жұмыс жасай білуге үйрету; 
4.
Бір-бірінің білімін бағалауға; 
5.
Жетістіктерін қолдана білуге тәрбиелеу; 
6.
Тез әрі нақты ойлап,дұрыс шешім қабылдай алу және тапқырлық, тиянақтылық 
дағдыларын дамыту;
7.
Талабын ұштап, қиялын дамыту. 
Практикалық сабақты жасауда алдыға қойылған мақсат: 
- Бар білімді барынша нақты қолдану керек
- Алған теориялық білімді практика жүзінде іске асыру; 
- Жұмыс барысында реттілікпен жұмыс істеу; 
- Оқушыларды өз беттерінше жұмыс жасауға дағдыландыру. 
Химия пәнінен оқушылардың теориялық алған білімдерін практика жүзінде дамыту дұрыс 
практикалық жұмысты ұйымдастырудан басталады. Мұғалім практикалық жұмысты жасатар 
алдында оқушылармен бірігіп тақырыпты толығымен түсініп алулары қажет және керекті 
реактивтермен құрал-жабдықтармен жұмысты қалай жасайтынын білуі керек. Сонымен қатар 
жұмыстың орындалу ретін мұқият оқып алғаны жөн.
Оқытуда практикалық жұмыстарды орындатудың көптеген міндеттері бар. Оларға тоқтала 
кетсек: 
Оқушыларға алып жатқан теориялық білімдерін практика жүзінде көзбен көргізіп 
дәлелдеу; 
Жұмыс орнын әзірлеу, қажетті құралдармен, жабдықтармен және реактивтермен 
қамтамасыз ету; 
Жасалған тәжірибе жұмыстарына қарап қорытынды жасау.[1, б. 60] 
Практикалық жұмыстарды ұйымдастырудың бірнеше кезеңдері бар: 
1.
Ең алдымен жасалатын практикалық жұмысының мазмұнымен танысу. Мұғаліммен 
мазмұнын талқылап, тақырыпты түсіну қажет. 
2.
Қажетті құрал-жабдықтармен танысу және олармен қалай жұмыс жасау керектігін үйрену. 
3.
Практикалық жұмыстың әдістемелік нұсқаулығын құру. Яғни, жасалатын ісінің бірінен 
соң екіншісін біліп тұруы қажет. 
4.
Кей кезде алдын ала есептеулер жүргізіп алуы қажет. 
5.
Мұғалімнен түсініксіз жағдайларды сұрап алуы қажет. 
Практикалық жұмыс күрделірегіне қарай жеке, жұппен, топпен болып жасалынады. 
Практикалық жұмыстарды жасау кезінде біршама ережелер бар. Осы ережелерді мұқият 
ұстанған жөн: 
1.
Жұмысты бастамас бұрын жұмыс қалай жасалатынымен танысып алу қажет. 
2.
Практикалық жұмыс қондырғымен жасалатын болса, онда қондырғыны құрастырарда әр 
оқушы бөліп алып, бірге құрастырған жөн. Қондырғыны құрып болғаннан кейін, 
лаборантқа тексертіп алып, оның рұқсатымен жұмысты бастау керек. 
3.
Қондырғыны істегеннен кейін ойша жасалатын жұмысты сараптап алған жөн. 
4.
Жұмысты әр оқушы өздерінің ішінде бөліп алғаны дұрыс. Мүмкіндігінше оқушылардың 
бәрі жұмысқа тартылғаны дұрыс.
5.
Жұмыстың хаттамасы толтырылған жөн. Қателіктер кетсе топпен талқылап сараптама 
жасаған дұрыс. 
6.
Сабақтың соңында алынған нәтижелерді толтырып, қорытынды жасау қажет. 
7.
Қорытындыны әр оқушы өз бетінше жасағаны дұрыс. Қорытынды жасау арқылы 
оқушылар жұмыс бойынша нені түсінгендерін жаза алады. [2, б. 166] 
Назарларыңызға «Сутегі» тақырыбы бойынша бірнеше практикалық жұмыстардың берілгенін 
ұсынып отырмын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   384   385   386   387   388   389   390   391   ...   414




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет