Формула жазу, теңдеу құру
Оқушылар сабақ барысында қорытынды жасап, төмендегі қосымша белгілерді қояды.
2 K + O
2
= 2 KO
формула құруда, валенттік қате жібердім
2 Na + H
2
O = 2 NaOH
Реакция нәтижесінде түзілген заттардың формуласын дұрыс
жазбағандықтан теңестіруде қателік жібердім
Ca + S = Ca S
қателік жібергем жоқ.
Оқушы өзінің орындаған тапсырмаларына қорытынды жасап, осылай белгілеу жасауға
үйрету, алған білімін еске сақтауына, тиянақтауына оң әсер етеді.
4.Ассоциация әдісі (біріктіру әдіс-тәсілі).
Бұл әдіс-тәсілді жаңа сабақ үйретуде қолдану тиімдірек. Сабақта, оқушы мұғалімнің
міндетін атқарады.
1.Алдымен зерттейтін сабақты бірнеше негізгі тақырыптарға бөлеміз
2.Негізгі тақырыптар санына қарай оқушыларды 1-4 ке дейн санатып негізгі топты
ұйымдастыру.
3.Негізгі топтағы барлық бірді атаған, барлық екіні атаған дегендей оқушылар бірігіп
эксперттік топ құрылады.
4.Әрбір эксперт тобына бір- бір негізігі тақырыптан беріледі тақырыптың түп нұсқасын
оқып, ең оңтайлы жолмен мәтінді өздері жақсы түсініп алады.
5.Түсінгенін басқаларға түсіндіретін әдіс-тәсіл қолданып, әңгімелесіп, мазмұнын
суретпен немесе тірек сөздер арқылы жазбаша үлкен қағазға жасайды. Оқушылар дәптерге
де жазып алуы керек. Мұғалім оларға қажетті материалдар, оқу жабдықтарымен
қанымдайды.
6.Эксперт тобының оқушлары өздерінің бастапқы негізгі тобына келіп, оқып білгенін
басқаларға үйретеді.
7. Эксперт тобының үйреткен сабағына қорытынды жасап, қайсысы жақсы түсінікті
түрде үйретті, несімен артықшылығы бар дегенді әңгімелеседі.
8. Соңында мұғалім қорытынды жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |