105
Химиялық өндірісте сауықтыру негізінен гигиенаға сай негізделген. Егерде адам
уланып немесе өзін жайсыз сезінсе, ол мемлекетпен бекітілген кауіпсіздік ережесін
сақтамағандығының белгісі болып табылады. Себебі кез келгген қосылыс тез шқыш немесе
тұтанғыш, я болмаса тез ауада тотыққыш болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда басты талап
технологиялық процестерге, вентиляцияға, аппараттарды пайдану мен орналастыруларға
қойылады[3].
Химиялық комбинаттар мен заводтарды, жеке цехтар мен аппараттарды орналастыру
барлық химиялық заттардың химиялық қасиеттерін ескере отырып қарастырылуы тиіс.
Мысалы, қабат аралық жактауларға аппараттарды орнатпастан бұрын газдардың таралу
жылдамдвығын, олардың ұшқыштығын, қайнау және қату температурасының қандай
екендігін тексеру керек. Және бұл жерлерде вентиляция жұмысын бақылау керек.
Атмосфераның ластануы адам, жануарлар мен өсiмдiктер үшін әрқашан зиян. Түтіннің
құрамындағы газдар қолайсыз метеорологиялық жағдайларда қалың улы тұмандардың
түзілуіне әкеп соғады. Тіпті кейбір жағдайларда улы заттардың жинақталуы нәтижесінде
адамдардың аса қауіпті аурулары мен өліміне себеп болады. Өндіріс орындарынан шыққан
қалдықтар құрамында 140-қа жуық зиянды заттар бар. Олардың көпшілігі түссіз, иіссіз
болып, организмге бірден әсер ете қоймайды. Ауаның ластануы адамның жалпы жағдайын
нашарлатып, жұмыс қабілетін төмендетіп, жөтел, бас айналу, тыныс жолдарының
спазмалары, өкпенің түрлі аурулары, организмнің жалпы улануын туғызып, түрлі ауруларға
қарсы тұра алу қабілетін төмендетеді.
Достарыңызбен бөлісу: