Атты Республикалық ғылыми конференция материалдарының жинағы 4 сәуір 2022 жыл



Pdf көрінісі
бет170/414
Дата27.04.2022
өлшемі12,12 Mb.
#141094
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   414
Байланысты:
collection-of-the-conference-chemistry

Түйін сөздер: 
білім алушы, PISA, функционалдық сауаттылық, жаратылыстану, зерттеу, білім беру, 
тапсырма, шешу, жауап, құрастыру, тәрбиелеу. 
PISA - 15-жастағы білім алушылардың математикалық, жаратылыстану және оқу 
сауаттылығы деңгейлерін бағалайтын халықаралық зерттеу. 
Жобаның үйлестірушісі Экономикалық Ынтымақтастық және Даму ұйымы (
ЭЫДҰ

болып табылады. Зерттеу білім беру саласындағы жетекші халықаралық ұйымдардың 
қатысуымен Консорциум арқылы іске асырылады. 
PISA-2000 бірінші кезеңіне 43 ел қатысты, PISA-2015 кезеңіне 
71 ел
 қатысты.
Зерттеу мақсаты: білім алушылардың қоғамда толыққанды қызмет атқарулары үшін 
алған жалпыға міндетті білімдері мен ептіліктерін қаншалықты меңгергенін бағалау 
(функционалдық сауаттылық).Соныменқатар, білім алушылардың оқу жетістіктеріне әсер 
ететін әртүрлі факторларды қарастырады. Бұл - әлеуметтік-экономикалық аспектілері, білім 
беру ұйымдары мен жасөспірімдердің мектептен тыс білім алу мүмкіндіктерінің 
сипаттамалары. 
Елімізде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға зор мүмкіндіктер бар. 
Функционалдық сауаттылық - бұл, білім мен адамның көпжоспарлы іс-әрекеті арасындағы біріккен, 
жеке тұлғалық қалыптасуының көрсеткіші. Өсіп келе жатқан ұрпақтарының ой-өрісін дамыту 
мақсатын алға қойған Қазақстан 30 дамыған елдердің қатарына қосылмақ. Осы тұста, оқушылардың 
білім сапасына ауқымды бағалау мен талдау жүргізетін халықаралық салыстырмалы зерттеулерге 
қатысу нәтижелерін негізге ала отырып қарастырайық.
Еліміздің халықаралық зерттеулерге қатысуы не береді? 

Білім берудің бақылау-бағалау жүйесін реформалауға; 

Қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігімен бірігуіне; 

Білім беру мазмұнын жаңартуға, білім беру сапасын бақылаудың қазақстандық жүйесін 
құруға; 


143

Ұлттық кадрлардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. 
Білім саласында өзінің ерекшеліктерімен әлемдік деңгейде мойындалған бірнеше 
халықаралық жобалар бар. Соның ішінде, білім жүйесінің танымал сарапшылардың баға беруі 
бойынша обьективті елдерден тәуелсіз бағалау жүргізетін TIMSS, PISA халықаралық зерттеулері 
елімізде өткізілуде.
Алғаш рет 2007 жылы Қазақстан 4-сынып оқушыларының халықаралық салыстырмалы 
мағлұмат алу мақсатында математика мен жаратылыстанудан білім сапасын бағалайтын TIMSS 
(Trends in Mathematics and Science Study) зерттеуіне қатысты. Бұдан әрі TIMSS-2011 және TIMSS-
2015 кезеңдеріне қатысты. 2007 жылы TIMSS зерттеуіне қатысушы 36 мемлекет ішінде қазақстандық 
оқушылардың білім жетістігі жоғары және халықаралық орташа көрсеткіштен айтарлықтай жоғары 
деп бағаланды. Оқушыларымыздың математикадан орташа көрсеткіші 549 (1 000 балдық шкала 
бойынша) ұпай, бұл көрсеткіш 5 орынға лайық болса, ал жаратылыстанудан орташа көрсеткіші - 533 
ұпай, аталмыш көрсеткіш 11 орынды көрсетеді. Жалпы алғанда осы сынақта оқушыларымыз 7 
орынды иеленді. 
Дегенмен, арада жылдар өтіп, бұл көрсеткішті көрсете алмадық. 2011 жылғы зерттеу нәтижесі 
орташа көрсеткіштен төмен екені анықталды. Қазақстандық 4 сынып оқушыларының математикадан 
орташа көрсеткіші 501 (1 000 балдық шкала) ұпай, ал жаратылыстану пәнінен – 495 ұпай.[1] 
Осы жылдың сәуір айында TIMSS-2015 зерттеуіне әлем бойынша 57 мемлекет арасынан 500 
мыңнан астам бастауыш және орта буын оқушылары жаратылыстану және математикалық білімдерін 
көрсетуге ат салысты. Оның ішінде Қазақстан атынан 9 579 4-ші және 8-ші сынып оқушылары өз 
құрдастарымен бәсекеге түсті.
Қазақстан оқушыларының PISA нәтижелері өзге елдермен салыстырғанда әлдеқайда төмен, 
ал 2012 жылға және 2015 жылға қарағанда 2018 жылы қатты құлдырап кеткені байқалады. Бұл 
Қазақстан оқыту саласындағы сапасыздық, жүйесіздік, біліксіздік және жемқорлық дерттерімен 
қатысты, екі тілмен, тіпті үш тілмен жас балалар миын шатастырудың табиғи жемісі. Сондай-ақ 
ағылшын тілініңдегі ең жаңа білімдердің ҚР балаларына қолжетімді болмағаны да өз әсерін 
көрсеткен. Білім саласын басқарушылардың бытпырақ реформалар жасап, негізгі мәселелерді 
көлегейлеуі мен айналып өтуі де нәтиженің төмендегіне өз үлесін қосқан. Сосын кейінгі жылдары 
Қазақстан қоғамындағы діни әсірешілдіке бой ұру да ғылым саласы мен әдебиет және математика 
саласын игеруге кедергі келтіргені анық. Жалпы 15 жастық Қазақстан балаларының ылғи 
қайталанған бұл төмен көрсеткіші еліміз дамуына өте кереғары рөл ойнайтыны анық. Бұдан шығу 
үшін дамыған елдердің тәжірибесін қолданумен қатар, балалардың жаппай ғылымға, әдебиетке және 
мәдениетке бой ұруына қозғау салатын жаңа тәсілдер ойластыру, әсіресе жаңа технологияның ғылым 
мен әдебиет үйрететін тетіктерін қарастыру да өте маңызды. 
Ал, енді PISA тапсырмаларына келетін болсақ, тапсырмаларды зерделеп отырсам, 
оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытып отыратын, логикалық тест тапсырмалары ашық 
немесе жабық күйінде берілген [2]. 
Оқушылардың білімді игеруіне байланысты деңгейлік тапсырмалар берілген және 
олардың орындау қабілеттеріне қарай қойылатын талаптар деңгейлері де әртүрлі. 
Жоғары деңгейге қойылатын талап: Бұл деңгейге жеткен оқушылар білімді 
қабылдауға және көрсетуге қабілетті, күнделікті өмірде кездесетін құбылыстарды түсіндіре 
білуі, өсімдіктер, жануарлар, тіршіліек үрдістер құрылымы туралы кейбір түсініктері, 
заттардың қасиеттері мен физикалық құбылыстар туралы білімдері,Күн жүйесі мен Жер 
құрылысы, үрдістер мен құбылстар туралы білімдері,зерттеуді жүргізуге байланысты 
бастапқы түсініктерінің болуы,кейбір жаратылыстану түсініктерін күнделікті өмірден 
алынған физикалық және биологиялық үрдістер туралы ақпараттармен байланысын 
түсіндіру қабілетінің болуы, қысқаша жауап құрастыруы тиіс. 
Орта деңгейге қойылатын талап: Бұл деңгейге жеткен оқушылар білімді қабылдауға 
және көрсетуге қабілетті, жаратылыстануға байланысты тәжірибелік жағдайларды және 
негізгі ұғымдарды түсінуі, тірі ағзаларды сипаттауға және олардың қоршаған ортамен 
байланысын анықтауы, адам биологиясы мен оның денсаулығы туралы кейбір түсініктері, 
жалпыға танымал физикалық құбылыстар туралы кейбір түсініктері, күн жүйесі мен Жер 
туралы негізгі дәлелдерді білуі, суреттерді түсіндіру және тәжірибелік жағдайларда білімін 
қолдану қабілетінің болуы тиіс. 


144
Төмен деңгейге қойылатын талап: Бұл деңгейге жеткен оқушылар қарапайым білімді 
болады, адам денсаулығына және жануарлардың мінез-құлық және физикалық сипаттарына 
байланысты кейбір қарапайым фактілерді білу, заттардың кейбір қасиеттерін көрсете білу 
қабілеттерінің болуы, белгілері бар суреттерді, қарапайым диаграммаларды түсіндіру, 
қарапайым кестелерді толтыру қабілетінің болуы,нақты дәлелдерді қажет ететін сұрақтарға 
қысқаша жауаптар құрастыруы тиіс. 
РISA есептерінің шарты: өмірден алынған қандай да бір ситуацияның жазбасы;не 
есептің шарты, не сұрақтың мазмұны нақты бір пәндік білімге сүйенбейді;есептің 
шарты тұлғалық тәжірибемен сәйкестендірілген – ашық; әрбір есеп немесе тапсырма өзіндік 
шешімді талап ететін қандай да бір ситуация болып табылады. 
Білім және тәрбие берумен бірге химияны оқытудың міндеті- оқушылардың ақыл-ойын 
дамыту.Оқушылардың ақыл – ойы білім мен білікті игеру барысында дамиды. Заманымыздың заңғар 
жазушысы М.Әуезовтің: «Адам мен адамды теңестіретін – білім» деген қанатты сөзін есте ұстауымыз 
керек. 
Мен Көкмардан орта мектебінде химия пәнінен сабақ беремін.Химия кабинеті қазіргі заман 
талабына сай жабдықталған,күнделікті сабаққа қажетті құралдар мен реактивтер жиынтығы 
бар,кабинетте компьютер мен интерактивті тақта орнатылған. Мен осы қазіргі заманның жаңа 
технологиялық құралдарын пайдалана отырып,оқушылардың химия пәніне қызығушылығын арттыру 
үшін жұмыс жасап келемін.Ол үшін сабақтарды күнделікті өмірмен байланыстыра өткен өте тиімді. 
Химя пәні мектептерде 7-сыныптан басталады.Алғашқы сабақтардан кейін-ақ көптеген 
оқушылардың бойында «қиын пән,түсінбеймін» деген қорқыныш туындайды.Сондықтан да мен әр 
сабақты жаңа технология элементтерін пайдаланып,түрлендіре өтуге, күнделікті химия пәнінен алған 
білімді өмірде қалай пайдалануға болатынын көрсетуге тырысамын. 
Мысалы, 10 – сыныпта«Натрий және оның маңызды қосылыстары» тақырыбын өткенде 
мынадай есеп құрастыруға болады: «Көкөністерді тұздау үшін ас тұзының 8%-тік ерітіндісі 
(р=1,06г/мл) қолданылады. Көкөніс тұздауға арналған 10 л тұзды су дайындау үшін қанша ас тұзы 
және су керек?» 
«Көмірек және оның қосылыстары» тақырыбын өткенде мына есепті ұсынуға болады: «Үйді 
жылыту мақсатында көмірді жиі қолданады. Үйде массасы 50 кг көмір қалды. Оның құрамында 4 % 
жанбайтын қоспалар бар. Егер үйді бір реттік жылыту үшін 20112 кДж жылу қажет болса, онда 
қалған көмір қоры қанша рет жағуға жетеді?» Немесе, «ашық қызыл және ашық көк түсті маталар 
түсін ұзақ сақтау үшіншаю кезінде 1 л суға 15 г ас содасын салу керек. Алынған ерітіндідегі ас 
содасының массалық үлесін анықтаңыз» деген сияқты есептер оқушыларды алған білімін күнделікті 
өмірде қолдана білуге жетелейді. 11- сынып бойынша «Витаминдер» тақырыбын семинар сабақ 
түрінде ұйымдастыруға болады.Оқушыларға алдын ала семинар сұрақтары беріледі.Тапсырма алған 
оқушылар қай витаминнің қайда кездесетінін,қандай пайдасы барын дайындап келеді.Өзіне берілген 
витамин құрамында кездесетін жеміс-көкөністерді алып келуді тапсырамын. Құрамында витамині 
бар дәрілік препараттарды өзім әкелемін.Интерактивті тақтаға да жазып,көрсетемін.Оқушылар 
тақтадағымен салыстыра отырып, өз ізденістерінің қандай дәрежеде екенін анықтай алады. 
Жаңа ақпаратпен таныстыру кезеңінде оқулықтан тыс ғылыми жаңалықтармен 
таныстырамын.Бұл сабақта оқушылар қай витаминнің қай азық-түлікте кездесетінін әрі суреттен 
көріп, әрі өзін көріп танысады.Көзбен көріп,қолмен ұстап,құлақпен естіген ақпарат оқушы жадында 
жақсы сақталады деп ойлаймын. 
Химия пәніне байланысты ғылыми тілді қолдану оқушылардың ықшам және түсінікті сөйлеу 
дағдыларын дамытуға, химиялық үдерістер мен тетіктерді сипаттау үшін тілдік құралдарды тиімді 
таңдап пайдалануға мүмкіндік береді. 
Оқу бағдарламаларының ерекшелігі ретінде олардың тек пәндік білім мен білікке ғана емес, 
сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағытталғанын атауға болады. Оқу 
мақсаттарының жүйесі білімді функционалдық және шығармашылық қолдану, сын тұрғысынан 
ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, 
қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке дара жұмыс істей алу, 
проблемаларды шешу және шешім қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларды дамытуға негіз 
болады. 
Ақпараттық қоғамға көшу әлем елдерінен, сонымен бірге Қазақстаннан әлемнің тез өзгермелі 
жағдайында өзін-өзі шыңдауға, өзін-өзі дамытуға, барынша дұрыс және өнегелі-жауапты шешімдерді 
өзбетінше қабылдауға қабілетті азаматтардың болуын талап етеді. Осы айтылғандар шеңберінде 


145
Қазақстанның қазіргі білім беру жүйесі үшін жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін қамтамасыз 
ететін жағдайлар жасау мәселесі өзекті мәселе болып тұр.[3] 
Шын мәнінде, көз ілеспес шапшаңдықпен дамып, жедел өзгеріп дамыған мына дүбірлі 
дүниеде, Елбасы айтқандай, сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңісіп кеткен қағидалардан 
арылып, рухани жағынан серпілуіміз, жаңғыруымыз қажет.[1] 
Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. 
Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор, бақылаушы, тексеруші, ізденуші, зерттеуші, технолог, 
өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болып, өзгеру керек.Өмір сүру үшін 
өзгере білу керек! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   414




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет