Атты Республикалық ғылыми конференция материалдарының жинағы 4 сәуір 2022 жыл



Pdf көрінісі
бет259/414
Дата27.04.2022
өлшемі12,12 Mb.
#141094
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   414
Байланысты:
collection-of-the-conference-chemistry

Зерттеу нәтижелері 
Бұл жағдайда сюжеттік мини-кейсті қолданылады,оның көлемі екі сағаттық 
семинарлар кезінде талданады.Сабақ жалпы пікірталас түрінде өтеді. Фотосуреттер немесе 
видео пайдаланып,нақты адамдар және нақты өмірдегі жағдайларды сипаттайтын сюжет 
беріледі. Бұл студенттерде кейс кейіпкерлеріне деген жанашырлықты оятады және шынайы 
тәжірибеден өткендей болады.Сабақтар өте эмоционалды өтеді.
 
Кейсті 3-5 студенттен тұратын студенттік топтар шешеді.Тапсыру мерзімі барлық 
тиісті тұжырымдамалар айтылғаннан және аудиторияда таныстырылғаннан кейін 
анықталады.Сонымен қатар кейстер туралы қосымша ақпараттар және материалдар беріледі. 
Бұл жағдай бірінші курс студенттеріне стехиометриялық заңдар тақырыбын 
өткеннен кейін беріледі.Сабақтың бір бөлігінде студенттер талдауды бастайды, егер бұл 
уақытта кейс шешілмесе,команда сыныптан тыс уақытта да жұмыс істей алады. 
Студенттерге ауруханадағы тестілеу туралы мәліметтерді ұсынады,олар бұл ақпараттарды 
дәрілік заттың элементтік-массалық құрамын анықтау үшін пайдалана алады. Бұл нәтижелер 
көмегімен студенттер заттың эмпирикалық және молекулалық формулаларын тауып оның 
қасиеттерін зерттейді. 
Студенттер кейсті талқылайды және шешім ұсынады, содан кейін олар графикалық 
түрде қағазға немесе тақтада көрсетеді. Студенттерге олардың көрнекі жазбалары анық және 
қысқа болуы керек, ұзақ сөйлемдер қабылданбайтынын ескерту қажет.Содан кейін әр топ 
өздерінің презентацияларын ұсынады. 
Презентация (бір топқа 15 минут) 
Әр топ өз шешімін басқа топтар алдында ұсынады,бұл шамамен 15 минутты алуы 
керек және осы уақыт аралығында сұрақтарға да жауап берілуі тиіс.Студенттер басқа 


230
топтарға сұрақтар дайындайды.Сабақтың бұл бөлігіақпарат алмасу ретінде қарастырылады 
және жүргізуші бірнешебір рет бір мәселенің талқыланбауын қадағалау керек. Және әрбір 
студент белсенді қатысуы үшін,барлығына бірдей уақыт қарастырылады. 
Талқылау (30 минут) 
Сабақтың бұл бөлімінде студенттер әртүрлі тұжырымдарды салыстырады және 
талқылайды. Әр адамды талқылауға қатысу үшін ынталандыру керек.Үй тапсырмасы ретінде 
студенттерге өткізілген талқылаудың хаттамаларын жазу ұсынылады.Хаттамаларды 
студенттер топтарда дайындап,өз идеяларын жазбаша түрде біріктіре алады. 
Өткізілген сабақты талдау 
Case әдісі бойынша өткізілген сабақтардың барлығын студенттердің ауызша 
сөйлеген сөздерінде қолданған лексиканы, дағдыларды (бұл жағдайда жиналыстар мен 
презентацияларды өткізу дағдылары) және құжаттар мен жазбаша хабарламалар тілі 
(бейнелеу құралдары, күн тәртібі, жиналыс хаттамалары) арқылы қортындылау қажет. 
Бақылаушы кейстермен сабақ ұйымдастырған кезде нақты бағалау критерийлерінің 
болуы маңызды.Берілген кейс тапсырмаларын бағалау критерийлері төмендегідей бола 
алады: 
- жағдайды талдаудың толықтығы (үстірт немесе терең талдау); 
- тапсырманы орындаудың толықтығы (жағдайдың себептерін анықтау, 
жолдарды ұсыну және шешу); 
- шешу жолының ерекшелігі; 
- білім алушылардың белсенділігі; 
- өз пікірін дәлелдей білу; 
- баяндаудың қысқалығы, нақтылығы және қисындылығы; 
- кейстік жағдайларды шешуде теориялық білімді қолдану; 
- пікірталас этикасы, сұрақтардың, жауаптардың,пікірлердің сапалылығы; 
- кейстік жағдайды дұрыс шешу. 
Мұндай критерийлерді бағалаудың жолдары төмендегі кестеде келтірілген (кесте 1). 
Кесте 1 
Бағалау жолдары 
Балдық жүйемен 
4 балл 
3 балл 
2 балл 
0-1 балл 
Әріптік жүйемен 




Үздік 
Жақсы 
Қанағаттанарлық 
Қанағаттанарлықсыз 
4 балл немесе А – білім алушы барлық берілген мәліметтерге назар 
аударған,тапсырмаларға толық жауап берген, тиімді жауапты таңдап оған талдау жасай 
алады. 
3 балл немесе В –білім алушы кейс мақсатын түсінеді,дұрыс іс – әрекет таңдай 
алады,бірақ теориялық білім жетіспейді осының әсерінен кейсті шешуде аздаған қателіктер 
бар. 
2 балл немесе С -білім алушы кейспен және тапсырмалармен танысқан бірақ неден 
бастарын білмейді, кейс шешімін қателіктермен береді.
0-1 балл немесе F – жауап мүлдем жоқ,білім алушы кейсті түсінбеген,тапсырмаларға 
назар аудармаған. 
Білім алушыларды неғұрлым объективті бағалау үшін тәуелсіз сарапшылар 
шақырылуы мүмкін, олардың функцияларын оқытушылар, докторанттар немесе 
магистранттар орындай алады.Студенттердің жұмысын бағалаудың басқа нұсқалары топ 
ішіндегі өзін-өзі бағалау, осы топтың құрамына кіретін бақылаушының бағалауы, дауыс беру 
арқылы "үздік талдаушы", "үздік ұйымдастырушы", "ерекше шешім үшін" және т. б. 


231
таңдалуы мүмкін. Бұл жағдайда білім алушылардан әлеуметтік жұмыс дағдылары,ұжымда 
жұмыс жасау және өзін-өзі бақылау дағдыларына мән беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   414




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет