304
Толықтыру тест - бұл нүктелермен, бос орынмен белгіленген жетіспейтін сөйлем
(сандар, формулалар және т.б.), сондықтан осы типтегі тест тапсырмасына жауап өте қысқа
және бір мәнді болуы керек [4].
Толықтыру тестін Learningapps арқылы жасау өте ыңғайлы, және білім алушы бос
орындағы сөзді дұрыс орындағанын бірден көруге мүмкіндігі болады. Электролиттік
диссоциация бөліміне толықтыру тестін жасау үшін сайтқа өтіп, тіркелу керек. Тіркелген
соң «Жаңа тапсырма» тетігін басыңыз, сол кезде сізге жиырма интерактивті жаттығуғалар
шығады. Соның ішінен «бос орынды толтыру» тапсырмасын басыңыз, сізге жасау үлгісі
шығады. Сіз сол үлгілерді көріп болған соң «жаңа тапсырма әзірлеу» тетігін басыңыз. Ең
алдымен тапсырманы қалай орындау керек екенін көрсетіңіз. Бұл жерде сіз аудио, видеоны
бастапқы материал ретінде беруіңізге болады. Одан кейін тапсырманы мәтінді енгізу арқылы
жазасыз, ал бос орынды қалтырып кету үшін -1-, -2- ... деп жазып кетесіз. «Сөздерді орнына
қою» бөлімінде әр бос орынға сөздерді жазасыз. Мысалы: -1- электролиттік диссоциация, -2-
электролит, -3- бейэлектролит, -4- С. Аррениус, -5- қышқылдар, -6- негіздер, -7- тұздар.
«Көмек» бөлімінде оқушыға толтыруға көмек беретін мәліметтерді енгізуге болады немесе
ол бөлімді бос қалдыруға да болады. Ең соңында оқушы дұрыс орындаған болса кері
байланыс ретінде мақтау сөздерін жазып, тапсырманы сақтаңыз. Оқушыларға сілтемесін
немесе QR-коджіберуге болады.Тапсырма оқушыларғабойынша көрсетіледі(3 сурет).
Достарыңызбен бөлісу: