Қорытынды Case-study
әдісімен
өткізілген
сабақтар
студенттердің
қызығушылығын
арттырады.Студенттер үшін мұндай сабақтар жалпы және бейорганикалық сияқты күрделі
сабақтың мәнін түсініп,стехиометриялық заңдардың ерекшеліктерін саналы түрде зерттеуге
күшті түрткі болады.Яғни, инновациялық технологиялардың дәстүрлі оқытуда
қолданылатын материалды "дайын " түрде ұсынудан сөзсіз артықшылықтары бар.Бірақ,
бүкіл оқу процесін тек белсенді оқыту әдістерімен ауыстыру мүмкін емес. Қазіргі кездегі
инновациялық оқыту әдістерінің кез-келгенін сабақта қолдануәдістемелік тұрғыда
негізделген және қамтамасыз етілген болуы керек.Нақты инновациялық әдісті қолдану
дәстүрлі әдіспен салыстырғанда үлкен эффективтілікке ие. Case-study әдісі қарым-қатынас
дағдыларын дамытуға, біріктіруге мүмкіндік береді және алған теориялық білімдерін
тәжірибеде қолдана отырып, нақты мәселелерді шешуге машықтанады.Сондай-ақ, Case-
study әдісі жұмысқа қабылдау кезінде нақты сұхбатқа дайындалуға көмектесе алады.Жалпы
және бейорганикалық химия сабағында осы әдіс арқылы алынған дағдылар, сондай-
ақәртүрлі кейстерді шешу болашақ
қызметкерлерге
нақты жұмыс кезіндегі қиындықтарды
жеңуге көмектеседі.