Атты Республикалық ғылыми конференция материалдарының жинағы 4 сәуір 2022 жыл



Pdf көрінісі
бет394/414
Дата27.04.2022
өлшемі12,12 Mb.
#141094
1   ...   390   391   392   393   394   395   396   397   ...   414
Байланысты:
collection-of-the-conference-chemistry

Жұмыстың орындалуы. 
0,2-0,3 г зерттелетін металды (мырыш, магний, алюминий) 0,01 г 
дейінгі дәлдікпен өлшеп алыңыздар. Реакция теңдеуін жазып, одан алынған металл массасын толық 
ерітуге 10 тұз немесе күкірт қышқылдарының қанша көлемі қажет екенін есептеп алыңыздар. 
Тәжірибені орындағанда реагент ерітіндісін артық мөлшерде алыңыздар. Егер алюминиймен жұмыс 
істесеңіздер есептеуді 10 сілті ерітіндісімен жүргізіңіздер. Вюрц құтысының қабырғаларына қышқыл 
тимейтіндей етіп ұзын құйғымен қышқылды құйыңыздар да, Вюрц құтысын көлденең жағдайға 
келтіріп, металды сүзгі қағазына орап, құтының мойнына салып қойыңыздар. 
Жазық түпті құтыға толтырып су құйыңыздар және аспаптағы қысымды атмосфералық 
қысымға келтіріңіздер. Ол үшін қысқышты ашып қойғанда екі ыдыста да су деңгейі бірдей 
болатындай стаканға су құйыңыздар. Қысқышты жауып стакандағы суды төгіп тастаңыздар. 
Цилиндрмен 100 мл су өлшеп алып стаканға құйыңыздар. Сонда сифонның ұшы суға батып тұруы 
керек. Одан соң қысқышты ашып алып Вюрц құтысын тігінен орналастырып металды қышқылға 
сілкілеп түсіріңіздер. Егер металл нашар еритін болса, онда ерітіндіні қыздырыңыздар. Реакция 
аяқталған соң реакция жүрген құтыны бөлме температурасына дейін суығанша күтіп, одан кейін 
аспаптағы қысымды атмосфералық қысымға келтіріңіздер. Сутекпен ығыстырылған судың көлемін 
өлшеп, бөлме температурасын, барометрмен атмосфералық қысымды жазып алыңыздар.
Тәжірибе барысында ығыстырылған сутек көлемін стакандағы тәжірибеге дейін және одан 
кейінгі судың айырымын есептеу арқылы табасыздар. Сутек көлемін қалыпты жағдайға келтіріңіздер. 
Өздерің зерттеп отырған металл эквивалентінің молярлық массасын сәйкес есептеулер жүргізе 
отырып табыңыздар. [3, б. 319] 
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1. Жүргізілген тәжірибе бойынша металдардың эквиваленттік массасы нешеге тең болды? 
2. Сутек бойынша металдардың эквивалентін анықтауға арналған құрылғыны сипаттаңыздар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   390   391   392   393   394   395   396   397   ...   414




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет