229
Жалпы және бейорганикалық химиядағы оқу кейстері – бұл өмірде және өндірісте
кездескен немесе кездесу ықтималдылығы жоғары жағдайлар.
Жалпы және бейорганикалық химия курсының практикалық жаттығулары үшін
осындай кейстерді жасау келесі кезеңдерді қамтиды:
- кейс құрау жазу үшін объект іздеу және оған негіз бола алатын ақпараттарды жинау;
-
алынған ақпаратты белгілі тақырып үшін құрылымдау және оның мәтін түрінде
ұсынылуы,сонымен қатар фантастикалық оқиғалар, кейіпкерлер, қойылым және т.б. түрде
толықтырылуы мүмкін;
-практикалық сабақтар, семинарлар кезінде аудиторияда кейстерді апробациялау;
-апробациядан кейін кейстің мазмұнына өзгерістер енгізу, қайта құру[4].
Зерттеу материалдары мен әдістері
Әңгіме түріндегі кейc мысалы:
“Ұйқысыз студенттер”
Айман химия факультетінің студенті,ол оқуынан соң қосымша жұмыс
жасайды.Досы Дана екеуі кездесіп әңгімелеседі,сол кезде Айман өзінің емтиханға ұйықтап
қалмай дайындалуы үшін энергетикалық сусын ішкенін,бірақ қатты шаршап тұрғанын
айтады. Дана болса оған рецепт бойынша ұйықтатын дәрі береді.Екі студент оқу аймағынан
шығып,
жатақхана бөлмелеріне оралған кезде,Айман есінен танып құлап қалады. Дана дереу
жедел жәрдем шақырады, Айман ауруханаға жеткізіледі.Жедел жәрдем бөлімшесінде
Айманды емдейтін дәрігер қан сараптамасын тағайындайды. Студенттер болса
тағылымдамадан өтушілердің рөлінде болып, талдауға көмектесуді сұрайды.
Кейс тапсырмалары:
1)
Эксперименттік деректерді қолданып, белгісіз қосылыстың құрамын анықтау.
2)
Қосылыстың эмпирикалық формуласын оның элементтік құрамының көмегімен
анықтау.
3)
Фармацевтикалық
препараттарды
бақылаусыз
пайдаланудың
салдарын
қарастырып,талдау жасау.
4)
Негізгі әдебиеттерді іздеуді орындау және дереккөздерді бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: