211
ӘОЖ: 246.325
ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
А.К. Князова
Б.Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицей, Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан,
knyazova1986@mail.ru
Андатпа:
Қазақстанда химияны оқыту әдістемесі бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарының негізгі
бағыты-орта мектеп химиясының өзге пәндермен және өндіріспен байланысын ғылыми жағынан жан-жақты
зерттеу өте маңызды.
Кілт сөздер:
Химияны оқыту әдістемесі, әдістердің жіктелуі, химияны оқыту, оқыту әдістері
Химияны оқыту әдістемесі - мектептегі химия курсының мазмұны мен оны оқушылардың
меңгеру заңдылығын зерттейтін педагогикалық ілім. Химияны оқыту әдістемесінің мәні химияны
оқыту процесінің заңдылықтарын анықтауда жатыр. Бұл процестің негізгі құраушылары: оқыту
мақсаты, мазмұны, әдістері, формасы мен құралдары, оқытушы мен оқушы әрекеті. Химияны оқыту
әдістемесінің зерттеу нысаны – осы пәнді оқыту әрекеті. Оқыту педагогика, дидактика және әдістеме
тұрғысынан түсінуге болатын күрделі әрекет болып табылады. Химияны оқыту әдістемесінің негізгі
функциясы оқушылардың негізгі факті, түсінік, заңдылық пен теорияны мектептегі химия курсында
меңгеріп, химиялық терминологияның ерекшелігіне сай қабылдауы үшін қолайлы жолдарды
анықтау.Басқа ғылым салалары тәрізді химияны оқыту әдістемесінің де өзіндік даму тарихы бар.
Химияны оқыту әдістемесінің дамуы химия ғылымының деңгейімен тығыз байланысты. Әр
заманның химиктерінің өздері ұсынған теориялық тұжырымдар тұрғысында оқытушылық қызметпен
де айналысқаны бәрімізге мәлім. Сондықтан да химияны оқыту әдістемесі ғылым ретінде тек химия
ғылымы орныққаннан кейін ғана қалыптасты.
В.Н. Верховский, Л.М. Сморгонский, Я.Л. Гольдфарб химияның жүйелі курсының
бағдарламасын жасады, тұрақты оқулықтарын және тұңғыш әдістемесін жазды (1933-34ж.ж). бұдан
кейінгі кезеңде орта мектептегі химия курсының мазмұны мен құрылымын ғылыми жағынан
негіздеуге Л.А.Цветков, Ю.В.Ходаков және С.Г.Шаповаленко, т.б. көп еңбек сіңірді. 1940 жылдардан
бастап Қазақстанда химияны оқыту әдістемесін жасау және жетілдіру ісі қолға алынды. Бастапқыда
озат мұғалімдердің іс-тәжірибесін кеңінен тарату және мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету
мақсатымен біраз еңбектер жазылды. Солардың ішінен О.А.Суворованың «Химияны оқытудың
социалистік құрылыстың практикасымен байланысты» негізгі құралы (1940ж.)еңбектерін атап өтуге
болады.
Қазақстанда химияны оқыту әдістемесі бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарының негізгі
бағыты – орта мектеп химиясының өзге пәндермен және өндіріспен байланысын ғылыми жағынан
негіздеу. Д.Қоянбаев – Қазақстанның оңтүстік аймағындағы оқушылардың ауыл шаруашылық
тәжірибелік жұмыстарындағы химия, С.Мұсабеков – химияны оқытудың биология және ауыл
шаруашылық өндірісімен байланысы, А.Г. Гатауллин-ауыл мектептерінде химияны оқытудың
топырақтану негіздерімен байланысы, Л.П. Калашникова - химияны оқытудың жер туралы
ғылымдармен байланысы, Л.З. Дюсюпова - органикалық химияны оқытудың физикамен байланысы,
К.А. Сарманова - химияны оқытуда оқушылардың IV-VI сыныптарда жаратылыстану -
математикадан алған білімін пайдалану мәселелерін зерттеді.Қазақстандағы органикалық химияның
дамуы белгілі ғалымдар –Д.В.Соколький,Т.К.Чумбалов,И.Н.Әзербаев, А.Ф.Сейтжанов есімдерімен
тығыз байланысты. Бұл ғалымдар өздерімен бірге органикалық химия саласында іргелі және
қолданбалы зерттеулердің дамуына маңызды үлес қосқан дарынды шәкірттер тәрбиеледі. Химияны
оқыту әдістемесі жөнінде зерттеу жұмыстарының бір тобы аса маңызды дидактикалық мәселерлерді
шешуге бағытталған. З.П.Петренко- металдармен байланысты оқушылардың өздігінен істейтін
жұмыс формаларын салыстыру, О.Хаймолдин – химияны оқыту әрекетінде оқушылардың таным
әрекетін жандандыру, А.Мырзабаев - химиядын кластан тыс жұмыстар жүргізумен байланысты
оқушылардың практикалық дағдылары мен иекемділіктерін қалыптастыру, М.Д.Жадрина – химияны
оқыту әрекетінде оқушылардың оқуға икемділігін дамыту мәселелері бойынша зерттеулер жүргізді.
И.Нұғманов қазақ тілінде химия терминологиясының шығуы мен дамуы барысын, химия
212
терминдерін оқыту әдістемесін, кейіннен ғылым тілінің оқыту әрекетіндегі дидактикалық
қызметтерін зерттеді.
Д.И. Менделеев (1834-1907) жастарға химиялық білім берудің қажеттігін,
мақсаттарын, мазмұнын, сипатын талдаған еңбектер мен оқулықтар жазды, химияның
өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында қолданылуын көрсету арқылы оқушыларды
еңбекке, практикалық іске әзірлеу, химияның мазмұнына деректі және теориялық
материалдарды енгізу, химиялық экспериментті кеңінен пайдалану туралы пікірлер айтты.
А.М. Бутлеров (1828-1886) ғылымдағы және оқыту әрекетіндегі теориялық білімнің
алатын орнын негіздеп түсіндірді, өте жақсы химия оқулықтарын жазды.
М.В. Ломоносов негізін қалаған атом-молекулалық ілім мен массаның сақталу заңы,
Д.И. Менделеев ашқан периодтық заң және периодтық жүйе, А.М. Бутлеровтың
органикалық заттардың құрылыс теориясы орта мектептегі химия курсының теориялық
негізін құрайды.1940 жылдардан бастап Қазақстанда химияны оқыту әдістемесін жасау және
жетілдіру ісі қолға алынды. Әдістемені зерттеу жұмыстары 50-жылдарды Абай атындағы
Қазақпедагогика институтының химия кафедрасы, республикалық Педагогика ғылымдары
ғылыми-зерттеу институты жаңынан аспирантура ұйымдастырылғаннан кейін жандана түсті.
Қазақстанда химияны оқыту әдістемесі бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарының
негізгі бағыты-орта мектеп химиясының өзге пәндермен және өндіріспен байланысын
ғылыми жағынан негіздеу.Әдістің мәнін ашу үшін ең алдымен оқутыдын мақсатын және
мұғалім мен оқушының іс-әрекетін ескереді. оқыту әдістері дегеніміз – «белгіленген оқу
мақсатына жету үшін мұғалімнің іс-әрекеті мен оқышу іс-әрекетінің үйлесу түрлері,
тәсілі».Оқытудың мақсаттары мен құралдары тұрғысынан алғанда оқыту әдістері
«мұғалімнің оқушыларды білім және білікпен қаруландыратын, адамгершілік көзқарас
қалыптастыратын құралдары мен тәсілдерінің жиынтығы».Оқутыдын мақсаты мазмұнын
игеру арқылы жүзеге асады. Оқытудың әдістері, құралдары, іс-әрекеті осы мазмұнды
меңгеруге бағытталған. Бұл тұрғыдан қарағанда «химияны оқыту әдістері химия
ғылымының мазмұнымен анықталады, өйткені әдіс дегеніміз – мазмұнның ішкі
қозғалысы».Келтірілген анықтамалардың біреулері дұрыс, екіншілері бұрыс деп айта
алмаймыз, өйткені әдістің мәнін ашу үшін оқыту әрекетінің жеке жақтары пайдаланылған.
Солардың бәрінің басын қосып, оқыту әдістері дегеніміз – белгіленген мақсатқа сәйкес
анықталған мазмұнды игеру үшін мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің үйлесу формалары деген
анықтамаға келеміз.Химияны оқыту әдістері, ғылыми зерттеу әдістерімен ұштасып жатады,
оқушылардың химия объектілерін танып-білу әрекетінің ерекшеліктерімен де сипатталады.
Әдіс
- іс-әрекетті жүзеге асырудың бір жолы. Әдіс терминінің мағынасы өте кең. Ол кез-
келген адамның сарамандық және теориялық іс-эрекетінде белгілі бір мақсатқа жетудің қажетті
мүмкіндіктерін игеруінің тэсілі. Оқыту әдісін тек оқытушының ғана іс әрекеті, немесе соның ғана
қызметі деп түсінуге болмайды. Ол оқушы мен мұғалімнің бірігіп, мақсатқа жету жолындағы
ізденісі, іс -әрекеті болып табылады.
Әдістің мәнін ашу үшін ең алдымен оқытудың мақсатын және мұгалім мен оқушының іс-
әрекетін ескереді Оқыту әдістері дегеніміз-белгіленген оқу мақсатына жету үшін мүғалімнің іс-
әрекеті мен оқушы іс-әрекетінің үйлесу түрлері, тәсілі.
Оқытудың мақсаттары мен құралдары тұрғысынан алғанда оқыту әдістері мүғалімнің
оқушыларын білім және білікпен қаруландыратын, адамгершілік көзқарас қалыптастыратын
құралдары мен тәсілдерінің жиынтығы.Оқытудың мақсаты мазмұнын игеру арқылы жүзеге асады
Оның әдістері, құралдары, іс-әрекеті осы мазмұнды меңгеруге бағытталған. Бұл тұрғыдан қарағанда
химияны оқыту әдістері химия ғылымының мазмұнымен анықталады, өйткені әдіс дегеніміз -
мазмұнның ішкі қозғалысы.
Келтірілген анықтамалардың біреулері дұрыс, екіншілері бұрыс деп айта алмаймыз, өйткені
әдістің мәнін ашу үшін оқыту әрекетінің жеке жақтары пайданылған. Солардың бәрінің басын қосып,
оқыту әдістері дегеніміз - белгіленген мақсатқа сэйкес анықталған мазмүнды игеру үшін мүғалім мен
оқушы іс-эрекетінің үйлесу формулалары (тәсілдері) деген анықтамаға келеміз.Химияны оқыту
әдістері ғылыми зерттеу әдістерімен үштасып жатады, оқушылардың химия объектілерін танып, білу
әрекетінің ерекшеліктерімен де сипатталады.
213
Достарыңызбен бөлісу: |