Атты Республикалық ғылыми конференция материалдарының жинағы 4 сәуір 2022 жыл



Pdf көрінісі
бет252/414
Дата27.04.2022
өлшемі12,12 Mb.
#141094
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   414
Байланысты:
collection-of-the-conference-chemistry

Курстың сипаттамасы 
Аналитикалық химия негіздері – химиялық талдаудың әдістері және 
құралдары жөніндегі ғылым. Элементтерді айқындау әдістері – 
сапалық химиялық талдаудың әдістері мен тәсілдері жөніндегі 
аналитикалық химияның құрамдас бөлігі. Элементтерді айқындау 
әдістері заттың сапалық құрамы мен элементтердің химиялық 
қасиеттерінің арасындағы тәуелділікке негізделген. Талдаусыз 
іргелес жаратылыс ғылымдарының да дамуы мүмкін емес. 
Аналитикалық химияның дамуы талдау әдістерінің алуан түрлілігін 
және олардың құрама түрлерінің пайда болуын туғызды. 
Элементтерді айқындау әдістерін қолдану мүмкіндіктері олардың 
физика-химиялық мәнін, жалпы химиялық заңдылықтарын оқып 
білуге 
негізделеді. 
Аналитикалық 
химияның 
элементтерді 
айќындауға қатысты тарауларын терең меңгеру үшін пәннің іргелі 
теориялық негіздерін білу керек. Берілген пәнді меңгеру студенттің 
химияның 
барлық 
басқа 
бөлімдерінің 
негізін 
құрайтын 
аналитикалық химия жөніндегі білімдерін тереңдетеді, оның оқу 
материалын игерудегі дербестігін, нақты мәселелерді зерттеудегі 
ойлау логикасын дамытады, химиктің мұқият және терең ойлы 
жұмыс істеуге қажетті дағдыларын қалыптастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   414




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет